Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Семейде «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

admin by admin
9 августа, 2025
Семейде «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар легі жалғасуда. Онкүндіктің тоғызыншы күнінде Семейдегі Шәкәрім университетінде «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Оған Түркия, Нидерланды, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан секілді алыс-жақын шетелдерден және еліміздің әр өңірінен абайтанушылар мен әдебиеттанушылар, философтар мен тарихшылар қатысуда.

Байланысты

Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

«Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде

➡️Облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мұхтар Әуезовтің немересі, түркітанушы ғалым Зифа-Алуа Мұратқызы, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов конференцияның ашылуында құттықтау сөз сөйледі. 

 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқының ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге.  Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. Өйткені ақынның мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы» деп атап көрсеткен болатын. «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтулы ғалымдар мен білікті мамандар жиналып, Абай ойының тереңіне ден қойып, сипатының сырына үңілгелі отыр. Конференцияға Түркия елінен, Нидерланды королдігінен келген және еліміздің, өңіріміздің айтулы ғалымдарына ризашылығымды білдіргім келеді. Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын терең зерделеу, ақынның шығармашылығы мен ой-толғамдарын қазіргі заман тұрғысынан қайта пайымдау, Абай ілімінің ұлттық сананы қалыптастырудағы, білім мен тәрбиедегі, тұлға дамытудың мәдени-философиялық негізі ретіндегі орнын айқындау үшін жиналған барлық білімпаздарға да данышпанның сұрағы ортақ деп ойлаймын», – деді аймақ басшысы.

🖌Конференцияда Түркиядағы Памуккале университетінің профессоры Нергиз Бираз, Нидерландыдан келген түркітанушы Роберт Эрмерс, филология ғылымдарының докторлары Тұрсын Жұртбай, Арап Еспенбетов және басқа да ғалымдар баяндама жасады. 

🔺Ерекше атап өтерлігі, конференция аясында 9 бірдей кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Соның бірі –  белгілі әдебиеттанушы ғалым, Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов құрастырған «Абай шығармаларының үш томдық академиялық жинағы». «Абай» баспасынан ақынның мерейтойына орай бұрын-соңды жарық көрмеген бірнеше кітап таныстырылды. Ғалым, мәдениеттанушы Базарбек Атығайдың «Абайдың аударма мектебі» монографиясы, Шəкəрім туралы естеліктер мен жаңа деректерді қамтитын «Шейіт» жинағы, Ақберен Елгезек, Мерей Қарт, Жанна Əділбекқызының құрастырған Ахат Шәкəрімұлының «Жалынға малған жүрегін» жинағы, Әсет Медеуханұлының «Халиолла» хикаяты, Даниял Ысқақовтың шығармалары, Шәкәрім университетіндегі «Абай және ұлттық руханият» ғылыми орталығының мамандары дайындаған AR «Қарасөз» кітабы оқырманға жол тартты. Бұл туындылар алғаш рет көпшілік оқырманға ұсынылып отыр.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Buy JNews
ADVERTISEMENT
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Ozon Қазақстан айналымы 1,5 есеге өсті

Келесі жаңалық

Семейде Маңғыстау облысы Достық үйінің құрылысын бастады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
Категориясыз

Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды

11 августа, 2026
Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі
Категориясыз

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 августа, 2026
«Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде

11 августа, 2026
Freedom Holding Corp.-тың 2027 ф.ж. І-тоқсанындағы қаржылық нәтижелері
Категориясыз

Freedom Holding Corp.-тың 2027 ф.ж. І-тоқсанындағы қаржылық нәтижелері

11 августа, 2026
Астанада Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты
Категориясыз

Астанада Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты

10 августа, 2026
Жаңа адамдар балаларға әлеуетті қауіп төндіретін тұлғалардың арнайы реестрін құруды ұсынады
Категориясыз

Жаңа адамдар балаларға әлеуетті қауіп төндіретін тұлғалардың арнайы реестрін құруды ұсынады

10 августа, 2026
Келесі жаңалық
Семейде Маңғыстау облысы Достық үйінің құрылысын бастады

Семейде Маңғыстау облысы Достық үйінің құрылысын бастады

Құрылысшылар — ел экономикасының нағыз архитекторлары

Құрылысшылар — ел экономикасының нағыз архитекторлары

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда 3 көлік өртенді

Шығыс Қазақстанда 3 көлік өртенді

27 декабря, 2020
Тоқаев Иран Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Тоқаев Иран Президентінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

21 мая, 2024
KeshYou тобының бұрынғы әншісі жеке өмірі туралы айтты

KeshYou тобының бұрынғы әншісі жеке өмірі туралы айтты

20 сентября, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Halyk қорының 10 жылдығына орай: Алматы облысында ауыл балалары арасында республикалық турнир өтеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
  • Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі
  • «Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.