---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/08/20/%d2%9br-avto%d3%a9nerk%d3%99sibi-2025-zhyl%d2%93y-zheti-aj-%d2%9borytyndysy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2025 ЖЫЛҒЫ ЖЕТІ АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

![ҚР АВТОӨНЕРКӘСІБІ: 2025 ЖЫЛҒЫ ЖЕТІ АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/08/ab5u018nbp9krhx8jbg9vqvdulhoapssqarrzwb3.jpeg)

**ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше 2025 жылы шілдеде елде жалпы құны 164,9 млрд теңгені құрайтын 11 765 бірл. дөңгелекті техника шықты, былтыр осы уақытта 100.9 млрд теңгелік 7 839 бірл. машина жасалған (+50,1%).**

Жалпы жеті айда кәсіпорындар **1,16 трлн теңгеге 83 259** бірл. техника құрастырды. 2024 жылғы қаңтар мен шілде аралығында өндіріс көлемі **16,7%**ұлғайып, машинажасау саласындағы үлесі **40,7%-ға**жетті.

Елдегі зауыттар көптеп шығаратын көлік түрі – жеңіл автомобиль (**75 406**бірл.; **+19%**). Сонымен қатар **4091** бірл. (**-10,5%**) жүк көлігі мен **1 361** автобус (**+5,5%), 1948**бірл. тіркеме мен жартылай тіркеме және **453** бірл. басқа техника түрі жасалды.

**Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті:** *«Қазақстанның автоөнеркәсібі мыңдаған маманның еңбегімен дамып келеді: бүгінде бұл салада 8 мыңнан астам адам қызмет етіп жатыр. Әрбір жаңа автомобиль – олардың кәсіби біліктілігі мен заманауи технологияларды енгізудің нәтижесі. Өндіріс көлемінің артуы отандық автоөнеркәсіптің позициясын нығайтып, кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Алда екі жаңа өндіріс орнын іске қосу жоспарланып отыр, бұл бес мыңнан астам жұмыс орнын құрып, көлікпен байланысты басқа салаларға қосымша серпін береді».*

**«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО)**берген мәліметке сүйенсек, алғашқы жеті айда Қостанайдағы **Allur** **45 756**бірл. техника өндірді (**+6,9%**). Алматыдағы зауыттар (**Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty**) **31 245**бірл. жеңіл және коммерциялық техника құрастырды (**+41,8%**). Семей (**СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) 2 413**бірл. коммерциялық көлік жөнелтсе (**-17,5%**), Қарағандыда орналасқан **QazTehna 976**бірл. техника жасады (+**28,1%**). Көкшетауда (**КАМАЗ-Инжиниринг**)**739** бірл. коммерциялық автомобиль конвейерге тұрды (**+34,6%**). Басқалары **2 130** бірл.машина шығарды.

2025 жылдың қаңтары мен шілдесі аралығында аса танымал болған бес бренд (*экспортты қосқанда*): **Hyundai** (**30 850**бірл.), **Chevrolet** (**16 598**бірл.), **Kia** (**14 856**бірл.), **Jetour** (**7 116**бірл.) және **Jac** (**5 641**бірл.). Модельдер қатарында **Chevrolet Cobalt** (**13 628**бірл.), **Hyundai Tucson** (**11 849**бірл.), **Kia Sportage** (**6 999**бірл.), **Hyundai Elantra** (**4 905** бірл.) және **Hyundai Mufasa** (**4 636**бірл.) басым.

**Анықтама:**

*«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.** *

*ҚАО құрамына Қазақстандық автомобиль өндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автомобиль бөлшектерін өндірушілер қауымдастығы; Қазақстан импорттаушылар қауымдастығы;* *Бизнесті және кәсіпкерлікті дамыту қауымдастығы; Қоғамдық көліктер қауымдастығы;* *«**QazAutoStandard**»**автокөлік сарапшылары мен аудиторлар қауымдастығы;* *Қазақстан автодилерлер қауымдастығы**кірді.*

*Фото: primeminister.kz*

 

---

Жарияланды: 2025-08-20T09:07:44+06:00

Жаңартылды: 2025-08-20T09:07:44+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/08/20/%d2%9br-avto%d3%a9nerk%d3%99sibi-2025-zhyl%d2%93y-zheti-aj-%d2%9borytyndysy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.