---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/07/16/2025-zhyldy%d2%a3-i-zhartysynda-zha%d2%a3a-avtomobilderdi%d2%a3-satylymy-262-%d2%93a-%d3%a9sti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 2025 ЖЫЛДЫҢ I ЖАРТЫСЫНДА ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САТЫЛЫМЫ 26,2%-ҒА ӨСТІ

![2025 ЖЫЛДЫҢ I ЖАРТЫСЫНДА ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САТЫЛЫМЫ 26,2%-ҒА ӨСТІ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/07/top_10_mausym_2025_4x5.jpg)

** «Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) мәліметінше, маусымда жаңа көліктердің сатылымы өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 16,2%-ға өсіп, 19 402 жеңіл және коммерциялық техника сатылды. Жалпы алты айда 104 869 техника сатылды, бұл 2024 жылдың алғашқы жартысындағы нәтижеден 26,2% жоғары (83 092 бірл.).**

**Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті:** *«Биыл жаңа автомобильдердің сатылымы төрт ай қатарынан 19 мың деңгейінде тұр. Бұл – жаңа көліктердің қолжетімді болуына байланысты. Мұның өзі екінші нарыққа да әсер етуде. Бұрын жаңа көлік алу туралы ойламаған көптеген қазақстандықтар енді ресми автосалондарға барып, өздеріне техника таңдап жүр. ҚАО болжамынша, бұл үрдіс алдағы айларда да сақталады. Жалпы, рекордтық сатылым – автопарктің жаңаруы, экологияның жақсаруы және жаңа көлік мінсем деген арманы шындыққа айналған он мыңдаған Қазақстан азаматы деген сөз».*

Жаздың алғашқы айында ең көп өткен 10 көлік қатарында әдеттегідей **Hyundai** көш бастады (**4116** бірл.; *былтырғы маусыммен салыстырғанда* **+17,2%**). Күміс жүлде **Chevrolet**-ге бұйырды (**2228** бірл.; **+22,8%**), бірақ оның үшінші сатыдағы **Kia**-дан небәрі 25 машинасы артық өткен (**2203** бірл.; **-26%**). Төртінші орынға талас күшейіп келеді. Бұл жолы **Jetour** бренді төртінші сатыға қайта көтерілді (**1493** бірл.; **+125,5%**), **1417** моделі иесін тапқан **Chery** бесінші орынға тұрақтады (**+14,4%**). Одан бөлек тізімде **Changan** (**1158** бірл.; **+123,6%**), **Haval**(**1025** бірл.; **+52,1%**), **Jac** (**852** бірл.; **-24,5%**, **Toyota** (**849**  бірл.; **-24,9%**) және **Geely** (**773** бірл.; **+23,1%**) бар.

Маусымда аса танымал болған модельдер рейтингінің бас жағында еш өзгеріс жоқ, **Chevrolet Cobalt** (**1762** бірл.) оза шапса, оны өкшелеп **Hyundai Tucson** (**1503** бірл.) келеді. Үштікті **Kia Sportage** (**947** бірл.) түйіндеді. Төртінші қатарға **Hyundai Elantra** (**875**бірл.) орналасты, бесінші орын **Changan CS55 Plus**-қа (**659** бірл.) бұйырды.  Сонымен қатар тізімге **Chery Tiggo 7 Pro** (**578** бірл.), **Hyundai Mufasa** (**568** бірл.), **Jetour X70** (**528** бірл.), **Chery Tiggo 2** (**488** бірл.) және **Kia Sorento** (**479** бірл.) енді.

Биылғы алты айды қорытындыласақ, брендтер арасында **Hyundai** (**24 218** бірл) басым (**+32,8%**), екінші орындағы **Chevrolet** дилерлері **13 306** машинаның кілтін тапсырды (**+66,9%**). **Kia** **11 319** сатылған автомобильмен жартыжылдықты аяқтады (**-1.7%**). Бәсекелестер көбейгенмен, төртінші орын әлі де **Chery**-дің еншісінде. Одан кейін **Jetour** (**7242**бірл.; **+86,3%**), содан соң **Haval** (**5794** бірл.; **+38,9%**) тұр. **Geely** көліктері жетінші орынға көтерілсе, **Changan** (**5005** бірл.; **+18,8%**) сегізінші сатыға жайғасты. **Jac** (**4727** бірл.; **-8,2%**) тоғызыншы орынды қанағат тұтты. Ең көп өткен маркалар тізімін **Toyota** (**4559** бірл.; **+1%**) түйіндеді.

# ТОП-20: 2025 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬ САУДАСЫ

 
**МАУСЫМ**
**ҚАҢТАР —****МАУСЫМ**
**202****4**
**202****5**
**%**
**202****4**
**202****5**
**%**
Hyundai
3 512
4 116
17,2%
18 239
24 218
32,8%
Chevrolet
1 815
2 228
22,8%
7 974
13 306
66,9%
Kia
2 979
2 203
-26,0%
11 520
11 319
-1,7%
Jetour
662
1 493
125,5%
3 888
7 242
86,3%
Chery
1 239
1 417
14,4%
6 642
7 315
10,1%
Changan
518
1 158
123,6%
4 214
5 005
18,8%
Haval
674
1 025
52,1%
4 170
5 794
38,9%
Jac
1 128
852
-24,5%
5 150
4 727
-8,2%
Toyota
1 130
849
-24,9%
4 514
4 559
1,0%
Geely
628
773
23,1%
3 255
5 271
61,9%
GAZ
376
305
-18,9%
2 026
1 894
-6,5%
Lexus
247
277
12,1%
1 694
1 265
-25,3%
Tank
154
253
64,3%
958
1 127
17,6%
Lada
12
243
1925,0%
427
1 393
226,2%
Skoda
75
241
221,3%
146
1 165
697,9%
BYD
 
200
NEW
 
598
NEW
Omoda
195
153
-21,5%
1 041
796
-23,5%
Kamaz
77
133
72,7%
356
623
75,0%
Exeed
153
126
-17,6%
911
848
-6,9%
Kaiyi
63
113
79,4%
97
584
502,1%
Басқалар
1 054
1 244
18,0%
5 870
5 820
-0,9%
**Жалпы нәтиже**
**16 691**
**19 402**
16,2%
**83 092**
**104 869**
26,2%

**Анықтама:**

*«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.*

*ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қолданылған авток**өлік**бизнесі қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.*

---

Жарияланды: 2025-07-16T09:13:36+06:00

Жаңартылды: 2025-07-16T09:13:36+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/07/16/2025-zhyldy%d2%a3-i-zhartysynda-zha%d2%a3a-avtomobilderdi%d2%a3-satylymy-262-%d2%93a-%d3%a9sti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.