---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/08/05/etnomediacziya-bejbit-dialog-%d2%9b%d2%b1raly-retinde-a%d2%9btauda-respublikaly%d2%9b-etnomediatorlar-forumy-%d3%a9tti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ЭТНОМЕДИАЦИЯ &#8212; БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

![ЭТНОМЕДИАЦИЯ &#8212; БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/08/photo_2025-08-05_18-50-59.jpg)

**5 тамыз күні Ақтау қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «ҚХА-ға 30 жыл: бірлік пен келісім» атты республикалық этномедиаторлар форумы өтті.**

Іс-шараға еліміздің 20 өңірінен 200-ге жуық қатысушы жиналды. Форумның негізгі мақсаты — этномедиацияны қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық және әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу мен оларды реттеудің тиімді құралы ретінде талқылау. Спикерлер этномедиацияның тұрақты қоғамдық дамуға ықпал ететін, бейбіт диалог мәдениетін қалыптастырудағы маңызды құрал екенін атап өтті.

Форум жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының орынбасары Айгүл Масалимова, барлық өңірлерден келген этномедиация кеңестерінің төрағалары, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.

Форумда кәсіби медиаторларды даярлау, ведомствоаралық өзара іс-қимыл, құқықтық ағарту және қоғамда медиативтік мәдениетті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Панельдік сессия барысында қатысушылар өңірлердегі табысты тәжірибелермен бөлісіп, этномедиацияны елімізде одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелер мен болашағын талқылады.

Форум Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтіп жатқан этномедиацияға арналған ақпараттық-ағартушылық марафонның басты оқиғасына айналды.

Марафон аясында еліміздің 20 өңірінде бес мыңға жуық адамды қамтыған 100-ден астам іс-шара өтуде. Бағдарламаға көшпелі тренингтер, дөңгелек үстелдер, подкасттар, авторлық арнайы курстың тұсаукесері және дауларды соттан тыс реттеу мен этносаралық келісімді нығайтудың тиімді тетігі ретінде этномедиацияны танымал етуге бағытталған басқа да бастамалар кіреді.

---

Жарияланды: 2025-08-05T14:09:17+06:00

Жаңартылды: 2025-08-05T14:09:17+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/08/05/etnomediacziya-bejbit-dialog-%d2%9b%d2%b1raly-retinde-a%d2%9btauda-respublikaly%d2%9b-etnomediatorlar-forumy-%d3%a9tti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.