Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Ұшақ неге күтпейді немесе рейске кешіксеңіз не болады?

admin by admin
19 августа, 2025
Ұшақ неге күтпейді немесе рейске кешіксеңіз не болады?

Авиация саласында әр минут маңызды. Әуежайда ұшуға дейін орындалатын барлық рәсімдер нақты регламентке сәйкес бекітілген және оларды кешіккен жолаушылар үшін өзгерту мүмкін емес.

Байланысты

Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды

Суд по делу Бажкеновой: несмотря на опровержение Генпрокуратуры, материал всё равно опубликовали

Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы жүйелі негізде артып келеді – «Sarap» клубының сарапшылары

Бұл туралы толығырақ FlyArystan өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Әуежайға алдын ала келуді жоспарлаңыз

Жолдағы кептеліс, ауа райы жағдайы немесе әуежайдың жүктемесі секілді факторлерді ескере отырып, жолаушыларға әуежайға ертерек келуге кеңес беріледі. Жолға шығу уақытын тіркеу бағанасында немесе өзіне қызмет көрсету терминалдарында ұшудан бірнеше сағат бұрын болатындай етіп жоспарлау қажет. Тіркеу аяқталғаннан кейін бірнеше минутқа кешігу де рейске отырғызуда мүмкін емес етеді*.

Тіркеудің жабылу уақыты

FlyArystan әуекомпаниясында ішкі және Қазақстаннан ұшатын халықаралық рейстерге жолаушыларды тіркеу және тіркелген жолжүкті өткізу ұшуға 40 минут қалғанда аяқталады. Шетелдік әуежайларда тіркеу ұшуға 60 минут қалғанда жабылуы мүмкін. Әрі қарай, тіркеу жүйесі жабылады және оған деректерді енгізу мүмкін болмайды. Бұл тек әуекомпаниясының ережесі ғана емес, Қазақстан Республикасының авиациялық стандарттары мен заңнамасының талабы болып табылады**.

Ұшуға дейінгі рәсімдер

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Тіркеу аяқталғаннан кейін жолаушылар туралы барлық ақпарат тиісті бөлімдерге жіберіледі. Сол мезетпен қатар қауіпсіздіктің маңызды қадамдарына жататын ұшуға дейінгі рәсімдер басталады. Бұл рәсімдердің уақыты қатаң регламенттелген және оларды өткізуге болмайды.

Сонымен қатар, жолаушылар шекаралық бақылау және ұшуға дейінгі тексеру секілді бірнеше маңызды кезеңнен өтеді. Ұшуға дейінгі тексеру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттар, қол жүгін тексеру және жеке қауіпсіздік бақылауы жүргізіледі. Әсіресе қарбалас уақытта бұл тексеру бірнеше минуттан жарты сағатқа дейін уақыт алуы мүмкін. Бұл рәсімнен өту міндетті және жеделдетілмейді, өйткені қауіпсіздік талаптары барлық жолаушыларға бірдей қолданылады. Шекаралық бақылау мен тексеруден тек бір әуекомпаниясының емес, барлық сапарға шыққан жолаушылар өтетіндіктен, қызмет көрсету жалпы кезек тәртібімен жүргізіледі.

Осыдан кейін жолаушыға ұшаққа отырғызу қақпасына (гейтке) өту қажет. Қақпа әуежайдың құрылымына байланысты ұшуға дейінгі тексеру нүктесінен айтарлықтай қашықтықта орналасуы мүмкін. Отырғызу да қатаң уақытпен шектеледі: жолаушы ұшуға 30 минут қалғанда қақпаның жанында болуы тиіс. Отырғызу аяқталған соң трап немесе телетрап алынады, әуе кемесінің есіктері жабылады, экипаж ұшуға дейінгі тексеруді бастап, қозғалтқыштар іске қосылады. Бұл кезеңде жолаушылар ұшақтан бірнеше қадам жақындықта болса да, рейске жіберілмейді.

Тіркеуге немесе отырғызуға бірнеше минут кешігу әуекомпаниясы мен әуежайдың жоспарланған жұмыс кестесін бұзуы мүмкін. Бұл кестенің артында көптеген үйлестірілген рәсімдер мен қызметтер тұр. Олар әр жолаушының және бүкіл рейстің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сондықтан кешіккен жолаушыны бекітілген кезеңдерден тыс кіргізу мүмкін емес.

Кестенің бұзылуы тек келесі рейстердің уақытына ғана емес, сонымен қатар рейске қызмет көрсететін ондаған бөлімшелердің жұмысына әсер етеді. Себебі рейс кезінде тек әуекомпанияның (ұшақтар, экипаж, жердегі қызметкерлер және т.б.) ғана емес, әуежайдың да (ұшу-қону жолағы, тұрақ, трап, автобустар, тіркеу орындары және т.б.), сондай-ақ шекаралық бақылау және басқа қауіпсіздік қызметтерінің ресурстары тартылады.

Лоукостерлер үшін бұл неге ерекше маңызды

FlyArystan қолданатын лоукост-модельде рейстердің көбі айналымдық принципі бойынша орындалады. Бұл ұшақ әуежайға қонып, небәрі 30 минуттан кейін келесі рейске ұшатынын білдіреді. Мұндай қысқа уақыт аралығы әуе кемесін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Әуе кемесінің әрбір жоспардан тыс тоқтап тұру минуты қосымша шығындарға және басқа бағыттардағы тізбекті кідірістерге әкелуі мүмкін. Оның салдарынан әуежайдағы бөлінген уақыт слоттарын жоғалтуға және билеттер бағасының қымбаттауына әкелуі ықтимал.

FlyArystan статистикасы

2024 жылғы деректер бойынша, әр рейске орта есеппен бес жолаушы отырғызуға келмейді. Оның ішінде кешіккендер де бар.

Жолаушы үшін кешігудің қаржылық салдары

Егер жолаушы рейске кешіксе немесе мүлде келмесе, оның әуебилеті жарамсыз болып қалады және қайтаруға немесе айырбастауға жатпайды. Билетті басқа рейске ауыстыру ішкі бағыттарда – ұшуға кемінде 2 сағат, халықаралық бағыттарда – кемінде 3 сағат қалғанда ғана мүмкін және бос орындар болған жағдайда жүзеге асырылады.

Рейске кешікпеу үшін пайдалы кеңестер

  • Ішкі рейстерге кемінде 2 сағат, халықаралық рейстерге 3 сағат бұрын келіңіз.
  • Әуежайға келген бойда тіркеуден өтіп, жолжүкті тапсырып, тексеруден өтіңіз.
  • Ерте рейстерге таксиді алдын ала тапсырыс беріп, кептелістен қашу үшін ең қолайлы маршрутты жоспарлаңыз.
  • Әсіресе халықаралық рейстерде ұшатын әуежайыңыздың жергілікті уақыт белдеуін нақтылап алыңыз.
  • Әуежайдағы ақпараттық тақтадан тіркеу және отырғызу уақытын, сондай-ақ отырғызу қақпасының нөмірін үнемі тексеріп отырыңыз: отырғызу уақыты мен қақпа нөмірі билетте көрсетілгеннен өзгеруі мүмкін.

FlyArystan жолаушыларға әуежайда кезекке тап болмау үшін ұшу алдында FlyArystan қосымшасы немесе www.flyarystan.com ресми сайты арқылы тегін онлайн-тіркеуден алдын ала өтуге кеңес береді. Лоукостер тасымалдаушы моделіне сәйкес әуежайда тіркеу мен қосымша жолжүкті рәсімдеу айтарлықтай қымбат болуы мүмкін, сондықтан барлық қызметті алдын ала онлайн рәсімдеген тиімді.

Тіркеу ұшуға 30 күн қалғанда (Қытай бағыттарындағы рейстерге тіркеу ұшуға 10 күн қалғанда) ашылады. Дегенмен, онлайн-тіркеуден өткен жағдайда да жолаушы ұшуға 30 минут қалғанда отырғызу қақпасының алдында болуы тиіс.

Осы ұсыныстарды сақтау барлық рәсімдерден асықпай өтуге, күйзелісті болдырмауға және сапарыңызды уақытында бастауға көмек болары анық.

*«FlyArystan» АҚ Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау және қосымша қызметтер көрсету қағидаларының 4-бөлімі, 19-бабы, 19.1-тармағына сәйкес.

**Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау қағидаларының 19.1-тармағына және жолаушылардың деректерін, құжаттары мен жолжүгін бортқа кіргізуге дейін толық тексеруді талап ететін ҚР заңнамасына сәйкес.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақстандықтар қандай машинамен жүреді: 2025 жылы ең көп сатылатын 10 автомобиль және оларға каско не үшін керек

Келесі жаңалық

Инвестициялық нарықтағы FOMO: қазақстандықтар хайптың ықпалына түсіп жүр ме?

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады
Категориясыз

Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды

7 августа, 2026
Сот: Сот отырысын жүргізу тілін таңдаған Темірлан Еңбесек…
Категориясыз

Суд по делу Бажкеновой: несмотря на опровержение Генпрокуратуры, материал всё равно опубликовали

6 августа, 2026
Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы жүйелі негізде артып келеді – «Sarap» клубының сарапшылары
Категориясыз

Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы жүйелі негізде артып келеді – «Sarap» клубының сарапшылары

6 августа, 2026
Алматыда өндірістік жарақаттану мен сақтандыру тәуекелдерін төмендетудегі ESG рөлі талқыланады
Категориясыз

Алматыда өндірістік жарақаттану мен сақтандыру тәуекелдерін төмендетудегі ESG рөлі талқыланады

6 августа, 2026
Freedom Holding Corp. компаниясы беделді Russell 3000 индексіне енгізілді
Экономика

Freedom Holding Corp. Bilim Group компаниясындағы үлеске ие болды

6 августа, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

«Не имела доступа к размещению публикаций и выполняла поручения Бажкеновой – экс-корреспондент Orda.kz Дуйсенова

6 августа, 2026
Келесі жаңалық
Инвестициялық нарықтағы FOMO: қазақстандықтар хайптың ықпалына түсіп жүр ме?

Инвестициялық нарықтағы FOMO: қазақстандықтар хайптың ықпалына түсіп жүр ме?

Астанада 10G жылдамдықты интернетін сынақтан өткізу бойынша пилоттық жоба басталды

Астанада 10G жылдамдықты интернетін сынақтан өткізу бойынша пилоттық жоба басталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты

Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты

8 августа, 2026
Шымкентте мүгедек қыз 7 жыл бойы зорланып келген

Шымкентте мүгедек қыз 7 жыл бойы зорланып келген

25 января, 2021
Олжас Бектенов Ресей компанияларын инвестициялық жобаларға белсенді атсалысуға шақырды

Олжас Бектенов Ресей компанияларын инвестициялық жобаларға белсенді атсалысуға шақырды

30 января, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Halyk қорының 10 жылдығына орай: Алматы облысында ауыл балалары арасында республикалық турнир өтеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ҚР ОСК: Барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты
  • «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті
  • Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.