Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ЕЭК СУБСИДИЯЛАРЫ: МЕХАНИЗМ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin by admin
28 августа, 2025
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ЕЭК СУБСИДИЯЛАРЫ: МЕХАНИЗМ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы бірлескен жобаларды қаржыландыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді. Шара Алматы мен Астанада өтіп, оған мемлекеттік органдардың, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК), «Атамекен» ҰКП-ның, ҚР Мәжіліс депутаттарының, салалық қауымдастықтардың, халықаралық сарапшылардың және 200-ден астам қазақстандық компанияның өкілдері қатысты.

Байланысты

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда

Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

Кездесудің басты тақырыбы – ЕЭК енгізген жаңа механизм. Бұл жүйе бойынша ЕАЭО елдерінің кәсіпорындары бірлескен жобаларды іске асыру үшін алған несие мен қарыздардың пайыздық мөлшерлемесін ЕЭК бюджеті субсидиялайды. Қатысудың негізгі шарты – өнеркәсіптік кооперация: жобаға кемінде үш мүше елдің компаниялары қатысуы қажет. Бағдарламаға қатыса алатын салалардың тізімі ЕЭК сайтында жарияланған. Қатысушыларға алғашқы мақұлданған жобалардың мысалдары көрсетілді, олардың нәтижелері қазірдің өзінде көріне бастады.

ЕЭК-тің Өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені жөніндегі министрі Гоар Барсегян бұл құралдың тиімділігін атап өтті:

«Маңыздысы – механизм қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жұмыс істеп тұр. Ол кәсіпорындарға жеңілдетілген қаржыландыру алуға және өндірісті кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүгінде қолдау алған алғашқы жобалар іске қосыла бастады».

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков те пікір білдірді:

«Қаржыландыру тетігі пилоттық жобалар арқылы сынақтан өтті және енді көптеген компанияға қолжетімді. Енді басты мақсат – қазақстандық кәсіпорындар осы мүмкіндікті кеңінен пайдалануы. Механизм бизнес қойған міндеттерге қарай жетілдіріледі. Ең бастысы – жаңа өндірістерді іске қосу кәсіпорындарға қолжетімді болуы қажет. Бұл құрал осыған көмектесуі тиіс».

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» президенті Анар Макашева дөңгелек үстелдің негізгі мақсатына тоқталды:

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Қазір біздің басты міндетіміз – осы механизмнің қалай жұмыс істейтінін кәсіпорындарға түсіндіру. Қазақстаннан ұсынылған жобалар әзірге аз, көбіне ақпараттың жетіспеуінен. ЕЭК тарапынан жасалған толық түсіндірудің арқасында отандық компаниялар кооперациялық жобаларға белсендірек қатысады деп сенеміз».

Талқылау барысында айтылған барлық ұсыныстар мен пікірлерді ЕЭК өкілдері назарға алып, қарастыратын болды.

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым. 

ҚАО құрамына Қазақстандық автомобиль өндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автомобиль бөлшектерін өндірушілер қауымдастығы; Қазақстан импорттаушылар қауымдастығы; Бизнесті және кәсіпкерлікті дамыту қауымдастығы; Қоғамдық көліктер қауымдастығы; «QazAutoStandard» автокөлік сарапшылары мен аудиторлар қауымдастығы; Қазақстан автодилерлер қауымдастығы кірді.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Мал бордақылау алаңдарына 23,3 млрд теңгеге жеңілдетілген несиеге өтінім берілді

Келесі жаңалық

Астанада Solve For Tomorrow 2025 жыл сайынғы стартап байқауының финалы өтті

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ
Категориясыз

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

16 июня, 2026
«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда
Категориясыз

«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда

16 июня, 2026
Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады
Категориясыз

Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

16 июня, 2026
Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі

16 июня, 2026
Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты
Категориясыз

Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты

15 июня, 2026
Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді
Категориясыз

Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді

15 июня, 2026
Келесі жаңалық
Астанада Solve For Tomorrow 2025 жыл сайынғы стартап байқауының финалы өтті

Астанада Solve For Tomorrow 2025 жыл сайынғы стартап байқауының финалы өтті

Altyn Bank пен Жолаушылар тасымалы саяхатшыларға 25% дейін пайда беретін карта шығарды

Altyn Bank пен Жолаушылар тасымалы саяхатшыларға 25% дейін пайда беретін карта шығарды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Президент Үкіметті отставкаға жіберді

Президент Үкіметті отставкаға жіберді

5 февраля, 2024
Қарағандыда балалардың жаппай улануы: бүгін тағы екі бала ауруханадан шығады

Қарағандыда балалардың жаппай улануы: бүгін тағы екі бала ауруханадан шығады

3 августа, 2023
Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан қаласына локдаун енгізіледі

15 марта, 2021

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ
  • «Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда
  • Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.