Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Астанада CISM Әлем чемпионаты басталады

Агзам Текенов by Агзам Текенов
14 августа, 2025
Астанада CISM Әлем чемпионаты басталады

Елорда төрінде тарихымызда тұңғыш рет әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен CISM Әлем чемпионатының шымылдығы түрілмек. Бұл – тек спорттық жарыс емес, ұлттық рух пен жауынгерлік жігерді тоғыстырған айтулы оқиға.

Байланысты

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды

Орталық Азиядағы авиациялық қауіпсіздікті күшейтудегі шекаралық бақылауды цифрландырудың рөлі

Шымкент тұрғындары жедел жәрдемнің қозғалысын картадан нақты уақытта көре алады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында: «Ұлттық спорт түрлері – біздің мәдени бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі және сау ұлт тәрбиесінің маңызды элементі», – деп атап көрсеткен болатын.

Президент тапсырмасымен биыл қабылданған «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңның жаңа редакциясында қазақ күресі олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлерімен қатар басым спорт түрі мәртебесіне ие болды. Бұл оның болашақта халықаралық деңгейде дамуына жаңа жол ашады деп күтілуде.

Астанадағы жаһандық додаға арнайы келген елдердің қатарында Пәкістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Тунис, Ресей, Италия, Түркия, Марокко, Молдова, Үндістан, Қырғызстан, Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Бразилия, Тайланд, Өзбекстан, Тәжікстан, Камерун, Гана, Эфиопия, Венесуэла, Иран және тағы басқалар бар. Сондай-ақ CISM ұйымының Бас хатшысы, штаб-пәтер өкілі және бас төреші жарысқа қатысады деп күтілуде.

Чемпионаттың бағдарламасына сәйкес, спортшылар 16 салмақ дәрежесінде (ерлер – 8, әйелдер – 8) бозкілемге шығады:

  • Ерлер: 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 келі.
  • Әйелдер: 48, 52, 56, 60, 65, 70, 77 және +77 келі.

Айта кетсек, бұл чемпионатта ел намысын ҚР Қарулы күштері мен Мемлекеттік күзет қызметінің таңдаулы балуандары қорғайды. Бұл чемпионатта Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын ұлттық құрама 2025 жылдың басында Алматы қаласында өткен әскери қызметшілер арасындағы іріктеу чемпионаты негізінде жасақталған болатын.

Құраманың негізін – Әлем және Азия чемпиондары, сондай-ақ Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары мен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының жеңімпаз-жүлдегерлері құрайды. Мәселен, Бекжан Төлепов – 2022 және 2025 жылғы Әлем чемпионы, Жұмажан Қожамбеков – Әлем және Азия чемпионы, Рауза Нұрмахамметова – Әлем чемпионы, Көшпенділер ойындарының жеңімпазы, Зарина Сарипова –Әлем чемпионы, бірнеше дүркін ҚР чемпионы және тағы басқалар.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті және Qazaq Kuresi Ассоциациясы мұрындық болған чемпионатқа орай Qazaqstan жеңілатлетика спорт кешенінде құрметті қонақтар мен команда өкілдерінің қатысуымен жиын өткен болатын.

Жиын барысында сөз алған Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов аталмыш мәртебелі жарыстың маңыздылығын атап өтті.

– Қазақ күресі – біздің ұлттық болмысымыздың коды. CISM сияқты беделді ұйымның күнтізбесіне енуі – төл күресіміздің әлемдік деңгейде тағы бір мәрте мойындалуы. Өз кезегінде чемпионаттың Астанада өтуі – Қазақстанның халықаралық спорт қауымдастығындағы беделін арттыра түседі. Бұл – болашақта қазақ күресін Азия ойындары мен Олимпиада бағдарламасына енгізуге бастайтын нақты қадамдардың бірі, – деді Дамир Әсенғазыұлы.

Өз кезегінде Қазақстан армиясының Орталық спорт клубының басшысы, полковник Арман Әбеуовтың айтуынша, бұл чемпионаттың Халықаралық әскери спорт кеңесі (Conseil International du Sport Militaire) аясында өтуі бұл іс-шараға ерекше мәртебе беріп отыр.

– Бұл – тек спортшылардың емес, бүкіл әскери құрылымның имиджін көтеретін дода. Біз қауіпсіздік пен ұйымдастырудың барлық қырын пысықтадық. Қатысушылардың жайлы орналасуынан бастап, жарыс алаңындағы әр минуттың үйлесімді өтуіне дейін қатаң бақылауда. Біздің сарбаздар намысты қолдан бермеуге дайын. Аталмыш чемпионат жоғары дәрежеде өтсе, қазақ күресін CISM-нің тұрақты чемпионаттар бағдарламасына енгізу және 2027 жылы АҚШ-та өтетін Дүниежүзілік әскери ойындардың қатарына қосу мәселесі ресми деңгейде қаралатын болады, — деді Арман Сайлауұлы.

CISM – әлемдегі ең ірі көпсалалы спорт ұйымдарының бірі. Бүгінде 140-қа жуық елдің әскери қызметшілерін біріктіретін бұл ұйым қазіргі таңда Халықаралық Олимпиада комитетінен кейінгі ең ықпалды спорттық қауымдастықтардың бірі саналады.

Сондай-ақ, бүгін команда өкілдеріне арналған төрешілер семинары өтті. Чемпионаттың бас төрешісі – Нидерландтан келген білікті маман Эдмар Абдуллаев. Ол – қазақ күресі, алыш және панкратион бойынша UWW-дің төрешілік нұсқаушысы, сондай-ақ Бүкіләлемдік белбеу күресі комитетінің мүшесі.

Ол өз пікірінде бас төреші:

– Мен үшін қазақ күресінің әскери қызметшілер арасындағы Әлем чемпионатында болуы – үлкен жетістік. Бұл күрестің техникасы мен философиясы жауынгерлік рухқа өте жақын. Осы чемпионат – қазақ күресін халықаралық деңгейде насихаттаудың мықты алаңы болатынына сенімдімін. Чемпионаттың дайындығы өте жоғары. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін, – деп атап өтті.

Сонымен қатар, нидерландық маманның жетекшілігімен шетелдік спортшылар үшін қазақ күресінің кілемдегі әдіс-тәсілдеріне арналған практикалық оқу-әдістемелік таныстырылым сабағы ұйымдастырылды.

Астанада өтетін бұл чемпионат – қазақ күресінің әлемдік аренадағы жаңа белесі. Ұлттық спорт тек өткеннің мұрасы емес, болашақтың да айқын бағыттарының бірі екенін дәлелдейтін дода. Жауынгерлік рухты ұлықтаған бозкілем үстіндегі белдесулер – ел спортының тарихында алтын әріппен жазылары анық.

P.S. Қазақ күресі ата-бабамыздан асыл мұра болып жеткен ұлттық төл өнеріміз. Ол ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі әрі халқымыздың рухани-мәдени мұрасының асыл қазынасы.

Бүгінгі таңда қазақ күресі аса тартысты спорт түрі ретінде тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде кеңінен танылып, беделі артып келеді. Қазіргі уақытта қазақ күресі федерациялары әлемнің 40-тан астам елінде жұмыс істейді. Жыл сайын түрлі деңгейдегі 10-ан астам халықаралық жарыстар өткізіліп, оларға төрт құрлықтың спортшылары қатысуда.

Соңғы жылдары отандастарымыздың қазақ күресіне деген қызығушылығы артып келе жатқанын атап өткен жөн. Статистикалық деректерге сәйкес, елімізде 160 399 адам жаттығатын қазақ күресінің 3 897 үйірмесі бар.

2004-2025 жылдары аралығында қазақ күресінен 11 Әлем чемпионаты, 12 Азия чемпионаты, 6 Әлем кубогы, 6 Еуропа біріншілігі, Иран мен Бразилияда кадеттер мен жастар арасында Әлем чемпионаттары және Оңтүстік Африкада 2 Африка біріншілігі, Бразилияда Оңтүстік Америка чемпионаты ұйымдастырылған.

Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Бірлік, тазалық және жауапкершілік: Алматыда 5 мың жас Жастар күнін атап өтті

Келесі жаңалық

Жаңа адамдар Қауіпсіз әйелдер таксиі жобасының 7 бағытын іске қосты

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды
Басты

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі: 40 мыңнан астам тауардың мәртебесі расталды

10 апреля, 2026
Орталық Азиядағы авиациялық қауіпсіздікті күшейтудегі шекаралық бақылауды цифрландырудың рөлі
Категориясыз

Орталық Азиядағы авиациялық қауіпсіздікті күшейтудегі шекаралық бақылауды цифрландырудың рөлі

1 апреля, 2026
Шымкент тұрғындары жедел жәрдемнің қозғалысын картадан нақты уақытта көре алады
Категориясыз

Шымкент тұрғындары жедел жәрдемнің қозғалысын картадан нақты уақытта көре алады

31 марта, 2026
2025 жылы Alatau City Garant еурохаттама бойынша 672 миллион теңге төледі
Категориясыз

2025 жылы Alatau City Garant еурохаттама бойынша 672 миллион теңге төледі

19 марта, 2026
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп
Категориясыз

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп

14 марта, 2026
Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды
Категориясыз

Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды

11 марта, 2026
Келесі жаңалық
Жаңа адамдар Қауіпсіз әйелдер таксиі жобасының 7 бағытын іске қосты

Жаңа адамдар Қауіпсіз әйелдер таксиі жобасының 7 бағытын іске қосты

Ақылды. Жылдам. Шағын және қолжетімді PIXMA принтерлері

Ақылды. Жылдам. Шағын және қолжетімді PIXMA принтерлері

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпкер Ресейде іздеуге жарияланды

Қазақстандық кәсіпкер Ресейде іздеуге жарияланды

27 декабря, 2022
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 1260 адам жұқтырған

Пневмония мен коронавирустан тағы 3 адам қайтыс болды

24 марта, 2021
Назарбаев құрметті сенатор мәртебесінен айырылды

Назарбаев құрметті сенатор мәртебесінен айырылды

12 января, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сақтандыру қазақстандық цифрлық экожүйелерде негізгі орынға ие болуы мүмкін, дейді сарапшы
  • Қатысушылардың рекордтық саны және ондаған ғылыми жаңалықтар: мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 қалай өтті
  • Цифрлық дәуірдегі алаяқтық індеті: Қазақстан онлайн алаяқтыққа қарсы қорғану тәсілдерін қалай жетілдіріп жатыр

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.