---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/08/22/flyarystan-k%d2%afz-%d2%9bys-mausymyna-arnal%d2%93an-%d3%99uebiletterini%d2%a3-satylymyn-ashty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# FlyArystan күз-қыс маусымына арналған әуебилеттерінің сатылымын ашты

![FlyArystan күз-қыс маусымына арналған әуебилеттерінің сатылымын ашты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/08/photo_2025-08-22_14-18-24.jpg)

**Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2025-2026 жылғы күзгі-қысқы маусымына арналған әуебилеттерінің сатылымының ашылғанын хабарлайды. **

Авиация саласында күзгі-қысқы навигация дәстүрлі түрде қазан айының соңында басталып, наурыз айының соңына дейін жалғасады. Бұл маусымда мектеп демалыстары мен бірқатар мерекелер қамтылады, сондықтан FlyArystan жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлауды ұсынады.

Әуебилеттерін және қосымша қызметтерді ерте брондау – ұшудың ыңғайлы күндері мен уақытын таңдауға, сондай-ақ тиімді тарифтер арқылы үнемдеуге мүмкіндік береді. Лоукостерлердің басым бөлігі секілді, FlyArystan-да да динамикалық баға белгілеу жүйесі қолданылады, яғни, билет құны сатып алу күні мен сұраныс деңгейіне байланысты өзгереді. Сәйкесінше, ең қолжетімді тарифтер дәстүрлі түрде ерте брондау кезінде ұсынылады.

Сапарларды алдын ала жоспарлау мен қолжетімділікті басты назарда ұстай отырып, FlyArystan 2025-2026 жылғы күз-қыс маусымында жолаушыларына Қазақстан ішінде және шет елдерге жайлы бағыттардың кең таңдауын ұсынады. Қазіргі уақытта 56 ішкі және 14 халықаралық бағытқа билет сатылымы ашық. Қолжетімді бағыттармен әуекомпанияның ресми сайтында танысуға болады.

Әуебилеттерін ресми сайттан, FlyArystan мобильді қосымшасынан және басқа да сату арналары арқылы сатып алуға болады. Стандартты билетке әуе кемесіндегі кездейсоқ бір орын және салмағы 5 кг, өлшемі 56×23×36 см болатын бір қол жүгі кіреді.

***FlyArystan******туралы******:***

*FlyArystan – FlyArystan – Air Astana**тобының**100%**еншілес* *компаниясы* *болып* *табылатын* *қазақстандық* *лоукостер**.**Ол* *өз* *қызметін**2019**жылдың* *мамыр* *айында* *бастады**. 2025**жылдың* *қаңтар* *айынан* *бастап**FlyArystan**өз* *сертификатымен**, FS**коды* *бойынша* *тәуелсіз* *әуекомпания* *ретінде* *қызмет* *көрсетуде**.**Әуекомпания* *Алматы**,**Астана* *және* *Ақтау* *қалаларында* *орналасқан* *базаларындағы* *заманауи**A320**ұшақтарынан* *құралған* *әуе* *паркімен* *кең* *ауқымды* *маршруттар* *желісі* *бойынша* *рейстер* *орындайды**. FlyArystan**маршруттар* *желісі* *ішкі* *және* *халықаралық* *рейстерді**,**сондай**—**ақ* *чартерлік* *бағыттарды* *қамтиды**. FlyArystan 2023, 2024**және**2025**жылдары* *үш* *рет**Skytrax World Airline Awards**тарапынан* *Орталық* *Азия* *және* *ТМД**—**ның* *ең* *үздік* *бюджеттік* *әуекомпаниясы* *деп* *танылды**.*

---

Жарияланды: 2025-08-22T09:20:53+06:00

Жаңартылды: 2025-08-22T09:20:53+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/08/22/flyarystan-k%d2%afz-%d2%9bys-mausymyna-arnal%d2%93an-%d3%99uebiletterini%d2%a3-satylymyn-ashty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.