---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/07/08/flyarystan-barly%d2%9b-ba%d2%93yt-bojynsha-biletterge-zhe%d2%a3ildik-zhariyalajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# FlyArystan барлық бағыт бойынша билеттерге жеңілдік жариялайды

![FlyArystan барлық бағыт бойынша билеттерге жеңілдік жариялайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/07/photo_2025-07-08_15-30-31.jpg)

**Қазақстандық лоукостер FlyArystan барлық маршруттық желісі бойынша әуебилеттерге арналған жаңа жеңілдік науқанының басталғанын хабарлайды. Науқан аясында Қазақстан ішіндегі рейстерге билет құны 7 000 теңгеден, ал халықаралық бағыттар бойынша 25 000 теңгеден басталады.**

2025 жылдың 8-11 шілде аралығында билеттерді [www.flyarystan.com](http://www.flyarystan.com) ресми сайтынан, FlyArystan мобильді қосымшасы мен өзге де ресми сату арналары арқылы рәсімдеуге болады.

Саяхаттау кезеңі 2025 жылдың 8 қыркүйегі мен 21 желтоқсан аралығын қамтиды. Жеңілдікпен ұсынылған тарифке салмағы 5 кг-нан аспайтын бір дана қолжүгі (өлшемдері –  56×23×36 см) және борттағы кездейсоқ орын кіреді.

FlyArystan сапарларды барынша қолжетімді ету мақсатында әуебилеттерге тұрақты түрде түрлі жеңілдіктер ұсынады. Айта кетсек, 2025 жылғы World Airline Awards марапаты бойынша FlyArystan үшінші жыл қатарынан «Орталық Азия және ТМД-ның үздік бюджеттік әуекомпаниясы» деп танылды. Марапаттау рәсімі 17 маусымда Париждегі Ле-Бурже халықаралық авиациялық көрмесі аясында өтті.

Лоукостер жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді тиімді бағада брондауды ұсынады. Барлық қосымша қызметтерді әуекомпанияның ресми сайтынан немесе FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады.

***FlyArystan туралы:***

*FlyArystan –* *Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз сертификатымен, FS коды бойынша тәуелсіз әуекомпания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024 және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.*

---

Жарияланды: 2025-07-08T10:32:43+06:00

Жаңартылды: 2025-07-08T10:32:43+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/07/08/flyarystan-barly%d2%9b-ba%d2%93yt-bojynsha-biletterge-zhe%d2%a3ildik-zhariyalajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.