Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

admin by admin
6 июля, 2025
Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының әйгілі «Балбырауын» күйін 3000-ға жуық домбырашы бір мезетте орындап, қала аспанын күймен тербетті. Осылайша Қопа көлінің жағасы тағы  бір домбыраның сазына шалқыды.

Байланысты

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда

Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

Таңғы салқын леп пен толқынның сыбдырына қосылған домбыра үні — қала тұрғындары мен қонақтары үшін нағыз рухани тойға айналды. Ұлттық мұраға деген іңкәрлік пен мақтаныш алаңға жиналған әр адамның жанарынан байқалды.

Бірегей көрініске облыстың түкпір-түкпірінен келген мәдениет ошақтарының өкілдері, фольклорлық ансамбльдер, өнер мектептерінің тәрбиеленушілері мен кәсіби күй шеберлері қатысты. Жас домбырашылар алдын Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенова бастап, көппен бірге күй шертті.

«Бұл Үкілі домбыра мерекесі. Кешегі сал-серілердің мекенінде, Көкшетаудың көркем жағалауында осындай игі шараның өтіп жатқаны  үлкен қуаныш. Бұл  кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық дүние. Домбыра –қасиетті мұрамыз. Оның үні әр қазақтың үйінен өшпесін. Ұрпағымыздың жүрегі домбырамен соғып тұрса, елдің рухы ешқашан сөнбейді, — деді өнер майталманы.

Флешмобқа қатысушылардың арасында жас өнерпаздар да көп болды. Солардың бірі Қосшы қаласынан келген Айгерім Нұрдібекқызы. Ол домбыра тартып жүргеніне бір жылдан асқанын айтып, бүгін «Балбырауын» мен «Адай» күйлерін орындағанын қуана жеткізді.

«Осындай үлкен шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе әрі шабыт. Ұлттық домбыра күнімен баршаңызды құттықтаймын! — дейді ол.

Шараға арнайы келіп, ерекше көріністің куәсі болған көкшетаулық тұрғын  Орал Рахимов та әсерімен бөлісті.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Бүгінгі шара – ұлттың рухын көтеретін ерекше күн. Қара домбыра әрдайым төрімізден түспесін. Тек қазақтың тойы болсын! — деп жүрекжарды тілегін білдірді. Тіпті шараға арнап домбыра туралы өлең жолдарын да оқып берді.

3000 домбырашы бір мезетте бір күйді шертуі  тек техникалық үйлесім ғана емес, бұл  рухани тұтастықтың белгісі. Әртүрлі ауылдан, әртүрлі жастан, түрлі ұжымнан жиналған домбырашылар бір алаңда бас қосып, қазақтың бөлінбес бірлігін күй арқылы паш етті.

Флешмобқа қатысушы, Аршалы ауданының Қостомар мектебінен келген 11-сынып оқушысы Ақниет Амантай да өзінің жүрекжарды тілегін білдірді.

«Домбыра үйірмесіне қатысқаныма 6 жыл болды. Осы уақыт ішінде 20-дан астам күй үйрендім. Бүгін осындай үлкен шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл күн – бәріміз үшін ерекше, — дейді.

Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова бұл шараның ауқымдылығына назар аударып, жылдағыдан ерекше өтіп жатқанын жеткізді.

«Облыстың түкпір-түкпірінен келген 3000-ға жуық домбырашы бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Бұл  тек музыкалық қойылым емес, бұл — ұлттық рухтың жаңғыруы. Домбыра күні жыл сайын осылай кең көлемде аталып өтсін! — деді.

Бұл күні күмбірлеген күй — даланың үніне, ұлттың жүрек лүпіліне айналды. Домбыраның қоңыр үнімен сусындаған көпшілік алаңнан ерекше шабытпен тарасты. Демек, күймен өрілген осы күн  ұлттық сана мен руханияттың жарқын беті ретінде ел есінде сақталары анық.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

ҚАЛАЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДИАЛОГ – ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ УРБАН ФОРУМЫНА ЖОЛ

Келесі жаңалық

Қытайдағы ШЫҰ елдері кинофестивалінде қазақстандық актер «Үздік актер» жүлдесін иеленді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ
Категориясыз

AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

16 июня, 2026
«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда
Категориясыз

«Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда

16 июня, 2026
Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады
Категориясыз

Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

16 июня, 2026
Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының II съезінде: жасампаз күштердің бірігуі

16 июня, 2026
Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты
Категориясыз

Алматыда New Vision Forum 2026 аясында 30 елден келген 4000 кәсіпкер бас қосты

15 июня, 2026
Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді
Категориясыз

Visa зерттеуі: қазақстандықтардың 72%-ы сатып алу кезінде жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін пайдаланады, алайда төлем жасау кезінде сенім негізгі фактор болып қала береді

15 июня, 2026
Келесі жаңалық
Қытайдағы ШЫҰ елдері кинофестивалінде қазақстандық актер «Үздік актер» жүлдесін иеленді

Қытайдағы ШЫҰ елдері кинофестивалінде қазақстандық актер «Үздік актер» жүлдесін иеленді

Домбыра күні СҚО ҚХА жаңа туған нәрестеге домбыра сыйлады

Домбыра күні СҚО ҚХА жаңа туған нәрестеге домбыра сыйлады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Елбасы Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Жеңіс күнімен құттықтады

9 мая, 2021
Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 2822 адам жұқтырған

17 апреля, 2021
Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

15 ноября, 2025

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ
  • «Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда
  • Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.