---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/08/15/shildede-el-t%d2%b1r%d2%93yndary-20-my%d2%a3nan-astam-zha%d2%a3a-avtomobil-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ШІЛДЕДЕ ЕЛ ТҰРҒЫНДАРЫ 20 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬ АЛДЫ

![ШІЛДЕДЕ ЕЛ ТҰРҒЫНДАРЫ 20 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬ АЛДЫ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/08/top_10_shilde_2025_4x5.jpg)

**«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметі бойынша 2025 жылдың шілдесінде 20 мыңнан аса жаңа көлік өтіп, 10,6% өсім көрсетті, бұл маусыммен салыстырғанда 3,9% жоғары және жыл басталғалы тіркелген ең үздік нәтиже. Ресми дилерлер 20 165 бірл. жеңіл және коммерциялық техника сатты. Жалпы жыл басынан бері 125 034 бірл. жаңа машина иесін тапқан, бұл былтырғы осы кезеңге қарағанда 23,4% көп.**

**Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті:** *«Шілдеде жаңа автомобиль саудасының қарқыны кеміген жоқ. Қазір нарық тұтынушылардың түрлі сұранысына сай келетін, әртүрлі жабдықталымдағы көліктің кең ассортиментін ұсынып отыр. Шілдеде ең көп өткен 10 машинаның 8-і отандық өнім екенін айта кеткен жөн. Қазақстандықтар сапасы жоғары әрі заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіндіктен жаңа машина таңдайды. Десе де, автопаркті жаңарту шараларын қолдануды жалғастыру қажет».*

Жаздың екінші айында үздіктер үштігінде өзгеріс байқалды: **Chevrolet**(**4 048**бірл.; былтырғы шілдемен салыстырғанда **+70,4%**) көш бастап, **Hyundai**екінші сатыға түсіп қалды (**3 713**бірл.; **-14,4%).**Қола жүлдені әдеттегідей **Kia** (**2 170; +11,9%**) еншіледі. Төртінші орын **Jetour**брендіне (**1 321** бірл.; **+26,7%**) бұйырса, бесінші қатарға **Chery** (**1 138**бірл.; **-17%**) жайғасты. Одан бөлек тізімге **Jac**(**1 111**бірл.; **-5,4%**), **Haval**(**1 036** бірл.; **+10,2%**), **Toyota** (**943** бірл.; **+4,1%**), **Changan**(**904**бірл.; **+35,5%**) және **Geely** (**501** бірл.; **-28,5%**) енді.

Шілдеде аса танымал болған 10 модель арасында **Chevrolet Cobalt**(**3 417**бірл.), **Hyundai Tucson** (**1 211**бірл.) және **Kia Sportage**(**955** бірл.) алдыңғы орындарды иеленді. Төртінші болып **Hyundai Elantra (695)** келсе,**666** данасы өткен **Hyundai Mufasa** бесінші сатыны қанағат тұтты. Содан соң **Jac S3**(**605**бірл.),**Haval M6**(**528** бірл.), **Chevrolet Onix**(**471**бірл.), **Hyundai Santa Fe** (**468**бірл.) және**Chery Tiggo 2**(**397**бірл.) тұр.

Жеті ай қорытындысы бойынша **Hyundai** (**27 931** бірл.; **+23,7%**) оқ бойы озық шықты, одан кейінгі **Chevrolet** кәдімгідей қалып келеді (**17 354** бірл.; **+67,7%**), үшінші қатарға **13 489** автомобильдің кілтін тапсырған **Kia** орналасты (**+0,2%**). Төртінші және бесінші орындарды **Jetour** (**8 563** бірл.; **+73,7%**) мен **Chery** (**8 453** бірл.; **+5,5%**) өзара бөліп алды. **6 830** көлігі өткен Haval алтыншы сатыға тұрақтады (**+33,7%**). **5 909** көлігі өткен **Changan** жетінші орынға көтерілді (**+21,1%**), **Jac** сегізінші (**5 838** бірл.; **-7,7%**), **Geely** тоғызыншы (**5 772** бірл.; **+45,9%**) орыннан көрінді, ал мықтылар ондығын **Toyota** (**5 502** бірл.; **+1,5%**) түйіндеді.

# ТОП-20: 2025 ЖЫЛҒЫ ШІЛДЕДЕГІ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

 
**ШІЛДЕ**
**ҚАҢТАР-ШІЛДЕ**
**2024**
**2025**
**%**
**2024**
**2025**
**%**
Chevrolet
2 376
4 048
70,4%
10 350
17 354
67,7%
Hyundai
4 340
3 713
-14,4%
22 579
27 931
23,7%
Kia
1 939
2 170
11,9%
13 459
13 489
0,2%
Jetour
1 043
1 321
26,7%
4 931
8 563
73,7%
Chery
1 371
1 138
-17,0%
8 013
8 453
5,5%
Jac
1 174
1 111
-5,4%
6 324
5 838
-7,7%
Haval
940
1 036
10,2%
5 110
6 830
33,7%
Toyota
906
943
4,1%
5 420
5 502
1,5%
Changan
667
904
35,5%
4 881
5 909
21,1%
Geely
701
501
-28,5%
3 956
5 772
45,9%
BYD
 
339
NEW
 
937
NEW
Skoda
216
303
40,3%
362
1 468
305,5%
Lexus
267
250
-6,4%
1 961
1 515
-22,7%
Lada
7
236
3271,4%
434
1 629
275,3%
Tank
192
226
17,7%
1 150
1 353
17,7%
GAZ
385
220
-42,9%
2 411
2 114
-12,3%
Omoda
171
171
0,0%
1 212
967
-20,2%
Yutong
67
161
140,3%
671
609
-9,2%
Subaru
84
128
52,4%
704
717
1,8%
Exeed
173
124
-28,3%
1 084
972
-10,3%
Басқалар
1 210
1 122
-7,3%
6 309
7 112
12,7%
**Жалпы нәтиже**
**18 229**
**20 165**
10,6%
**101 321**
**125 034**
23,4%

**Анықтама***:** *

*«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.*

*ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Бизнесті және кәсіпкерлікті*

*дамыту қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.*

* *

 

---

Жарияланды: 2025-08-15T11:16:01+06:00

Жаңартылды: 2025-08-15T11:16:01+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/08/15/shildede-el-t%d2%b1r%d2%93yndary-20-my%d2%a3nan-astam-zha%d2%a3a-avtomobil-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.