Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

КИСИ GPS алаңында сарапшылар ҚР Конституциясының 30 жылдығын талқылады

admin by admin
25 августа, 2025
КИСИ GPS алаңында сарапшылар ҚР Конституциясының 30 жылдығын талқылады

2025 жылғы 25 тамызда Алматыда Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) «КИСИ GPS: GYLYM. PIKIR. SAYASAT» ұлттық сараптамалық алаңының отырысын өткізді. Отырыс Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналды.

Байланысты

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

Іс-шара барысында Ата заңның елдің саяси жаңғыруындағы және демократиялық институттарды нығайтудағы маңызы талқыланды. Әсіресе 2022 жылғы конституциялық реформаға ерекше назар аударылды. Оның нәтижесінде Конституцияның үштен бірі жаңартылып, Парламент пен мәслихаттардың өкілеттіктері кеңейтілді, Конституциялық Сот құрылды, сондай-ақ Президент өкілеттігі бір мерзіммен шектелді. Бұл өзгерістер қазақстандық мемлекеттіліктің және саяси жүйенің дамуының маңызды белесі болды.

Шара барысында ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина  Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ағымдағы жылдың 11 шілдесі мен 12 тамызы аралығында халық арасында жүргізілген жаппай сауалнама нәтижелерін жария етті. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалар – Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан респонденттер қатысты. Іріктеу көлемі 8000 респондентті құрайды.

Әлеуметтанулық сауалнамаға сәйкес респонденттердің 76,3 пайызы еліміздің Конституциясының мазмұнымен және негізгі ережелерімен таныс. Жас ерекшелігіне қарай жастар Конституцияның мазмұнынан көбірек хабардар екенін айта кеткен жөн. Осылайша, 18-29 жас аралығындағы респонденттердің 79,1%-ы Конституцияны жақсы біледі/оқыды немесе жалпы түсінікке ие. Одан кейінгі топтарда көрсеткіш келесідей: 30-45 жас (77,5%) және 46-60 жас (74,9%). 61 жастан жоғары (72,5%) егде жас тобында көрсеткіш салыстырмалы түрде төмен.

Сауалнама нәтижелері қазақстандықтардың саяси өзгерістер мен реформаларды жіті бақылайтынын көрсетті. Азаматтар оларды заң үстемдігін нығайту жолындағы маңызды қадамдар ретінде қабылдайды. 2022 жылғы конституциялық өзгерістер қоғам үшін маңызды болды, бұл азаматтардың осы реформалардың негізгі нәтижелері туралы хабардар болуының жоғары деңгейімен расталады. Осылайша, ұсынылған 15 бастаманың ішінде қазақстандықтар үшін ең маңызды үштікке мыналар кірді:

1. Президенттік өкілеттікті бір реттік 7 жылға өзгерту – 34,7%.

2. Жер, оның қойнауы және басқа да табиғи ресурстар халықтың айрықша меншiгi деген норманың бекітілуі – 27,8%.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

3. Конституциялық сотты құру – 23,9%.

Респонденттер келесідей нормаларды да еске алды:

— Мәжілістің санын 98 депутатқа дейін қысқарту (14,6%),

— өлім жазасын толығымен алып тастау (13,4%),

— Президентке, Конституциялық Соттың төрағалары мен мүшелеріне, Орталық сайлау комиссиясына, Жоғарғы есеп палатасына саяси партияларға мүшелікке шектеулер енгізу (13%);

— Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебе беру (10,3%),

— Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мен мәртебесін күшейту (9,7%)

— партиялық тізімдерге және мандаттарды бөлу кезінде әйелдерге, жастарға және мүгедектерге 30% квота енгізу (9,5%).

Осы бастамаларды іс жүзінде іске асыру тұрғысында «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын атап өткен жөн, оған сәйкес Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50%-ы 18 жасқа дейінгі балалардың жинақ шоттарына аударылады. Бұл ұлттық бағдарлама «Әділетті Қазақстан» қағидаттарына сәйкес табиғи ресурстардан түсетін табысты қайта бөлу арқылы өскелең ұрпақтың тұрақты болашағын нығайтуға және қамтамасыз етуге арналған.

Жалпы, зерттеу нәтижелері азаматтардың жоғары хабардар болуын да, 2022 жылғы конституциялық өзгерістерді қоғамның мақұлдағанын көрсетеді.

Үш жылдан кейін азаматтар конституциялық реформалардың маңыздылығын және олардың күнделікті өміріндегі оң әсерін атап өтеді. Соның нәтижесінде елімізде жүргізіліп жатқан реформалар қазақстандықтардың көпшілігі үшін жоғары құндылыққа ие. Жүзеге асырылып жатқан реформалар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының тиімділігін көрсете отырып, халықтың бүгінгі сұранысына жауап береді.

Қатысушылар реформалардың табысты жүзеге асуы қоғамның кең қолдауы мен олардың мәнін дұрыс түсінусіз мүмкін еместігін атап өтті. Осы орайда құқықтық мәдениетті қалыптастыру және Конституцияны мемлекеттік құрылымның негізі әрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде кеңінен насихаттау басты басымдық ретінде белгіленді.

КИСИ GPS жұмысына ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласындағы филиалының директоры Айнұр Идрисова, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары Ермек Тоқтаров, ҚР ҰҒА Білім және қоғамдық даму ғылымдары орталығының жетекшісі Жеңісбек Төлен және басқа да сарапшылар қатысты.

Отырыста Конституцияның рөлін нығайту, оның қағидаттарын талқылауға азаматтардың қатысуын кеңейту және бұл құндылықтарды күнделікті өмірге сіңіру – елдегі демократияны орнықты дамытудың басты шарттары екені атап өтілді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

БҚДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ НАРЫҒЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Келесі жаңалық

МИ ІШІЛІК ІСІК: НЕНІ БІЛУ КЕРЕК-АОО ОНКОЛОГЫ

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады
Категориясыз

Қазақмыс өндірісте цифрлық мониторингті дамытуды жалғастырады

15 мая, 2026
Жануарларға қамқор болуды бала кезден үйрету: Алматыда Purina «Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы қорытындыланды
Категориясыз

Жануарларға қамқор болуды бала кезден үйрету: Алматыда Purina «Біз – сенің достарыңбыз» бағдарламасы қорытындыланды

14 мая, 2026
Қазақстандағы саяжай маусымы: қала сыртындағы жылжымайтын мүлікке сұраныс қалай өсті
Категориясыз

Қазақстандағы саяжай маусымы: қала сыртындағы жылжымайтын мүлікке сұраныс қалай өсті

14 мая, 2026
Келесі жаңалық
МИ ІШІЛІК ІСІК: НЕНІ БІЛУ КЕРЕК-АОО ОНКОЛОГЫ

МИ ІШІЛІК ІСІК: НЕНІ БІЛУ КЕРЕК-АОО ОНКОЛОГЫ

«Silk Way Star» ШЫҰ елдерін біріктіреді: Бейжіңде халықаралық жоба басталды

«Silk Way Star» ШЫҰ елдерін біріктіреді: Бейжіңде халықаралық жоба басталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстандағы бизнестің кірісі тоқсанда 1 триллион теңгеге азайды

Қазақстандағы бизнестің кірісі тоқсанда 1 триллион теңгеге азайды

27 июня, 2023
Халыққа қатысатын бюджет» жобасы бойынша абаттандырылған алаңдар мен аулалар Алматы тұрғындарын қуантады

Халыққа қатысатын бюджет» жобасы бойынша абаттандырылған алаңдар мен аулалар Алматы тұрғындарын қуантады

4 декабря, 2024
Қазақстанға шетелдік инвестициялар: ақшаны кімдер инвестциялайды және ол жағдай нарыққа қалай ықпал етеді?

Қазақстанға шетелдік инвестициялар: ақшаны кімдер инвестциялайды және ол жағдай нарыққа қалай ықпал етеді?

28 апреля, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
  • АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
  • Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.