CAWS 2025: Орталық Азияның қойма нарығына инвестиция жасайтын уақыт

CAWS 2025: Орталық Азияның қойма нарығына инвестиция жасайтын уақыт

2025 жылғы 16 қазанда Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйінде Central Asia Warehouse Summit (CAWS) өтеді — бұл Орталық Азиядағы қойма және индустриалды жылжымайтын мүлік нарығындағы басты іс-шара.

Саммит логистика, ритейл, инвестиция және өнеркәсіптік девелопмент салаларындағы маңызды мәселелерді көтереді.

CAWS 2025 халықаралық және жергілікті сарапшыларды, ірі брендтердің топ-менеджерлерін, инвесторларды және девелоперлерді бір алаңда тоғыстырады.

Басты серіктестер:
• First – қойма және өндірістік шешімдер шығаратын жетекші компания, саммиттің бас демеушісі.
• Astron – металл конструкциялардан ғимараттар жобалауда және жасауда Еуропадағы көшбасшы.
• SPARK – Қазақстандағы жетекші логистикалық компания.
• Griffin Partners – халықаралық девелопер, қойма жылжымайтын мүлігіне инвестиция және басқару саласында маманданған.
• INFOLine – саммиттің бас талдамалық серіктесі.

Неге қатысу керек:
• Сала бойынша жаңа аналитика мен деректер
• Инвестициялық мүмкіндіктер
• Кәсіби желі кеңейтуге арналған орта
• 350-ден астам қатысушы: Орталық Азия, ТМД және алыс шетелден келген сарапшылар

Қатысушылар:
Іс-шарада төмендегідей ірі компаниялардың топ-менеджерлері болады:
Kaspi, Ozon, Wildberries, Hoff, Yandex, Sport Master, Danone, Magnum, X5 Retail Group, Nestlé, Unilever, Procter & Gamble, СДЭК, DPD, LaModa, Sulpak, Uzum және тағы басқа да ритейл көшбасшылары.

Өткен жылы:
• 11 елден 350-ден астам қатысушы
• Қойма нарығына қатысты үздік сараптамалар мен трендтер

CAWS 2025 саммиті — Орталық Азияның логистика және қойма инфрақұрылымы саласындағы ең ірі B2B іс-шаралардың бірі.

Толық ақпарат пен тіркелу: www.caws.asia

Ұйымдастырушы — IBC Global: қойма жылжымайтын мүлкі бойынша толық циклді кеңес беретін жетекші компания. Компания Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Таяу Шығыс нарықтарында табысты жұмыс істейді.