---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/08/08/ozon-%d2%9baza%d2%9bstan-ajnalymy-15-esege-%d3%a9sti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ozon Қазақстан айналымы 1,5 есеге өсті

![Ozon Қазақстан айналымы 1,5 есеге өсті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/08/photo_2025-08-08_14-41-01.jpg)

**Ozon Holdings PLC 2025 жылдың 2-тоқсаны бойынша аудиттелмеген қаржылық нәтижелерін жариялайды. Компания алғаш рет біржолғы табыстармен байланыссыз 2,2 млрд теңге таза табыс алды, ал түзетілген EBITDA 249 млрд теңге мөлшеріндегі рекордтық мәнге жетті.**

2025 жылдың 2-тоқсанында Ozon түсімі 87%-ға өсіп, 1,45 трлн теңгені құрады. Қызметтерді қоса алғанда, 2025 жылдың екінші тоқсанындағы айналым (GMV) ж/ж 51%-ға, яғни 6,09 трлн теңгеге өсті. Маркетплейстің Қазақстандағы айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңінің қорытындысына қарағанда 1,5 есеге артты.

2-тоқсанның нәтижесі бойынша компанияның 60,5 миллион белсенді сатып алушысы бар, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 18%-ға көп. Қазақстандағы өсу қарқыны едәуір жылдам: бір жыл ішінде республикадағы белсенді сатып алушылар базасы 1,5 есеге өскен. Клиенттердің адалдығы да артуда: орташа алғанда, әрбір сатып алушы Ozon-нан жылына 30-дан астам тапсырыс береді — бұл бір жыл бұрынғыдан 6 тапсырысқа көп.

Нәтижесінде, 2025 жылдың 2 тоқсанында компания өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  үштен екі тапсырысқа көбірек жеткізген – 539,4 млн. Қазақстандағы тапсырыстар саны одан да жылдам өскен — ж/ж 2 есе.

Компания қойма алаңдарын үштен бірге, яғни 3,7 млн шаршы метрге дейін ұлғайтты. Қазақстан республикасындағы компанияның логистикалық қуаттылығын Алматы фулфилмент-орталығы мен сұрыптау орталығы, Астана фулфилмент-орталығы мен сұрыптау орталығы, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Шымкент және Өскемендегі бес сұрыптау орталығы қамтамасыз етіп отыр.

** Есептіліктің рубльдік көрсеткіштері 2025 жылдың 2-тоқсанындағы орташа бағам бойынша теңгеге аударылған.*

—

Ozon —  логистикалық желісі дамыған көпсанатты маркетплейс. Компания Қазақстан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, сондай-ақ Қытай мен Түркияда бизнес жүргізеді. Алаңда кітаптар мен киімдерден бастап азық-түлік пен денсаулық сақтау тауарларына дейінгі 20-дан астам санаттағы 370 миллионнан астам тауар атауы бар. 60,5 миллион белсенді сатып алушы қазірдің өзінде Ozon-ның дамыған логистикалық инфрақұрылымының көмегімен тапсырыстарын алып отыр, бұл сондай-ақ 600 мыңнан аса кәсіпкерге өз тауарларын Ресей мен ТМД елдерінде сатуға мүмкіндік береді.

 

---

Жарияланды: 2025-08-08T13:25:06+06:00

Жаңартылды: 2025-08-08T13:25:06+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/08/08/ozon-%d2%9baza%d2%9bstan-ajnalymy-15-esege-%d3%a9sti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.