---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/08/16/astana-2025-world-boccia-challenger-turnirine-dajyndy%d2%9b-bastaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Astana 2025 World Boccia Challenger турниріне дайындық басталды

![Astana 2025 World Boccia Challenger турниріне дайындық басталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/08/photo_2025-08-16_21-34-00.jpg)

**4–21 тамыз аралығында спортшыларымыз Паралимпиадалық жаттығу орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Ұлттық құрама сапындағы 16 спортшы арнайы шақырылған шетелдік маман — Таиланд құрамасының бас бапкері Surmit Kotsila-мен тәжірибе алмасып, шеберлігін шыңдап жатыр.**

Халықаралық турнир 20–28 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Бұл жолы Қазақстан намысын 10 спортшы қорғайды.

Айта кетейік, жарысқа 12 елден 60-қа жуық спортшы қатысады. Бағдарламада жекелей, жұптық және командалық сайыстар қарастырылған.

Бұл турнир — 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу кезеңі әрі спортшылар үшін рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік беретін маңызды жарыс.

Бочча елімізде 2018 жылы тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалардың ата-аналарының бастамасымен дами бастады. 2021 жылы Қазақстан бочча федерациясы құрылып, спорт ресми деңгейге көтерілді.

Келіңіздер, жерлестерімізге қолдау көрсетейік!

---

Жарияланды: 2025-08-16T16:43:56+06:00

Жаңартылды: 2025-08-16T16:43:56+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/08/16/astana-2025-world-boccia-challenger-turnirine-dajyndy%d2%9b-bastaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.