«Казахские страшные сказки»: халықаралық жетістіктен тұсаукесерге дейін

«Казахские страшные сказки»: халықаралық жетістіктен тұсаукесерге дейін

Фэнтези-детектив жанрындағы «Казахские страшные сказки»  сериалы Freedom Media стримингтік платформасы ұсынған жоба ретінде онлайн-көрсетілімге шықпай жатып-ақ халықаралық БАҚ, кинокритиктер мен кинофестивальдер тарапынан зор қызығушылыққа ие болды. Біз бұл сериал мен оның авторлары жайлы және не себепті халықаралық сыншылар мен кино қауымдастығынан жоғары бағаға ие болғанын айтып өтеміз.

Премьера

Сериал 2025 жылғы 17-шілде – 3-тамыз аралығында Канадaда өткен беделді Fantasia фестивалінде көрерменге ұсынылып, үлкен жаңалыққа айналды. Әлемнің түкпір-түкпірінен үздік хоррор, триллер және фантастика туындылары жиналатын бұл фестивальде «Казахские страшные сказки» алғаш рет халықаралық тұсаукесерін өткізіп, алғашқы үш бөлімі көрсетілді.

Фестивальдегі сәтті дебюттен кейін жобаға халықаралық баспасөз бен кинофестивальдердің назары ауды. SunshineStateCineplex, Vanessa’s Non Spoilers және Loud and Clear Reviews сынды беделді басылымдар кең көлемді рецензия жариялап, «Казахские страшные сказки» жылдың ең маңызды мәдени жаңалықтарының бірі әрі заманауи қазақ киносының айрықша жетістігі деп бағалады.

«Казахские страшные сказки» — әр бөлімі өз алдына жеке оқиғаға құрылған хоррор-антология. Бөлімдер қазақтың көне мифтері, наным-сенімдері мен отбасылық аңыздарға негізделген. Жобаның авторы — танымал режиссёр Әділхан Ержанов.

Халықаралық мойындау

Әлемдік басылымдар — Screen Daily, Screen Anarchy, Loud and Clear Reviews, Cinapse, The 25 Years Later Site, Coletivo Critico, Horror Press және басқалары бұл жобаны 2025 жылдың ең қатты күткен тұсаукесерлерді қатарына қосты.

Фестивальдерге қатысу

Сериал әлемнің ең беделді әрі ірі кинофестивальдерінде көрсетілді, бұл оның халықаралық кино индустриясындағы орнын көтеріп қана қоймай, шетелдік БАҚ-тың да қызығушылығын да оятты.

Мәдени жаңғырудың нышаны

«Казахские страшные сказки» — прокатқа шықпай тұрып-ақ әлемдік деңгейде бағаланған алғашқы қазақстандық стримингтік жоба. Ұлттық фольклорға сүйенген бұл сериал хоррор жанрының аясын кеңейтіп қана қоймай, Қазақстанды әлемдік көрерменге жаңа қырынан танытқан айтулы мәдени құбылысқа айналды.

Сыншылар бұл сериалды «Нағыз детектив» пен «Твин Пикс» секілді культті туындылармен салыстырады. Көрермендер оның серпінділігі мен бірегейлігін ерекше атап өтуде. Бұл ықпал қазақ фольклорының элементтері мен қиялды шынайылықпен шебер үйлестірген драматургиясының арқасында қалыптасқан. Басты кейіпкер тылсым зұлым күштерге ғана емес, Қазақстандағы жемқорлық жүйесін бейнелейтін адамдарға да қарсы тұрады.

Жобаның режиссёры Әділхан Ержанов сериалға шабытты америкалық драматург Род Серлингтің 1956 жылғы культті «Күлгін аймақ» (The Twilight Zone) туындысынан алғанын айтады. Сол секілді «Казахские страшные сказки» сериалы да — әр бөлімі жеке high-concept болып құрылған антология. Ержанов алғашқы синопсиске өзгерістер енгізіп, вертикалды сюжетке қоса горизонталды баяндауды да енгізген, бұл сериалдың көркемдік қуатын күшейте түсті.

Жобаның режиссері Ермек Өтегенов (суретші) пен Андрей Цирюльникпен (гриммер) бірлесе отырып, киноны жақсы түсінетін талғампаз көрерменнің назарын Голливудқа тән емес, табиғатымен ерекшеленетін құбыжықтар арқылы аударды. Мұнда CGI қолданылмайды, себебі бұл әлдеқайда қымбат: түрлі механизмдер, күрделі грим, аниматроника — ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын дүниелер.

Әділхан Ержанов бұл сериалдың жанрын dark-fantasy-detective деп атайды: мұнда құпия да, тылсым қараңғылық та, ертегі де бар.

Ертегілер — ауылдың түнгі тылсымынан, даланың тұманынан туындайды. Бұл — олдскулдық хоррор, яғни ертегінің нағыз табиғаты: есте қаларлық, қанды әрі әсерлі.
Түсірілім тобы қазақ фольклорын қазіргі қазақстандық шындықта қайта жандандыра алды.

Жобаны қазірдің өзінде «міндетті түрде көруге тиіс» деп атап жүр. Фестивальдер мен баспасөз тарапынан қызығушылық та оған дәлел: қазақ сериалы жергілікті нарықпен шектелмей, әлемдік деңгейде өзін көрсетуге дайын.