Қазақстанда ЖКО еурохаттама бойынша көбінесе қай өңірде ресімделеді

Қазақстанда ЖКО еурохаттама бойынша көбінесе қай өңірде ресімделеді

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Alatau City Garant еурохаттама бойынша 3136 төлем өтінішін қабылдады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1650 өтінішке артық, яғни өсім екі еседен артық. Сақтандыру компаниясына жол – көлік оқиғасынан зардап шеккен жүргізушілерден ең көп өтініштер қаңтар айында – 740, ең аз саны мамыр айында – 369 және маусымда 312 түсті.

Еурохаттама бойынша төлеуге өтініштер саны

2025 жылдың I жартыжылдығы 3136

2024 жылдың I жартыжылдығы – 1486

Қаңтар 740

Ақпан 610

Наурыз 663

Сәуір 442

Мамыр 369

Маусым 312

(Alatau City Garant деректері)

Еурохаттама бойынша ресімделген жол оқиғалары үшін залал төлемін 426,8 млн. теңге сомасында 2507 зардап шеккен жүргізуші алды. Өткен жылдың осы кезеңінде сақтандыру компаниясы 1190 өтінім бойынша 185,7 млн. теңге мөлшерінде залалды өтеді.

 

Еурохаттама бойынша төлемдердің жалпы мөлшері

2025 жылдың І жартыжылдығы 426,8 млн./ тг

2024 жылдың І жартыжылдығы — 185,7 млн./тг

(Alatau City Garant деректері)

Еурохаттамалар бойынша ЖКО-ларды бүкіл Қазақстан бойынша жүргізушілер өздері рәсімдейді. Бұл рәсім 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Түркістан облысы мен Шымкент, Астана және Таразда ең танымал болды. Осы кезеңде еурохаттама бойынша ресімделген ЖКО-ның ең азы Батыс Қазақстан, Қостанай және Ұлытау облыстарында тіркелді.

Еурохаттаманы пайдалана отырып, ЖКО туралы өтініштер саны бойынша өңірлердің топ-3-гі

Түркістан облысы және Шымкент 926

Астана 628

Тараз 262

Еврохаттаманы пайдалана отырып, ЖКО туралы өтініштердің ең аз саны бойынша өңірдің топ-3-гі

Батыс Қазақстан облысы 13

Қостанай облысы 18

Ұлытау облысы 6  

(Alatau City Garant деректері)

Еурохаттама бойынша ЖКО ресімдеу үшін жол апатына қатысушылар екеуден аспауы тиіс, зардап шеккен адамдар болмауы керек, жүргізушілер олардың қайсысы кінәлі, ал кім зардап шеккен екеніне өзара келісуі қажет, екі қатысушының да міндетті автосақтандыруы болуы және залал 393 мың теңгеден (100 АЕК) аспауы тиіс.