Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Инвесторларға арналған салықтық жеңілдіктер 2025 жылдан бастап күшіне енеді

admin by admin
22 июля, 2025
Инвесторларға арналған салықтық жеңілдіктер 2025 жылдан бастап күшіне енеді

Қазақстан Республикасы Президенті Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қол қойды. Бұл – кәсіби қауымдастық, мемлекеттік органдар мен заң шығарушы биліктің ұзақ уақыт бойы жүргізген бірлескен жұмысының нәтижесі. Қабылданған нормалар жеке инвесторлар үшін айрықша маңызды, себебі салық режимі инвестициялық шешім қабылдаудағы негізгі факторлардың бірі саналады.

Байланысты

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда

Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

Жаңартылған заңнамаға сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап құнды қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыс пен шығын жиынтық түрде есептеледі. Яғни, инвестор жыл бойы жасаған барлық мәмілелердің нәтижесі жалпы сомамен қаралып, алынған табыстан шығындарды шегеруге мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, құнды қағаздарды сатып алу кезінде төленетін брокерлік комиссиялар да шегерім ретінде есепке алынады. Сөйтіп, салық нақты табысқа ғана салынып, бұрынғыдай шығынға қарамастан салық төлеу қажеттілігі жойылады.

«Фридом Финанс» АҚ басқарма төрағасы Сергей Лукьянов:

«Қабылданған өзгерістер салық жүйесін логикалық, ашық әрі халықаралық стандарттарға жақын етеді. Бұлар бұрынғы көзқарастың негізгі қайшылықтарын жояды, себебі инвесторлар жалпы шығын болғанда да салық төлеуге мәжбүр бола алатын еді. Бұл өзгерістер әсіресе бөлшек нарық қатысушылары үшін маңызды, өйткені салықтық жүктеменің болжамдылығы мен әділдігі олар үшін шешуші рөл атқарады. Біз өз жүйелерімізді осы өзгерістерге бейімдеп жатырмыз, сондықтан клиенттеріміз инвестицияларға көңіл бөле отырып, салық есептеулеріне бас қатырмайды».

Freedom Finance Global вице-президенті Гали Искалиевтің айтуынша, әділ салық салу жүйесінің енгізілуі Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Кедендік бақылау комитеті, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Парламент, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы мен кәсіби қоғамдастықтың жүйелі және ашық жұмысын нәтижесі болып табылады. «Процесс қатысушыларына диалогқа дайындықтары мен бастамаларды сапалы пысықтағандары үшін алғысымызды білдіреміз. Қазір біз Қазақстан қор нарығын және жалпы ел экономикасын дамытуға қызмет ететін басқа да нормаларды талқылау кезеңінде тұрмыз», – деп атап өтті ол.

Өзгертілген құжатта құнды қағаздардың түріне қарай салық салуды саралау көзделген. Заңмен жеңілдікке ие қағаздар тізімі анықталған – олардың сатылымынан түсетін табыс салықтан босатылады. Оларға KASE және AIX биржаларының ресми тізімдеріне енгізілген құнды қағаздар, мемлекеттік және агенттік облигациялар, пайлық инвестициялық қорлардың үлестері, сондай-ақ МФЦА-да тіркелген компаниялардың акциялары жатады. Қалған қағаздар жалпы тәртіппен салыққа тартылады. Маңыздысы, жеңілдікке ие қағаздардан түскен табыс салық декларациясында көрсетілуі тиіс, алайда ол арнайы жолдар арқылы салық салынатын базаға кірмейді.

Пайда мен зиянды есептеу әр қағаз түрі: жеңілдікке ие және жеңілдік қарастырылмаған қағаздар бойынша бойынша бөлек жүргізіледі. Бір категориядағы зиян басқа категориядағы пайданы азайта алмайды. Сонымен қатар, егер инвестор жыл соңында жалпы шығынмен шықса, оны келешек салық кезеңдеріне аударуға болмайды – бұл заңда қарастырылмаған.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Табыс есептеу әдістемесі де нақты нормативті түрде бекітілді. Тек FIFO принципі – «алғашқы түскен, алғашқы шыққан» әдісі ғана рұқсат етілген. Бұл дегеніміз, қағазды сатқанда сатып алу датасына қарай бірінші түскен қағаздың құны есепке алынады, қағаз қайда сақталғанына қарамастан. Сондай-ақ, салықтық мақсаттарда бір брокердің сауда есептері арасында айырмашылық болмайды, тіпті бірдей активтер әртүрлі есептерде сақталса да, салықтық база есептелгенде алғашқы сатып алу деректері пайдаланылады. Бұл салықтық нәтижемен қаржылық нәтижеде айырмашылықтар туындауына әкелуі мүмкін. Мысалы, нақты шығын болса да, салықтық табыс пайда болуы мүмкін.

Жаңартылған редакцияда активтердің бастапқы құнын анықтауға ерекше назар аударылған. Ол құжатпен расталуы тиіс және сатып алу бағасын, брокерлік комиссияларды, опциондарға байланысты сыйақыларды, сыйлық немесе мұра ретінде алынған кездегі нарықтық құнды, сондай-ақ мүлік беру кезінде көрсетілген соманы қамтуы мүмкін. Егер инвестор сатып алу құнын құжатпен растай алмаса, ол нөлге тең болады, бұл салық салынатын базаны арттырады.

Жеңілдікпен салық салынатын юрисдикциялармен байланысты құнды қағаздарға қатысты қатаң шектеулер енгізілген. Егер осындай қағаздарға немесе мәмілелерге құқықтар осындай елдерде тіркелген болса, олардың бастапқы құны кейбір борыштық құралдардан басқа Қазақстанда нөлге тең деп танылады.

Цифрлық активтермен жасалатын операцияларға қатысты бөлек өзгерістер енгізілген. Салық кодексінде цифрлық активтермен жасалатын мәмілелерден табыс алу тәртібін реттейтін жаңа бап пайда болды. Пайда есептеуде де FIFO принципі қолданылады. Цифрлық активті басқа мүлікке айырбастау мақсатында беру сатылым деп есептелмейді. Цифрлық активтермен жасалған қаржы туындыларынан табыс алынған және пайдаланылған активтер арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Сонымен қатар, офшорлық юрисдикциядан алынған цифрлық активтің құны да нөлге тең болуы мүмкін. Барлық есептеулер мемлекеттік онлайн-ресурста жарияланған мәліметтерге негізделуі тиіс.

Жаңа реттеу – елде сауыққан инвестициялық климат құру жолындағы маңызды қадам және Қазақстан қор нарығында белсенділікті ынталандыру шарасы.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Beeline және Huawei: Алматыда мобильді байланысты жеделдеткен серіктестік — жылдамдық 40%-дан астам өсті

Келесі жаңалық

Автомобиль жолдары комитеті Ақмола және Қостанай облыстарындағы жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ
Категориясыз

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

16 июня, 2026
«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда
Категориясыз

«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда

16 июня, 2026
Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады
Категориясыз

Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

16 июня, 2026
Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі

16 июня, 2026
Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты
Категориясыз

Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты

15 июня, 2026
Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді
Категориясыз

Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді

15 июня, 2026
Келесі жаңалық
Автомобиль жолдары комитеті Ақмола және Қостанай облыстарындағы жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

Автомобиль жолдары комитеті Ақмола және Қостанай облыстарындағы жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді

Полиция ҚХР-дан оралған азаматпен профилактикалық әңгіме өткізді

Полиция ҚХР-дан оралған азаматпен профилактикалық әңгіме өткізді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алексей Навальный жазасын колонияда өтейді

Алексей Навальный жазасын колонияда өтейді

2 февраля, 2021
Әділет Тойбаев БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Әділет Тойбаев БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

25 мая, 2022
«Таза Қазақстан»: Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» жобасы жүзеге асуда

«Таза Қазақстан»: Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» жобасы жүзеге асуда

21 июня, 2024

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ
  • «Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда
  • Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.