---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/08/11/almatyda-zhastar-k%d2%afnine-oraj-%d3%99leumettik-zhobalar-k%d3%a9rmesi-%d3%a9tti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда Жастар күніне орай әлеуметтік жобалар көрмесі өтті

![Алматыда Жастар күніне орай әлеуметтік жобалар көрмесі өтті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/08/photo_2025-08-11_16-24-17.jpg)

**Алматыда Халықаралық жастар күніне арналған «Alma Love» жастар фестивалі аясында «SOCIAL LAB» атты әлеуметтік жобалар көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өтті.**

Қаламыздың ірі сауда орталықтарының бірінде өткен көрмеде жастарға бағытталған 20-дан астам жоба таныстырылды. Олардың қатарында инклюзивті театр, волонтерлік бастамалар, ашық аспан астындағы кино көрсетілімдері, тегін оқыту курстары, «Тілдер саябағы» жобасы, профилактикалық бағдарламалар, жасанды интеллект пен робототехникаға арналған бастамалар бар.

*«Бұл көрменің басты мақсаты – қала тұрғындарына әлеуметтік маңызы жоғары жобаларды таныстырып, оларды қолдау. Біз жастардың бастамаларына жағдай жасап, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік бергіміз келеді»*, – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Көрмеге қала тұрғындары мен қонақтары белсенді қатысып, өз қызығушылықтарына сай жобалармен танысты. Қатысушылардың бірі Мамыр Ғани өз әсерімен бөлісіп:  

*«Мұнда көптеген пайдалы және қызықты жобаларды көрдім. Болашақта олардың біріне қатысып, үлес қосқым келеді»*, – деді.

Айта кетейік, Алматыда Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік іс-шаралар легі 3 тамызда басталған. Фестиваль бағдарламасында экологиялық акциялар, спорттық турнирлер, квест ойындары, Open Mic форматындағы концерттер және өзге де қызықты іс-шаралар бар.

Фестивальдің салтанатты жабылуы 12 тамыз күні Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарын қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концерт пен Алматының белсенді жастарын марапаттау рәсімі күтеді. Іс-шараға кіру тегін.

** **

** **

** **

---

Жарияланды: 2025-08-11T11:34:24+06:00

Жаңартылды: 2025-08-11T11:34:24+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/08/11/almatyda-zhastar-k%d2%afnine-oraj-%d3%99leumettik-zhobalar-k%d3%a9rmesi-%d3%a9tti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.