Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Астанада «Орталық Азия – Қытай» азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының екінші конференциясы өтуде (C5+1)

admin by admin
12 августа, 2025
Астанада «Орталық Азия – Қытай» азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының екінші конференциясы өтуде (C5+1)

Бүгін Астана қаласында «Орталық Азия – Қытай» (C5+1) бастамасы аясында азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының екінші конференциясы өз жұмысын бастады. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қытай Халық Республикасы авиациялық биліктерінің басшылары, азаматтық авиация және аэронавигациялық қызметтер ұйымдарының өкілдері қатысады.

Байланысты

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева өз сөзінде еліміздегі азаматтық авиация саласының өсіп келе жатқан көрсеткіштері туралы хабарлады: өткен жылы отандық әуежайларда 29,7 млн жолаушыға қызмет көрсетілді, бұл 14% өсуді көрсетеді, халықаралық әуе қатынасы жоспарлы түрде кеңейіп келеді – ағымдағы жылы 36 жаңа әуе маршруттары ашылды, тасымалдау нарығына 7 жаңа шетелдік әуе компаниялар кіруде.

«Конференция Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтуға, әуе қатынасын кеңейту, өңірдің авиация саласына инвестициялар мен технологияларды тарту жөніндегі жаңа бастамаларды келісуге, сондай-ақ Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі рөлін арттыруға ықпал ететін болады. Бұл кездесуді Астанада өткізу азаматтық авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам  болып  табылады  және  жаһандық  авиациялық  картадағы  Орталық

Азияның орнын күшейтеді», — деп атап өтті С.Томпиева. Оның айтуынша, 14 тамызда Қытай мен Өзбекстанның авиациялық билігімен екіжақты келіссөздер өтеді.

Қытайдың авиациялық билігінің басшысы Бай Венли Қытайдың бүгінде Орталық Азияның барлық бес астанасына тікелей рейстер жасап жатқанын және аптасына тұрақты жолаушылар рейстерінің саны 151-ге дейін өскенін, бұл 2024 және 2019 жылғы көрсеткіштен екі есе дерлік жоғары екенін хабарлады.

«Өткен жылы біз авиациялық байланыс саласында керемет нәтижелерге қол жеткіздік. Қазақстанмен, Қырғызстанмен және Өзбекстанмен әуе қатынасы туралы келісім кеңейтілді, бұл әуе компаниялардың ұшуы үшін неғұрлым қолайлы жағдай туғызды. China Southern Airlines әуе компаниясы «Эйр Астана» және «Өзбекстан хаво йуллари» әуе компанияларымен код-шерингтік келісімдерге қол қойды, бұл өңірлік маршруттық желілерді кеңейтетін өзара тиімді коммерциялық ынтымақтастыққа ықпал етеді», — деді Б.Венли.

«Конференцияда біз қазақстандық әріптестерімізбен елдеріміздің астаналары мен ірі қалалары арасындағы жиіліктерді ұлғайту туралы уағдаласуды, сондай-ақ Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ұшу географиясын одан әрі кеңейту үшін қосымша пункттер қосуды жоспарлап отырмыз», — деді конференция барысында Өзбекстан Көлік министрлігінің Әуе көлігі басқармасының басшысы Джамолиддин Назаров.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Конференцияның негізгі қатысушылары мен спикерлерінің қатарында Қырғызстанның авиациялық билік басшылары – Қанат Толғонов, Тәжікстан – Зарифжон Зарипов бар.

Конференцияның күн тәртібіне ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік- транзиттік интеграцияны дамыту, авиация мамандарының біліктілігін арттыру, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы халықаралық маршруттық желіні кеңейту, жаңа технологияларды енгізу, экологиялық орнықты авиацияны дамыту саласындағы өзара іс-қимылдың түйінді мәселелері, сондай-ақ құрылған Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясына (EACAC) қатысушы елдердің өзара іс-қимылы мәселелері кірді. EACAC Қазақстан Республикасының бастамасы бойынша 2024 жылы ИКАО, Еуропалық комиссия, ИАТА және басқа да халықаралық ұйымдар сияқты әлемдік сала институттарымен жұмыс шеңберінде Орталық Азия мемлекеттерінің шоғырландырылған ұстанымын білдіру үшін құрылған болатын.

Анықтама: Азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының С5+1 (Орталық Азия-Қытай) форматындағы бірінші конференциясы Қытайдың Сиань қаласында 2024 жылғы 17-21 маусым аралығында өтті, оның шеңберінде Қытай мен Орталық Азия (C5+1) арасындағы Азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық тетігі құрылды, сондай-ақ прогреске шолу жасау және болашақ ынтымақтастықты жоспарлау үшін жұмыс тобының жыл сайынғы конференциясын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Harvest Fest тағы да Алматыда: музыка және шабыттың күзгі мерекесі-27 қыркүйекте

Келесі жаңалық

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр
Категориясыз

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

9 июля, 2026
Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі
Категориясыз

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

9 июля, 2026
«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда
Категориясыз

«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда

9 июля, 2026
Келесі жаңалық

Қазақстаннан Сингапурға дейін: Қазақстандық оқушы қыздар армандаған білім саяхатына аттанады

Қазақстаннан Сингапурға дейін: Қазақстандық оқушы қыздар армандаған білім саяхатына аттанады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Мұғалімдер күні енді 5 қазанда мерекеленеді

Мұғалімдер күні енді 5 қазанда мерекеленеді

10 марта, 2023
Ерлан Қарин Президент көмекшісі қызметінен босатылды

Ерлан Қарин Президент көмекшісі қызметінен босатылды

5 января, 2022
Елімізде бір тәулікте 5648 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

19 марта, 2022

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.