ШІЛДЕДЕ ЕЛ ТҰРҒЫНДАРЫ 20 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬ АЛДЫ

ШІЛДЕДЕ ЕЛ ТҰРҒЫНДАРЫ 20 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬ АЛДЫ

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәліметі бойынша 2025 жылдың шілдесінде 20 мыңнан аса жаңа көлік өтіп, 10,6% өсім көрсетті, бұл маусыммен салыстырғанда 3,9% жоғары және жыл басталғалы тіркелген ең үздік нәтиже. Ресми дилерлер 20 165 бірл. жеңіл және коммерциялық техника сатты. Жалпы жыл басынан бері 125 034 бірл. жаңа машина иесін тапқан, бұл былтырғы осы кезеңге қарағанда 23,4% көп.

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Шілдеде жаңа автомобиль саудасының қарқыны кеміген жоқ. Қазір нарық тұтынушылардың түрлі сұранысына сай келетін, әртүрлі жабдықталымдағы көліктің кең ассортиментін ұсынып отыр. Шілдеде ең көп өткен 10 машинаның 8-і отандық өнім екенін айта кеткен жөн. Қазақстандықтар сапасы жоғары әрі заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіндіктен жаңа машина таңдайды. Десе де, автопаркті жаңарту шараларын қолдануды жалғастыру қажет».

Жаздың екінші айында үздіктер үштігінде өзгеріс байқалды: Chevrolet (4 048 бірл.; былтырғы шілдемен салыстырғанда +70,4%) көш бастап, Hyundai екінші сатыға түсіп қалды (3 713 бірл.; -14,4%). Қола жүлдені әдеттегідей Kia (2 170; +11,9%) еншіледі. Төртінші орын Jetour брендіне (1 321 бірл.; +26,7%) бұйырса, бесінші қатарға Chery (1 138 бірл.; -17%) жайғасты. Одан бөлек тізімге Jac (1 111 бірл.; -5,4%), Haval (1 036 бірл.; +10,2%), Toyota (943 бірл.; +4,1%), Changan (904 бірл.; +35,5%) және Geely (501 бірл.; -28,5%) енді.

Шілдеде аса танымал болған 10 модель арасында Chevrolet Cobalt (3 417 бірл.), Hyundai Tucson (1 211 бірл.) және Kia Sportage (955 бірл.) алдыңғы орындарды иеленді. Төртінші болып Hyundai Elantra (695) келсе, 666 данасы өткен Hyundai Mufasa бесінші сатыны қанағат тұтты. Содан соң Jac S3 (605 бірл.), Haval M6 (528 бірл.), Chevrolet Onix (471 бірл.), Hyundai Santa Fe (468 бірл.) және Chery Tiggo 2 (397 бірл.) тұр.

Жеті ай қорытындысы бойынша Hyundai (27 931 бірл.; +23,7%) оқ бойы озық шықты, одан кейінгі Chevrolet кәдімгідей қалып келеді (17 354 бірл.; +67,7%), үшінші қатарға 13 489 автомобильдің кілтін тапсырған Kia орналасты (+0,2%). Төртінші және бесінші орындарды Jetour (8 563 бірл.; +73,7%) мен Chery (8 453 бірл.; +5,5%) өзара бөліп алды. 6 830 көлігі өткен Haval алтыншы сатыға тұрақтады (+33,7%). 5 909 көлігі өткен Changan жетінші орынға көтерілді (+21,1%), Jac сегізінші (5 838 бірл.; -7,7%), Geely тоғызыншы (5 772 бірл.; +45,9%) орыннан көрінді, ал мықтылар ондығын Toyota (5 502 бірл.; +1,5%) түйіндеді.

ТОП-20: 2025 ЖЫЛҒЫ ШІЛДЕДЕГІ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

  ШІЛДЕ ҚАҢТАР-ШІЛДЕ
2024 2025 % 2024 2025 %
Chevrolet 2 376 4 048 70,4% 10 350 17 354 67,7%
Hyundai 4 340 3 713 -14,4% 22 579 27 931 23,7%
Kia 1 939 2 170 11,9% 13 459 13 489 0,2%
Jetour 1 043 1 321 26,7% 4 931 8 563 73,7%
Chery 1 371 1 138 -17,0% 8 013 8 453 5,5%
Jac 1 174 1 111 -5,4% 6 324 5 838 -7,7%
Haval 940 1 036 10,2% 5 110 6 830 33,7%
Toyota 906 943 4,1% 5 420 5 502 1,5%
Changan 667 904 35,5% 4 881 5 909 21,1%
Geely 701 501 -28,5% 3 956 5 772 45,9%
BYD   339 NEW   937 NEW
Skoda 216 303 40,3% 362 1 468 305,5%
Lexus 267 250 -6,4% 1 961 1 515 -22,7%
Lada 7 236 3271,4% 434 1 629 275,3%
Tank 192 226 17,7% 1 150 1 353 17,7%
GAZ 385 220 -42,9% 2 411 2 114 -12,3%
Omoda 171 171 0,0% 1 212 967 -20,2%
Yutong 67 161 140,3% 671 609 -9,2%
Subaru 84 128 52,4% 704 717 1,8%
Exeed 173 124 -28,3% 1 084 972 -10,3%
Басқалар 1 210 1 122 -7,3% 6 309 7 112 12,7%
Жалпы нәтиже 18 229 20 165 10,6% 101 321 125 034 23,4%

Анықтама: 

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Бизнесті және кәсіпкерлікті

дамыту қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.