Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Цифрлы серпіліс: Қазақстанның жасанды интеллект пен инновация жолындағы бетбұрысы

admin by admin
9 июля, 2025
Цифрлы серпіліс: Қазақстанның жасанды интеллект пен инновация жолындағы бетбұрысы

Қазіргі уақытта Қазақстан цифрлық трансформацияда өңірлік көшбасшы ретінде танылып отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Байланысты

Сақтандыру қазақстандық цифрлық экожүйелерде негізгі орынға ие болуы мүмкін, дейді сарапшы

Қатысушылардың рекордтық саны және ондаған ғылыми жаңалықтар: мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 қалай өтті

Цифрлық дәуірдегі алаяқтық індеті: Қазақстан онлайн алаяқтыққа қарсы қорғану тәсілдерін қалай жетілдіріп жатыр

Worldfinancialreview.com мәліметінше, ел тек қаржылық технологиялар (fintech) мен ІТ экспорт саласында ғана емес, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, жасанды интеллектіні (AI) дамыту және кең жолақты интернетпен қамту бағытында да айтарлықтай жетістіктерге жетті. Онлайн мемлекеттік қызметтер бойынша әлемдегі үздік ондыққа енген Қазақстан Еуразиядағы цифрлық жаңғырудың үлгісіне айналуда.

Табиғи ресурстан – цифрлық дайындыққа

Бұрын посткеңестік, ресурстарға бай экономика ретінде танылған Қазақстан бүгінде Орталық Азиядағы цифрлық жаңғыртудың алдыңғы шебінде. Елдің стратегиясы қаржылық технологияларды дамытудан кең ауқымды цифрландыруға қарай ойысты. Қазір бұл бағытқа мемлекеттік қызметтерді толық цифрландыру, интернетке тең қолжетімділік, ұлттық жасанды интеллект экожүйесі және халықаралық стартаптармен ынтымақтастық кіреді.

Қазақстанның БҰҰ-ның 2024 жылғы Электрондық үкіметті дамыту индексі бойынша Online Services Index (OSI) тізімінде Оңтүстік Корея, Эстония және Даниямен қатар әлемдік ТОП-10-ға кіруі – маңызды жетістік. Ел жалпы рейтингте төрт сатыға көтеріліп, 24-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткішпен Қазақстан Германия, Қытай және Аустралия сияқты ірі экономикаларды басып озды. ТМД елдері арасында Қазақстан электрондық басқару бойынша көш бастап тұр.

eGov.kz – цифрлық күнделікті өмірдің өзегіне айналды

Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 92%-дан астамы онлайн форматта қолжетімді. eGov.kz ұлттық порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы азаматтар 1 200-ден астам цифрлық қызметке қол жеткізе алады. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 23 миллионнан астам қызмет көрсетілсе, оның 45%-ы смартфондар арқылы орындалған – бұл мобильділікке бағытталған стратегияның табысты іске асуын білдіреді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Цифрландыру тек қолжетімділікпен шектелмейді – ол қызмет көрсету тәсіліне және деректерді басқару жүйесіне де ықпал етуде. Бизнес тіркеуден бастап денсаулық сақтау, құжаттарды жаңарту мен сот шағымдарын жолдауға дейінгі көптеген процестер eGov жүйесі арқылы іске асады.

eGov Mobile қосымшасы биометрикалық сәйкестендіру, push-хабарламалар және Kaspi.kz сынды superapp-тармен интеграциялау арқылы үздіксіз жетілдірілуде – бұл мемлекеттік және жекеменшік экожүйелер арасындағы шекараны жойып отыр.

2025 жылдың ортасына қарай порталдың тіркелген қолданушыларының саны 14,7 миллионнан асты. Соңғы бір жылда 215 мың жаңа қолданушы қосылған. Бұл – цифрлық сенім мен қабылдаудың өскенін көрсетеді.

Жасанды интеллект: стратегиялық серпіліс

2024 жылы Қазақстан Ұлттық жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын бекітті. Бұл құжат 2029 жылға дейінгі құқықтық және стратегиялық негізді қамтиды. Қазіргі уақытта бұл тұжырымдаманы толыққанды Ұлттық AI стратегиясына айналдыру жұмысы жүріп жатыр. Мақсат – AI-ды денсаулық сақтау, білім беру, энергетика, мемлекеттік басқару және ғылым салаларына енгізу.

Басты қадам – Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютердің іске қосылуы, ол 2025 жылдың шілдесінде жұмысын бастайды. Бұл AI суперкластер Цифрлық даму министрлігінің Tier III деңгейіндегі деректер орталығында орналасады және ұлттық AI платформасына біріктіріледі. Оған университеттер, стартаптар және жеке компаниялар қол жеткізе алады.

Қазіргі таңда AI туралы заң жобасы әзірленуде. Ол жасанды интеллектті жасаушы және қолданушы мемлекеттік органдар, бизнес және жеке тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін болады.

Сонымен қатар, Қазақстан Президент жанындағы Халықаралық AI Сараптамалық кеңесін құруда. Кеңес ұлттық саясатты қалыптастыруға және жаһандық әріптестікті нығайтуға бағытталған.

Стартаптар мен кадрлық әлеует: жаңа нарықтың негізі

Қазақстанның техносектордағы серпіні стартаптар экожүйесінде де айқын байқалады. 2024 жылы қазақстандық стартаптар 250 миллион доллардан астам венчурлік инвестиция тартты – бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда үш есе көп. Елдің басты акселераторы Astana Hub бүгінде 28 елден 1 300-ден астам стартапты біріктіреді. Олардың жиынтық табысы 1,2 трлн теңгеден, ал экспорт көлемі 140 млрд теңгеден асты.

Стартаптарға салық жеңілдіктері, жеңілдетілген виза рәсімдері және қаржы ресурстарына кең қолжетімділік ұсынылады. Айта кетерлігі, Telegram компаниясы 2025 жылы Astana Hub резиденті атанды, бұл Қазақстан мен жаһандық BigTech арасындағы жаңа әріптестіктің бастамасы болды.

Елімізде Codiplay, Alaqan, CITIX, CEREBRA, OGames, Parqour, ApartX сияқты жаһандық нарықта танылып үлгерген стартаптар пайда болуда. Мәселен, Codiplay – мектеп оқушыларының цифрлық сауатын арттыруға бағытталған EdTech компаниясы, ол 100 миллион долларға бағаланып отыр және бүгінде Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Түркия мен Әзербайжан сияқты елдердегі 450-ден астам мектепте енгізілген.

Қазақстан енді Сауд Арабиясы, Сингапур және АҚШ-та халықаралық технохабтар ашып, ІТ экспорт пен ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр.

2025 жылы мемлекет Qazaqstan Venture Group атты 1 миллиард долларлық венчурлік қор құрды. Ол AI-ға негізделген стартаптарды қолдауға бағытталған. Бұл бастама Astana Hub Ventures қорын толықтырып отыр. Мұндай инвестициялар инновацияны жеделдетіп, жаңа технологиялық толқынды тудырып, елдің ІТ-экожүйесін нығайтпақ.

Цифрландыру мен еңбек нарығы

Цифрлық трансформация еңбек нарығын да түбегейлі өзгертіп жатыр. 2024 жылы елде 18 000-нан астам ІТ компания жұмыс істеп, 187 000 адамды жұмыспен қамтыды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық.

Tech Orda бағдарламасы аясында 2029 жылға дейін 20 000 жаңа ІТ маман даярлау көзделіп отыр. Бұл тек кодерлерді емес, сонымен қатар жасанды интеллект инженерлері, деректер талдаушылары, өнім менеджерлері мен киберқауіпсіздік мамандарын даярлауды да қамтиды.

Бүгінде Қазақстан бойынша 18 аймақтық ІТ-хаб жұмыс істеп, талантты жастарды табу мен қолдаудың маңызды құралдарына айналуда.

Алда әлі де сын-қатерлер бар, бірақ қарқын бәсеңдеген жоқ

Жетістіктерге қарамастан, Қазақстан цифрландыруда бірқатар құрылымдық мәселелерге тап болып отыр: финтех саласындағы нарық шоғырлануы, ауылдық жерлердегі интернет сапасы мен жасанды интеллектке толық дайындықтың болмауы.

Алайда үкіметтің батыл цифрлық жол картасы, институционалдық үйлесімділік және жеке сектордың белсенді қатысуы Қазақстанның дамуын тоқтатпайтынын көрсетеді.

AI инфрақұрылымының дамуы және стартаптардың жаһандық нарыққа шығуы Қазақстанды тек өзгертіп қана қоймай, оны Еуразияның цифрлық болашағын қалыптастырып жатқан державаға айналдырып отыр.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Келесі жаңалық

Перизат Қайрат ісі: 3,5 млрд теңге жымқыру бойынша сот процесі қалай өтуде?

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сақтандыру қазақстандық цифрлық экожүйелерде негізгі орынға ие болуы мүмкін, дейді сарапшы
Категориясыз

Сақтандыру қазақстандық цифрлық экожүйелерде негізгі орынға ие болуы мүмкін, дейді сарапшы

13 апреля, 2026
Қатысушылардың рекордтық саны және ондаған ғылыми жаңалықтар: мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 қалай өтті
Категориясыз

Қатысушылардың рекордтық саны және ондаған ғылыми жаңалықтар: мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 қалай өтті

13 апреля, 2026
Цифрлық дәуірдегі алаяқтық індеті: Қазақстан онлайн алаяқтыққа қарсы қорғану тәсілдерін қалай жетілдіріп жатыр
Категориясыз

Цифрлық дәуірдегі алаяқтық індеті: Қазақстан онлайн алаяқтыққа қарсы қорғану тәсілдерін қалай жетілдіріп жатыр

13 апреля, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді
Категориясыз

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Бұхараның тарихи орындарын аралап көрді

13 апреля, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды
Категориясыз

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды

13 апреля, 2026
Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды
Категориясыз

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжатты тапсырды

13 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат ісі: 3,5 млрд теңге жымқыру бойынша сот процесі қалай өтуде?

Перизат Қайрат ісі: 3,5 млрд теңге жымқыру бойынша сот процесі қалай өтуде?

Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе ICAO басшысы Сальваторе Шаккитаномен кездесті

Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе ICAO басшысы Сальваторе Шаккитаномен кездесті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

MyBuh Конференциясы: жаңа 2026 Салық кодексіне практикалық көзқарас

MyBuh Конференциясы: жаңа 2026 Салық кодексіне практикалық көзқарас

25 сентября, 2025
Алматы автобустарында жол жүру ақысы қымбаттауы мүмкін

Қазақстандағы барлық өңір «қызыл» аймақтан шықты

6 декабря, 2021
Топан су басса да: жазғы демалыс кезінде пәтерді қалай қорғауға болады

Топан су басса да: жазғы демалыс кезінде пәтерді қалай қорғауға болады

20 июня, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сақтандыру қазақстандық цифрлық экожүйелерде негізгі орынға ие болуы мүмкін, дейді сарапшы
  • Қатысушылардың рекордтық саны және ондаған ғылыми жаңалықтар: мерейтойлық PRO.NRG FEST 2026 қалай өтті
  • Цифрлық дәуірдегі алаяқтық індеті: Қазақстан онлайн алаяқтыққа қарсы қорғану тәсілдерін қалай жетілдіріп жатыр

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.