Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Мәдениет

«Казахские страшные сказки»: халықаралық жетістіктен тұсаукесерге дейін

admin by admin
22 августа, 2025
«Казахские страшные сказки»: халықаралық жетістіктен тұсаукесерге дейін

Фэнтези-детектив жанрындағы «Казахские страшные сказки»  сериалы Freedom Media стримингтік платформасы ұсынған жоба ретінде онлайн-көрсетілімге шықпай жатып-ақ халықаралық БАҚ, кинокритиктер мен кинофестивальдер тарапынан зор қызығушылыққа ие болды. Біз бұл сериал мен оның авторлары жайлы және не себепті халықаралық сыншылар мен кино қауымдастығынан жоғары бағаға ие болғанын айтып өтеміз.

Байланысты

Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

Almaty Museum of Arts мұражайында Йинки Шонибаренің мүсіні пайда болды

Домбыра күні СҚО ҚХА жаңа туған нәрестеге домбыра сыйлады

Премьера

Сериал 2025 жылғы 17-шілде – 3-тамыз аралығында Канадaда өткен беделді Fantasia фестивалінде көрерменге ұсынылып, үлкен жаңалыққа айналды. Әлемнің түкпір-түкпірінен үздік хоррор, триллер және фантастика туындылары жиналатын бұл фестивальде «Казахские страшные сказки» алғаш рет халықаралық тұсаукесерін өткізіп, алғашқы үш бөлімі көрсетілді.

Фестивальдегі сәтті дебюттен кейін жобаға халықаралық баспасөз бен кинофестивальдердің назары ауды. SunshineStateCineplex, Vanessa’s Non Spoilers және Loud and Clear Reviews сынды беделді басылымдар кең көлемді рецензия жариялап, «Казахские страшные сказки» жылдың ең маңызды мәдени жаңалықтарының бірі әрі заманауи қазақ киносының айрықша жетістігі деп бағалады.

«Казахские страшные сказки» — әр бөлімі өз алдына жеке оқиғаға құрылған хоррор-антология. Бөлімдер қазақтың көне мифтері, наным-сенімдері мен отбасылық аңыздарға негізделген. Жобаның авторы — танымал режиссёр Әділхан Ержанов.

Халықаралық мойындау

Әлемдік басылымдар — Screen Daily, Screen Anarchy, Loud and Clear Reviews, Cinapse, The 25 Years Later Site, Coletivo Critico, Horror Press және басқалары бұл жобаны 2025 жылдың ең қатты күткен тұсаукесерлерді қатарына қосты.

Buy JNews
ADVERTISEMENT
  • Screen Daily (Ұлыбритания) сериалды «жанрлық бумға қосылған маңызды үлес» деп атап, бүгінгі алаңдаулы ортаның контексінде оның өзектілігін ерекше көрсетті.
  • Loud and Clear Reviews (халықаралық онлайн-басылым) «қорқыныш пен мәдени кодтың ерекше үйлесімін» айта отырып, «Казахские страшные сказки» сериалын Fantasia 2025 фестивалінің басты must-see жобаларының қатарына енгізді. Басылым сериалды фольклорлық хоррор, нео-нуар және қара әзіл элементтерін тоғыстырған туынды ретінде сипаттады.
  • Cinapse (АҚШ) жобаны «фольклорлық хоррорға инновациялық көзқарас» деп бағалап, режиссёрдің авторлық оптикасы арқасында «мифтер мен мистиканың тартымды үйлесімін» атап өтті.
  • The 25 Years Later Site (халықаралық онлайн-басылым) сериалдың «бірегей ұстанымын» ерекшелеп, оның халықаралық аудиторияны қызықтырарына сенім білдірді.
  • Coletivo Critico (АҚШ) жобаны «қазақ киносы үшін маңызды қадам» деп атады.
  • Horror Press (АҚШ) сериалды жанр жанкүйерлері үшін «міндетті түрде көруге тиіс хоррор-антология» деп сипаттады.
  • Screen Anarchy (Канада) жобаны Fantasia фестивалінің басты тұсаукесерлерінің қатарына енгізді.

Фестивальдерге қатысу

Сериал әлемнің ең беделді әрі ірі кинофестивальдерінде көрсетілді, бұл оның халықаралық кино индустриясындағы орнын көтеріп қана қоймай, шетелдік БАҚ-тың да қызығушылығын да оятты.

  • Fantasia International Film Festival (17-шілде – 3-тамыз 2025, Монреаль) — жобаның әлемдік тұсаукесері Selection 2025 секциясында өтті. Сериалды режиссёр Әділхан Ержанов пен актриса Анна Старченко таныстырды.
  • L’Étrange Festival (2–13 қыркүйек 2025, Париж) — Франциядағы ең көне жанрлық фестиваль. Ұраны: «ерекше, бірегей, сирек әрі құнды фильмдер фестивалі».
  • Seriesly Berlin (15–18 қыркүйек 2025, Берлин) — цифрлық өнер мен креативті технологияларға арналған фестиваль. Мұнда «Казахские страшные сказки» жергілікті мәдениетті заманауи визуалды тәсілдер арқылы жаңа қырынан көрсету үлгісі ретінде ұсынылады.
  • Slash Film Festival (18–28 қыркүйек 2025, Вена, Австрия) — Австриядағы фантастикалық киноның жетекші фестивалі. Жыл сайын мұнда 70-ке жуық іріктелген толықметражды және қысқаметражды фильмдер ұсынылады. Олардың қатарында хоррор, ғылыми фантастика, фэнтези және анимация жанрлары бар. Көрсетілімдер әрдайым ұлттық тұсаукесер түрінде өтіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленеді.

Мәдени жаңғырудың нышаны

«Казахские страшные сказки» — прокатқа шықпай тұрып-ақ әлемдік деңгейде бағаланған алғашқы қазақстандық стримингтік жоба. Ұлттық фольклорға сүйенген бұл сериал хоррор жанрының аясын кеңейтіп қана қоймай, Қазақстанды әлемдік көрерменге жаңа қырынан танытқан айтулы мәдени құбылысқа айналды.

Сыншылар бұл сериалды «Нағыз детектив» пен «Твин Пикс» секілді культті туындылармен салыстырады. Көрермендер оның серпінділігі мен бірегейлігін ерекше атап өтуде. Бұл ықпал қазақ фольклорының элементтері мен қиялды шынайылықпен шебер үйлестірген драматургиясының арқасында қалыптасқан. Басты кейіпкер тылсым зұлым күштерге ғана емес, Қазақстандағы жемқорлық жүйесін бейнелейтін адамдарға да қарсы тұрады.

Жобаның режиссёры Әділхан Ержанов сериалға шабытты америкалық драматург Род Серлингтің 1956 жылғы культті «Күлгін аймақ» (The Twilight Zone) туындысынан алғанын айтады. Сол секілді «Казахские страшные сказки» сериалы да — әр бөлімі жеке high-concept болып құрылған антология. Ержанов алғашқы синопсиске өзгерістер енгізіп, вертикалды сюжетке қоса горизонталды баяндауды да енгізген, бұл сериалдың көркемдік қуатын күшейте түсті.

Жобаның режиссері Ермек Өтегенов (суретші) пен Андрей Цирюльникпен (гриммер) бірлесе отырып, киноны жақсы түсінетін талғампаз көрерменнің назарын Голливудқа тән емес, табиғатымен ерекшеленетін құбыжықтар арқылы аударды. Мұнда CGI қолданылмайды, себебі бұл әлдеқайда қымбат: түрлі механизмдер, күрделі грим, аниматроника — ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын дүниелер.

Әділхан Ержанов бұл сериалдың жанрын dark-fantasy-detective деп атайды: мұнда құпия да, тылсым қараңғылық та, ертегі де бар.

Ертегілер — ауылдың түнгі тылсымынан, даланың тұманынан туындайды. Бұл — олдскулдық хоррор, яғни ертегінің нағыз табиғаты: есте қаларлық, қанды әрі әсерлі.
Түсірілім тобы қазақ фольклорын қазіргі қазақстандық шындықта қайта жандандыра алды.

Жобаны қазірдің өзінде «міндетті түрде көруге тиіс» деп атап жүр. Фестивальдер мен баспасөз тарапынан қызығушылық та оған дәлел: қазақ сериалы жергілікті нарықпен шектелмей, әлемдік деңгейде өзін көрсетуге дайын.

 

 

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

2024 жылғы Президент Жолдауы: автожолдарды жаңғырту, әуежайлар салу және Транскаспий бағыты қалай дамуда

Келесі жаңалық

FlyArystan күз-қыс маусымына арналған әуебилеттерінің сатылымын ашты

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті
Категориясыз

Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

15 ноября, 2025
Almaty Museum of Arts мұражайында Йинки Шонибаренің мүсіні пайда болды
Мәдениет

Almaty Museum of Arts мұражайында Йинки Шонибаренің мүсіні пайда болды

22 августа, 2025
Домбыра күні СҚО ҚХА жаңа туған нәрестеге домбыра сыйлады
Мәдениет

Домбыра күні СҚО ҚХА жаңа туған нәрестеге домбыра сыйлады

7 июля, 2025
SATISFACTION 2025: Алматыдағы жаздың ең басты музыка фестивалі
Мәдениет

SATISFACTION 2025: Алматыдағы жаздың ең басты музыка фестивалі

26 июня, 2025
Отандық өнерпаз Әйгерім Алтынбек «Ла Скала» театры академиясының тағылымдамасына қабылданды
Мәдениет

Отандық өнерпаз Әйгерім Алтынбек «Ла Скала» театры академиясының тағылымдамасына қабылданды

24 июня, 2025
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 91-маусымын қорытындылайды: «Абай» операсы және «Аққулар көлі» балеті
Мәдениет

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 91-маусымын қорытындылайды: «Абай» операсы және «Аққулар көлі» балеті

12 июня, 2025
Келесі жаңалық
FlyArystan күз-қыс маусымына арналған әуебилеттерінің сатылымын ашты

FlyArystan күз-қыс маусымына арналған әуебилеттерінің сатылымын ашты

Air Astana қазақстандық жасөспірімдерді қанаттандыруды жалғастыруда

Air Astana қазақстандық жасөспірімдерді қанаттандыруды жалғастыруда

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте 90 адам коронавирустан емделді

Қазақстанда өткен тәулікте 90 адам коронавирустан емделді

1 ноября, 2020
Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді

Қалың қар жаууына байланысты алматылықтарға ескерту жарияланды

12 января, 2021
Екі облыста карантин режимі күшейтілді

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 789 адам жұқтырған

12 декабря, 2020

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Талаптарды тағайындау бойынша ҚҚС: Неліктен инкассаторлар мен салық органдары келіспейді?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вейптердің заңсыз онлайн-саудасы: «Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы аясында зерттеу жүргізілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Alatau City Garant тайфуннан зардап шеккен құрғақ жүк үшін 520 000 АҚШ долларын төледі

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Білім берудегі жасанды интеллект: ресми стандарт бар-енді оны дұрыс енгізу маңызды
  • Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті
  • Балалардың жоғалуын алдын алу бойынша әлеуметтік науқан «ADASQAN» сериалының тұсаукесерімен басталды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.