Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Вакансияларды жылдамырақ жабу: 150 000 хабарландыруға жасалған талдау

admin by admin
16 июля, 2025
Вакансияларды жылдамырақ жабу: 150 000 хабарландыруға жасалған талдау

Қызметкер іздеу тек уақытты ғана емес, сонымен қатар стратегиялық тәсілді талап етеді. OLX.kz аналитикалық қызметі 150 000 вакансияны зерттеп, хабарландырулардың тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтады. Бұл тұжырымдар жұмыс берушілерге іріктеу процесін оңтайландырып, бос орындарды жылдамырақ жабуға көмектеседі.

Байланысты

FlyArystan Астана мен Алматыдан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстерді іске қосады

Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады

Ақмола облысы спорттық инфрақұрылымды кеңейтуде – бүгінде 1124 нысан жұмыс істейді

Хабарландыруларға жауапқа әсер ететін негізгі факторлар

Ең алдымен ескеретін жайт – маусымдық ерекшеліктер. OLX.kz деректеріне сәйкес, жұмыс берушілер ең көп жауапты қаңтар, ақпан және наурыз айларында алады. Еңбек нарығында бұл кезең дәстүрлі түрде «маусымнан тыс уақыт» саналса да, дәл осы кезде жұмыс берушілер арасындағы бәсекелестік төмен болып, әр хабарландыру ізденушілер тарапынан көбірек назарға ілігеді.

Тағы бір маңызды фактор – вакансияның жариялану ұзақтығы. 30 күннен артық белсенді тұрған хабарландырулар жауап саны бойынша жақсы динамика көрсетеді. Бұл әсіресе үміткерлердің саны емес, сапасы маңызды саналатын позициялар үшін өзекті. Ұзақ жарияланым хабарландырудың көрінуін арттырып, іріктеу тізімдеріне жиірек түсіп, қажетті аудиторияның назарын аударуға мүмкіндік береді.

Үшінші маңызды фактор – жалақы мөлшерінің көрсетілуі. OLX.kz деректеріне сәйкес, 300 000 теңгеден жоғары еңбекақы көрсетілген вакансиялар орта есеппен 36 жауап алады. Ал жалақысы көрсетілмеген хабарландырулар – небәрі 28. Жалақы деңгейі – жұмыс іздеушілер қолданатын басты сүзгілердің бірі. Сондықтан бұл ақпараттың болмауы хабарландырудың қамту аясын едәуір тарылтады – яғни, ол қызығушылық танытатын мамандардың көзіне түспей қалуы мүмкін.

OLX.kz сайтындағы хабарландырулардың небәрі 2%-ы қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынғанымен, дәл осындай вакансиялар ең жоғары жауап санын жинайды – орта есеппен 47. Салыстыру үшін айтсақ, кеңседе жұмыс істеуге арналған стандартты позицияларға шамамен 30 адам жауап береді. Бұл көрсеткіш тағы бір маңызды үрдісті растайды: икемділік – қазіргі еңбек нарығында барған сайын маңызды факторға айналуда. Қашықтан немесе аралас жұмыс кестесін ұсыну ұсыныстың тартымдылығын арттырады.

Жарияланған вакансияны алға жылжытатын ақылы құралдарды пайдалану да елеулі әсер береді. Мысалы, “Турбо сату” қызметін қолданған жұмыс берушілер стандартты жарияланыммен салыстырғанда 2,5 есе көп жауап алады. Тіпті қолжетімді “Жедел сату” функциясы да нәтижені екі еселейді. Мұндай құралдар жұмысшыны тез арада табу керек болғанда, апталап күтіп, орынсыз түйіндемелерді сұрыптамай-ақ, іздеу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

OLX.kz аналитикасы бойынша Түркістан, Алматы, Ақмола және Қызылорда облыстарында жарияланған вакансиялар орта есеппен 34,5 жауап алады. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен (23,5) әлдеқайда жоғары және ізденушілердің белсенділігін көрсетеді. Егер сіз осы өңірлердің бірінде вакансия жарияласаңыз – бұл сіздің бәсекелік артықшылығыңыз. Сонымен қатар, өңірлік жұмыс берушілер кадр іздеу шеңберін кеңейту үшін релокация немесе қашықтан жұмыс форматын қарастырғаны жөн.

OLX.kz сайтындағы барлық вакансиялардың 72%-ы үш жылдан асқан аккаунттардан жарияланады. Алайда зерттеу көрсеткендей, аккаунттың жасы жауап санына айтарлықтай әсер етпейді. Ең бастысы – вакансия мәтінінің сапасы, талаптардың ашықтығы және үміткерлермен дер кезінде байланыс орната білу.

Ең көп жауап алатын вакансиялар дәстүрлі түрде келесі салаларда тіркеледі: күзет, тәжірибеден өту (стажировка), маркетинг, құрылыс және тағы басқалар. Бұл 14 сала барлық санаттардың жартысын қамтиды және барлық жауаптардың 80%-ын жинайды – бұл үміткерлер тарапынан тұрақты сұранысты көрсетеді.

Вакансияны орналастыру тиімділігін арттыру үшін, осы салаларда болсын немесе басқа бағыттарда болсын, бірнеше негізгі факторларды ескерген жөн.

Үміткерді жылдамырақ табу үшін не істеу керек:

  1. Жалақы мөлшерін көрсетіңіз – бұл хабарландыруға деген сенімділік пен көрінуді арттырады.
  2. Қашықтан немесе аралас жұмыс форматын ұсыныңыз – мұндай ұсыныстар көбірек жауап алады.
  3. Хабарландыруды 30 күннен артық белсенді ұстаңыз – ол көбірек аудиторияны қамтиды.
  4. Ақылы ілгерілету құралдарын пайдаланыңыз – олар іздеу процесін 2-2,5 есе жылдамдатады.
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

2025 ЖЫЛДЫҢ I ЖАРТЫСЫНДА ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САТЫЛЫМЫ 26,2%-ҒА ӨСТІ

Келесі жаңалық

CAWS 2025: Орталық Азияның қойма нарығына инвестиция жасайтын уақыт

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

FlyArystan Астана мен Алматыдан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстерді іске қосады
Категориясыз

FlyArystan Астана мен Алматыдан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстерді іске қосады

10 ноября, 2025
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
Басты

Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады

10 ноября, 2025
Ақмола облысы спорттық инфрақұрылымды кеңейтуде – бүгінде 1124 нысан жұмыс істейді
Категориясыз

Ақмола облысы спорттық инфрақұрылымды кеңейтуде – бүгінде 1124 нысан жұмыс істейді

9 ноября, 2025
Freedom Holding Corp. компаниясының 2026 ф. ж. алты айдағы түсімі миллиард доллардан асты
Категориясыз

Freedom Holding Corp. компаниясының 2026 ф. ж. алты айдағы түсімі миллиард доллардан асты

8 ноября, 2025
Орталық Азияда жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен күш-жігер
Категориясыз

Орталық Азияда жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен күш-жігер

8 ноября, 2025
Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Groq (АҚШ) есептеу инфрақұрылымын енгізу және ЖИ-шешімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Категориясыз

Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Groq (АҚШ) есептеу инфрақұрылымын енгізу және ЖИ-шешімдерін дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

7 ноября, 2025
Келесі жаңалық
CAWS 2025: Орталық Азияның қойма нарығына инвестиция жасайтын уақыт

CAWS 2025: Орталық Азияның қойма нарығына инвестиция жасайтын уақыт

Шағырлой ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Шағырлой ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Sulpak-тың қасында ағаштар заңсыз шабылды

Sulpak-тың қасында ағаштар заңсыз шабылды

24 мая, 2021
Қазақстанда тағы да бензин қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда тағы да бензин қымбаттауы мүмкін

18 марта, 2021
ЖИ және БАҚ: Астанада цифрлық журналистиканың сын-қатерлері мен мүмкіндіктері талқыланды

ЖИ және БАҚ: Астанада цифрлық журналистиканың сын-қатерлері мен мүмкіндіктері талқыланды

2 июля, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Талаптарды тағайындау бойынша ҚҚС: Неліктен инкассаторлар мен салық органдары келіспейді?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вейптердің заңсыз онлайн-саудасы: «Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы аясында зерттеу жүргізілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ КӨЛЕМІН АЛУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ
  • FlyArystan Астана мен Алматыдан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстерді іске қосады
  • Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.