Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Алматыда еліміздің оңтүстік өңірінде алғаш рет Farapulse Ablation технологиясы бойынша жүрекке бірегей ота жасалды

admin by admin
27 августа, 2025
Алматыда еліміздің оңтүстік өңірінде алғаш рет Farapulse Ablation технологиясы бойынша жүрекке бірегей ота жасалды

26-27 тамызда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында еліміздің оңтүстік өңірінде алғаш рет Farapulse Ablation ең соңғы технологиясы бойынша жүрекке бірегей ота жасалды. Бұл оқиға аритмияны емдеуде жаңа дәуірді ашады және Алматының инновациялық медицинадағы көшбасшы ретіндегі ұстанымын нығайтып, елдегі жоғары технологиялық медицинаны дамытудағы маңызды қадам болмақ және Қазақстанның емдеудің ең заманауи және қауіпсіз әдістерін енгізуге дайындығын дәлелдейді.

Байланысты

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

Операцияларды Загреб университеттік клиникасының (Хорватия) жетекші маманы Ведран Велагичтің қатысуымен институттың интервенциялық аритмологтары жасады.

«Алматыда Farapulse Ablation көмегімен операция жасау үлкен жетістік. Бұл біздің дәрігерлерге әлемдік озық жетістіктерді пайдалануға, емдеу сапасын арттыруға және аритмиядан зардап шегетін науқастарға үміт сыйлауға мүмкіндік береді», — дейді басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев.

Аритмологиялық қызметтің аға ординаторы Асылхан Паримбековтың айтуынша, Farapulse Ablation — жүрек ырғағының жиі кездесетін бұзылыстарының бірі болып табылатын жүрекшелер фибрилляциясын емдеудің революциялық әдісі. Радиожиілікті немесе криоабляцияны қолданатын дәстүрлі әдістерден айырмашылығы, Farapulse технологиясы қысқа, жоғары энергиялы электр өрісінің импульстарын пайдаланады.

«Бұл импульстар нақты дәлдікпен әрекет етіп, аритмияны тудыратын ауру жүрек жасушаларын ғана жояды. Қоршаған тіндер, соның ішінде нервтер мен өңеш зақымданбайды. Бұл тәсіл процедураны қауіпсіз, жылдам және тиімдірек етеді, операция уақытын қысқартады және науқастардың сауығуын тездетеді», — дейді дәрігер.

Жүрекшелердің фибрилляциясы — жүрекшелердің жылдам және тұрақты емес жиырылуымен көрінетін ең көп таралған аурулардың бірі. Оның ең қауіпті салдары — инсультке әкелетін қан ұйығыштарының пайда болуы. Аурудың жиілігі жас ұлғайған сайын артады – кейбір мәліметтер бойынша 50 жаста 1%-ға дейін, 65 жаста 6%-ға дейін, 80 жаста 6-15%-ға дейін. Бұл инсульт қаупін 4 есеге, кенеттен қайтыс болу қаупін 2 есеге дейін арттырады.

Алғашқы науқастардың бірі 56 жастағы әйел жүрекшелердің пароксизмальды фибрилляциясы, тахи-бради нұсқасы, ауыр асқыну қаупі өте жоғары ауыр гипертензиядан зардап шеккен. Клиникаға түскен кезде жалпы әлсіздік, физикалық жүктеме кезіндегі (2-қабатқа көтерілгенде) ентігу, 2-3 сағатқа дейін созылатын жылдам ырғақты жүрек соғу ұстамалары мазалаған.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Тағы бір науқас, 68 жаста, жүрекшелердің пароксизмальды фибрилляциясы, тахистоликалық нұсқа, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, 2022 жылы миокард инфарктіне шалдыққан, артериялық гипертензия, шығарылым фракциясы 34%-ға төмендеген жүректің созылмалы жеткіліксіздігі болған. Соңғы 3 жылда оған стент қойылған, маммаро және аортакоронарлық шунттау жасалған, кардиовертер дефибрилляторы имплантацияланған. Оның да осындай шағымдары болған.

2 күн ішінде 10 операция жасау жоспарлануда. Оталар МӘМС аясында тегін жасалады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматыда «Jas Camp» жастар лагері басталды: экология, көшбасшылық және жеке жауапкершілік

Келесі жаңалық

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 1,6 млн тоннадан астам қалдық жиналды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тыныс жолына бөгде зат түскен 10 айлық сәбидің өмірін сақтап қалды

11 июня, 2026
Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі  өз жұмысын бастады
Денсаулық

Қарағандыда Қазақстан нейрохирургтарының VI Конгресі өз жұмысын бастады

5 июня, 2026
Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады
Денсаулық

Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

28 мая, 2026
Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады
Денсаулық

Алматыда өткен мерейтойлық Ұлттық ІҚА форумы гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарын жинады

22 мая, 2026
Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда
Денсаулық

Астанада Kazakh Spine Days 2026 халықаралық білім беру курсы басталды: 100-ден астам нейрохирург жұлын нейрохирургиясының заманауи технологияларын талқылауда

16 мая, 2026
Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 1,6 млн тоннадан астам қалдық жиналды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 1,6 млн тоннадан астам қалдық жиналды

Мал бордақылау алаңдарына 23,3 млрд теңгеге жеңілдетілген несиеге өтінім берілді

Мал бордақылау алаңдарына 23,3 млрд теңгеге жеңілдетілген несиеге өтінім берілді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ұрлық жасады деген күдікпен 59 жастағы жамбылдық ұсталды

Алматыда полиция қызметкерлерінен тұратын қылмыстық топ құрықталды

8 февраля, 2021
Астанада Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған плац-концерт өтті

Астанада Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған плац-концерт өтті

24 декабря, 2025
ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып Қуаныш Ерғалиев тағайындалды

ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып Қуаныш Ерғалиев тағайындалды

24 июня, 2021

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты
  • Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай
  • Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.