Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Семейде Маңғыстау облысы Достық үйінің құрылысын бастады

admin by admin
9 августа, 2025
Семейде Маңғыстау облысы Достық үйінің құрылысын бастады

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы басталған болатын. Бүгін ақын мерейтойына арналған онкүндіктің тоғызыншы күнінде акция аясындағы алғашқы нысанның құрылысы басталды. Маңғыстау облысы Семей қаласына Достық үйін салып бермек. Нысанның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаев бастаған делегация қатысты.

Байланысты

Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

Жаңа нысан 75 мың тұрғынға арналған «Semey Smart City» шағын ауданында бой көтереді. Этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың басын қосатын, 3 қабатты көпфункционалды мәдени кешен бірнеше функционалдық блоктан тұрады. Кітапхана, қолданбалы өнер мұражайы, фотозертхана, көркемөнер және қалпына келтіру шеберханалары, кинозал, конференция залдары қарастырылатын болады.

Аймақ басшысы ғимараттың іргетасын қалау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын алғаш болып қолдаған Маңғыстау облысының халқына алғысын жеткізді.

«Бүгін «Абайға құрмет» акциясы аясында Маңғыстау облысының өңірімізге сыйлығы Достық үйінің іргетасын қалағалы отырмыз. «Достық» үйі символикалық мәні өте зор, екі аймақтың достығын білдіретін ғимарат болмақ. Бүгінгі игі шара еліміздің қос қиырының бірлігі мен ұлттық бірегейлігінің жарқын көрінісі деп білемін. Маңғыстау мен Абай облысы батыс пен шығыс шекарада жатқан шалғай аймақ болса да,  ниеті ортақ, тілеуі бір екенін бүкіл Алаш жұртына көрсетті. Маңғыстау облысы азаматтарының елдің сәлемін алып, Абай тойының үстінде құрылысты бастауы үлкен құрметке лайық» деді аймақ басшысы.

Маңғыстау облысы делегациясының атынан мемлекеттік қызмет саласының ардагері, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Даржок Сейбағытов сөз сөйледі.

«Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойы құтты болсын! Бүгінгі шара – болашақтың шарасы. Болашақ бүгіннен басталады. Бүгін міне шағын қаланың іргетасы қаланғалы тұр. Менің ойымша, бұл бастаманы Маңғыстау ғана емес, Қазақстанның басқа аймақтары да қолдайды деп ойлаймын» деді ол.

Ғимараттың іргетасын қалау рәсімінде Қоғамдық келісім орталығы-облыстық үйінің директоры Надежда Шарова мен Абай облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми сараптамалық тобының төрағасы  Айрат Базенов Маңғыстау жұртшылығына өңір тұрғындары атынан алғыс айтты.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Сондай-ақ, «Абайға құрмет» акциясы аясында Шымкент қаласы шығармашылық орталығын, Түркістан облысы көрме орталығын, Астана қаласы келешек мектебін, Ақтөбе облысы жекпе жек орталығын, Павлодар облысы Үстел теннисі орталығын салуды, Шығыс Қазақстан облысы Ертіс жағалауын абаттандыруды жоспарлап отыр.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Семейде «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

Келесі жаңалық

Құрылысшылар — ел экономикасының нағыз архитекторлары

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?
Категориясыз

Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?

8 июня, 2026
Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады
Мәдениет

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

8 июня, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

8 июня, 2026
Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды
Категориясыз

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

8 июня, 2026
«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті
Категориясыз

«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

8 июня, 2026
Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
Категориясыз

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

7 июня, 2026
Келесі жаңалық
Құрылысшылар — ел экономикасының нағыз архитекторлары

Құрылысшылар — ел экономикасының нағыз архитекторлары

Табиғат энергиясы: Жамбыл облысы экотуризм дамып келеді

Табиғат энергиясы: Жамбыл облысы экотуризм дамып келеді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

FlyArystan күз-қыс маусымына арналған әуебилеттерінің сатылымын ашты

FlyArystan күз-қыс маусымына арналған әуебилеттерінің сатылымын ашты

22 августа, 2025
Еліміздің аумағында су басқан үйлердің саны белгілі болды

Еліміздің аумағында су басқан үйлердің саны белгілі болды

10 апреля, 2024
FlyArystan 20-миллионшы жолаушыcын тасымалдады

FlyArystan 20-миллионшы жолаушыcын тасымалдады

29 октября, 2025

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?
  • Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады
  • «Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.