Қазақстан IT саласындағы алпауыттарды артқа тастап, WSIS Prizes 2025 байқауында жеңіске жетті

Қазақстан IT саласындағы алпауыттарды артқа тастап, WSIS Prizes 2025 байқауында жеңіске жетті

7 шілде күні Женевада өткен әлемдік цифрлық саммитте – WSIS+20 форумының аясында Қазақстанның жобасы WSIS Prizes 2025 халықаралық байқауында бірінші орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Төребаев жазды.

Награданы Халықаралық электр байланысы одағының (МСЭ) басшысы Дорин Богдан-Мартин өзі табыстады. Салтанатты рәсімге түрлі елдер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Байқау барысында дауыс беруге әлем бойынша 2 миллионнан астам адам қатысқан, ал финалда қазақстандық жоба 4 бәсекелесін басып озды. Жеңіс сыйлығын Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин табыстады. Салтанатты іс-шараға мүше мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

САК дегеніміз не?

САК – Қазақстан Республикасы Президенті істері басқармасының инженерлік-техникалық орталығы әзірлеген инновациялық цифрлық жүйе. Ол еліміз бойынша: