Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Қызылорда жол ашып берді: UN-Habitat қолдауымен өткен Қазақстанның алғашқы Ұлттық Урбан форумына әлемнің түрлі елдерінен сарапшылар жиналды

admin by admin
12 июля, 2025
Қызылорда жол ашып берді: UN-Habitat қолдауымен өткен Қазақстанның алғашқы Ұлттық Урбан форумына  әлемнің түрлі елдерінен сарапшылар жиналды

Қызылорда  қаласы өңірлер, мемлекет және әлемдік қоғамдастық Қазақстанда алғаш рет жанды, өзгермелі жүйелер ретіндегі  қалалар туралы сөз  қозғаған  кеңістікке айналды, ал бұл қалалардың  орталық өзегін  құраушы әрине,   адам. 8 шілдеде мұнда бірінші Ұлттық Урбан Форумы өтті , оны  ұлттық урбанистикадағы жаңа тарауды бастаған оқиға деуге лайық.

Байланысты

Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды

Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді

Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды

Форумды Қызылорда облысының әкімдігі UN-Habitat қолдауымен және Экология және табиғи ресурстар министрлігімен, Сыртқы істер министрлігімен, Индустрия және құрылыс министрлігімен, «Vision Zero Community» Қоғамдық Қорымен және ARCHICA халықаралық архитектуралық медиа платформасымен серіктестікте ұйымдастырды.

Форум алаңшаларына  сәулетшілер, урбанистер, мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық институттардың, азаматтық қоғам мен бизнестің өкілдері жиналды.

Талқылаудың басты тақырыбы қалаларды тұрақты, инклюзивті және климатқа бейімделген кеңістіктерге айналдыру болды. Бұл өзгерістерді жүзеге асыруда  аймақтардың рөліне басты назар аударылды.

«Біз бұл форумның дәл   осы Қызылорда өткізілігендігін  мақтан тұтамыз. Бұл маңызды сигнал: өңірлер өзгерістер драйверлеріне айналуда», — деп атап өтті Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өзінің құттықтау сөзінде,  ол  қала құрылысы туралы сөз етілгенде әңгіменің  тек  бетон мен жолдар туралы емес, жайлылық, теңдік және тұрақты болашақ туралы қозғалатындығын айтты.

Экология министрі  Ерлан Нысанбаев өз сөзінде еліміздің әлеуметтік және экономикалық жүйесіндегі қалалардың рөлін түсінбейінше  тұрақты дамудың мүмкін еместігін  айтты. «Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы қалалардың дамуымен тікелей байланысты. Бүгінгі форум-өңірлерді тұрақты дамытуға, урбанистік күн тәртібін жаңа деңгейге көтеруге және ортақ мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған маңызды қадам», — деді ол.

UN-Habitat-тың Орталық Азия бойынша өңіраралық кеңесшісі Катя Шефер модератор болған алғашқы сессиялардың бірі форумға гуманитарлық  вектордың  басымдығын айқындап берді.  Оның айтуынша, қалалар тек кеңістік  қана емес, сонымен қатар эмоциялардың, қажеттіліктердің, қауіпсіздік пен тиістілікті  сезіне алу   сезімдерінің көрінісі. Адамға  бейімделмеген   урбанистика мағынасынан айырылады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

UN-Habitat-тың  Жаһандық шешімдер бөлімінің директоры Рафаэль Тутс Қазақстан өзін жаһандық урбан қозғалысының белсенді қатысушысы ретінде сенімді түрде  көрсетіп отырғандығын  атап өтті: «Қала-болашақтың айнасы. Егер біз бүгінгі күнде   әділ және тұрақты дамудың негізін қаламасақ, ертең   дағдарыстарға тап боламыз. Қазақстан тек үйренуге  ғана емес, өз шешімдерімен бөлісуге де дайын екенін көрсетіп отыр».

Форум тек талқылау ғана емес, сонымен қатар Гарри Доббс (Ұлыбритания), Риккардо Марини (Ұлыбритания/Италия), Юрий Милевский (Ресей/Ұлыбритания), Мария Скрябина (Саха республикасы) сияқты танымал урбанистер мен сәулетшілер қатысқан  халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Шараға қатысушылар климаттық өзгерістердің тәуекелдеріне , әсіресе елдің оңтүстік және батыс өңірлері үшін өзекті мәселелеріне ерекше назар аударды. Қалалардың тұрақтылығын арттырудың практикалық қадамдары талқыланды, оның ішінде  табиғи шешімдерден бастап цифрлық басқару платформаларына дейінгі мәселелер сөз етілді.

Аймақтық урбанизацияға арналған сессияда Катя Шефердің негізгі тезисі мынадай болды: «Дамуды орталықтандыру мүмкін емес. Біз әртүрлі адамдар үшін бірдей қалалар сала алмаймыз». Спикерлер нақты құралдарды ұсынды, оның ішінде  цифрлық кадастрлар, деректерге қолжетімділік, климат пен мәдениетке сезімтал сәулет және тұрғындардың қалалық ортаны қалыптастыруға қатысу мысалдары.

Форумның қорытынды  тақырыбы қалалардың климаттық тұрақтылығы болды, бұл мәселе  әсіресе жазғы кезеңде жоғары температура, су тапшылығы және жергілікті тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін шөлейттену процестері байқалатын Қазақстанның оңтүстігі жағдайында аса өзекті мәселе. Форумға қатысушылар адаптивті архитектураның, микроклиматтық аймақтаудың, сонымен қатар  жасыл дәліздер, суды  ұстап қалу  жүйелері және экожүйелерді қала құрылысына интеграциялау  сияқты табиғи шешімдердің қажеттілігі туралы айтты.

Сарапшылар Қызылордадағы форум жай ғана оқиға емес, абстрактілі тұжырымдамалардан — нақты шешімдерге, орталықтандырылған жоспарлаудан — өңірлік диалогқа  жеткізген  қалалық саясат ұстанымын ілгерлетудің  нағыз маркері  болғанын мойындады. Қазақстан халықаралық урбанистік қозғалысқа қосылып қана қоймай,  өзегін  қоғам, климат және әділ даму  құрайтын  бірегей күн тәртібін қалыптастыруға дайын ел ретінде танытты.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның қорытындысы жаңа стратегиялық бастамаларға негіз болады, ал Қызылорда енді географиялық қана емес, сонымен қатар Қазақстандағы қалалық ортаны маңызды   түрде түрлендірудің  мазмұнды орталығына айналды.

«Бүгінгі күнде  Қызылорда  Форум өткізген орын ғана емес, бүкіл  ел үшін   жаңа іс-қимыл  кезеңі  бастау алатын нүкте .  Біз  UN-Habitat  халықаралық урбанистикалық диалогқа  лайықты дәрежеде қатыса алдық,   енді Қазақстан  ұлттық және аймақтық қалалық форумдар желісінің  картасында ресми түрде  өз орнын ойып алып отыр. Біз үшін бұл үрдістің әріптесі болу үлкен құрмет, және қалаларымыздың  тұрақты  болашағы үшін бірлескен   жұмысты жалғастыруға дайынбыз, — деді  ARCHICA   негізін қалаушы,  Креативті индустриялар  альянсы басқармасының мүшесі Индира Махметова.

Форумды қорыта келе, Vision Zero Community  ҚҚ  жетекшісі, урбанистика және қаланың тұрақты дамуы  саласындағы сарапшы Ерқанат Зайтов былай деп қосты: «Осындай маңызды форум тарихи және мәдени мұрасы мол Қызылорда қаласында өтіп жатқанын мақтан тұтамын. Дәл осы жерде 1925-1929 жылдары ҚазАССР-нің  алғашқы астанасы болған,  бұл жер  дала  мен қазақтың  жан дүниесінің  бейнесі  саналатын  Қорқыт Ата мен қобыздың отаны.  Қызылорда-Қазақстанның әрбір өңірінің өзіндік бірегей әлеуеті бар екендігін дәлелдеді».

Форумға ақпараттық демеушілік көрсеткен жетекші медиа қатарында: Informburo, Steppe, Biz Media, Optimism.kz, Деловой Казахстан, Qazaqpress.kz, Qaz365.kz, Kazinform, Smartnews, 13.   BES Media.
Бас демеуші : Kazpetrol Group.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Comic Con Astana-2025 фестиваліне екі күн ішінде 29 000-ға жуық адам қатысты

Келесі жаңалық

Агроөнеркәсіп кешені: Тұрақты даму және азық-түлік қауіпсіздігі

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды
Басты

Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды

21 января, 2026
Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді
Категориясыз

Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді

21 января, 2026
Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды
Категориясыз

Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды

20 января, 2026
Алматыда алғаш рет қозғалыс бұзылыстары бар жасөспірімнің миын терең ынталандыру жүргізілді
Категориясыз

Алматыда алғаш рет қозғалыс бұзылыстары бар жасөспірімнің миын терең ынталандыру жүргізілді

20 января, 2026
Huawei мен Beeline Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Категориясыз

Huawei мен Beeline Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

19 января, 2026
Рейстердің орындалуына әсер ететін факторлар туралы
Категориясыз

Рейстердің орындалуына әсер ететін факторлар туралы

19 января, 2026
Келесі жаңалық
Агроөнеркәсіп кешені: Тұрақты даму және азық-түлік қауіпсіздігі

Агроөнеркәсіп кешені: Тұрақты даму және азық-түлік қауіпсіздігі

Huawei компаниясы 2025 жылы Дубайда өткен таныстырылымда жаңа инновациялық өнімдер топтамасын ұсынды

Huawei компаниясы 2025 жылы Дубайда өткен таныстырылымда жаңа инновациялық өнімдер топтамасын ұсынды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Тоқаев Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

1 сентября, 2023
Тоқаев Францияға ресми сапармен барды

Тоқаев Францияға ресми сапармен барды

29 ноября, 2022
Қыркүйек айында Қазақстан халқының саны 19,6 млн адамды құрады

Қыркүйек айында Қазақстан халқының саны 19,6 млн адамды құрады

13 октября, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AOО онкологы — бауыр обырының қауіптері мен алдын алу туралы талқылайды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды
  • Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді
  • Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.