Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Ыстыққа дайынбыз: кондиционерлерге сұраныс 2,5 есеге артты – қазақстандықтар аптаптан қалай қорғануда

admin by admin
4 июля, 2025
Ыстыққа дайынбыз: кондиционерлерге сұраныс 2,5 есеге артты – қазақстандықтар аптаптан қалай қорғануда

Жаз келген сайын қазақстандықтар күн аса қатты ыстық болмайды деп үміттенеді. Алайда табиғат өз дегенін жасайды – сынап бағанасы тағы да шектік деңгейге жақындап қалды. Осыған байланысты, OLX аналитикалық қызметінің деректеріне сәйкес, кондиционерлерге сұраныс күрт өскен. Биыл еліміздің ірі қалаларында сатып алушылар белсенділігі орта есеппен екі есе артса, кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш үш есеге жуықтаған.

Байланысты

Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды

Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды

Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді

Сұраныстың ең айқын артуы Астанада байқалды: жаңа кондиционерлерге қатысты хабарландыруларға жауап саны былтырғы жазбен салыстырғанда 2,8 есеге артқан, ал қолданылған құрылғыларға қызығушылық бірден 3 есеге көбейген. Карағандыда да ұқсас жағдай: жаңа сплит-жүйелерге қызығушылық 2,8 есеге жуық артса, қолданылғандарға – 2 есе. Басқа өңірлер де қалыс қалмады: Шымкентте жаңа кондиционерлерге сұраныс 2,75 есеге, Ақтөбеде – 2,2 есеге, ал Алматыда – 2,3 есеге артқан. Мұндай «бір қарағанда қалыпты» динамиканың өзі мыңдаған тұтынушының сұранысын білдіруі мүмкін – және бұл былтырғыдан әлдеқайда жоғары деңгей.

Жаңа үлгілердің бағасы айтарлықтай өзгермеген. Мысалы, Астанада жаңа кондиционердің орташа бағасы 79 000 теңгеден 82 000 теңгеге дейін өскен, ал Алматыда, керісінше, сәл төмендеп, 66 000 теңгеден 63 000 теңгеге түскен. Шымкентте жоғары сұранысқа қарамастан, баға күрт көтерілген жоқ – 80 000 теңге шамасында сақталуда. Қолданылған техникада баға айырмашылығы айтарлықтай: Астанада мұндай құрылғылардың бағасы 43 000 теңгеден 60 000 теңгеге дейін өскен, ал Ақтөбеде керісінше, 55 000 теңгеден 25 000 теңгеге дейін төмендеген. Бұл – сатушылардың бәсекелестік пен аптап жағдайында тауарды тезірек өткізуге тырысып жатқанын білдіруі мүмкін.

Техникаларға деген қызығушылықтың артуы қызмет көрсетуге сұранысқа да әсер етті. Қазіргі таңда кондиционер орнату, толтыру және жөндеу қызметтерімен айналысатын шеберлердің қолы бос емес. OLX платформасында климаттық қызметтер ұсынатын мамандардың мыңнан астам өзекті хабарландыруы бар. Алматыда тұрғындар көбінесе орнату және жөндеу қызметтеріне жүгінеді – бұл қалада ең көп жауап тіркелген, ал қызметтердің орташа бағасы 20 000-нан 50 000 теңгеге дейін. Шымкентте баға шамамен 15 000-нан 50 000 теңге аралығында, жағдайға байланысты өзгереді, дегенмен қызығушылық жоғары. Астанада баға 30 000-нан 55 000 теңгеге дейін, Қарағандыда шамамен 40 000 теңге. Ал Ақтөбеде бағалар едәуір төмен: орташа есеппен 25 000 теңге. Ал кішігірім қалаларда шеберлер таңдауы шектеулі болғандықтан, қызмет көрсету мерзімі әсіресе аптаптың шарықтау кезеңінде бірнеше аптаға созылып кетуі мүмкін.

Осындай жағдайда мынадай сұрақ өзекті бола түседі: кондиционер сатып алуды кейінге қалдыру керек пе және шынымен де жазғы ыстықтан құтқаратын құрылғыны қалай таңдауға болады? Қазақстандықтар көбінесе қабырғаға орнатылатын сплит-жүйелерге басымдық береді: олар пәтерге де, шағын кеңсеге де ыңғайлы. Қуаттылықты ескеру маңызды: 10 шаршы метрге шамамен 1 киловатт қажет. Электр қуатын үнемдеу үшін энергия үнемділігі жоғары инверторлы үлгілерді таңдаған жөн. Сатып алу кезінде шудың деңгейіне, ауа тазартудың болуына, автоматты режимдерге және, әрине, кепілдікке назар аударған дұрыс. Тағы бір маңызды жайт — орнату сапасы: тіпті ең қымбат үлгі дұрыс орнатылмаса, тиімді жұмыс істемеуі мүмкін, сондықтан тәжірибелі әрі пікірлері бар мамандарды таңдаған абзал.

Ал синоптиктер алдағы күндерге салқындық уәде етпейді. Алматыда температура +39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, Шымкентте шамамен +40 градус, Қарағандыда жаңбырға қарамастан +29 градусқа дейін ысуы ықтимал. Астана мен Ақтөбеде – сәл салқынырақ: аптаның басында +26, кейін +21 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ел аумағында аптап пен жаңбыр ауысып отырады, бұл “сауна эффектісін” тудыруы мүмкін – сондықтан биыл кондиционер тек жай ғана қалау емес, нақты қажеттілікке айналды.

Ауа райының құбылмалы сипаты мен сұраныстың артуы аясында, кондиционер тұрмыстық техника емес, өмір сүрудің қажетті шарты ретінде қарастырыла бастады. Биылғы жазда нағыз бақытты адамдар – демалыста жүргендер емес, үйінде сплит-жүйесі орнатылғандар сияқты.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында «Министрге хат» атты акция өтті

Келесі жаңалық

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды
Категориясыз

Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды

12 декабря, 2025
Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды
Категориясыз

Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды

11 декабря, 2025
Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді
Категориясыз

Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді

11 декабря, 2025
Айдана Сәрсенбекқызы: «Пәндер бірікпейді! Бұл — нақты шешім, нақты бағыт»
Категориясыз

Айдана Сәрсенбекқызы: «Пәндер бірікпейді! Бұл — нақты шешім, нақты бағыт»

11 декабря, 2025
КІАҒЗИ хирургиялық қауіптілігі жоғары пациентке митральды қақпақшасының қызметі қалпына келтірілді
Категориясыз

КІАҒЗИ хирургиялық қауіптілігі жоғары пациентке митральды қақпақшасының қызметі қалпына келтірілді

11 декабря, 2025
Түркістанда өткен «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиум 300-ден астам қатысушыны біріктірді
Категориясыз

Түркістанда өткен «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиум 300-ден астам қатысушыны біріктірді

10 декабря, 2025
Келесі жаңалық
АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

Жайлылық пен қауіпсіздік: Абай даңғылында стратегиялық маңызды көпір салынып жатыр

Жайлылық пен қауіпсіздік: Абай даңғылында стратегиялық маңызды көпір салынып жатыр

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады

18 апреля, 2024
Алматыда таудан әйелдің денесі табылды

Алматыда таудан әйелдің денесі табылды

23 февраля, 2021
Мұхтар Тайжан 15 тәулікке қамауға алынды

Мұхтар Тайжан 15 тәулікке қамауға алынды

13 апреля, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «MŪNAI» – Freedom Media ұсынады: жылдың басты тұсаукесері

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • НАТО деген не және не үшін құрылды?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды
  • Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды
  • Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.