Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды

admin by admin
4 июля, 2025
АҚШ-тың үздік жақ-бет реконструктивті-пластикалық хирургтары Алматыда балаларға ота жасайды
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Алматыда Қазақстандағы Америка Сауда Палатасының (AmCham) гуманитарлық медициналық миссия жобасын талқылауға арналған отырысы өтті. Жоба аясында үздік американдық хирургтар тобы Алматыда балалар мен жас пациенттерге тегін жақ-бет реконструкциялық оталарын жасайды. Солтүстік Американың қазақстандық мәдени-іскерлік қауымдастығы (KCBANA) миссияның серіктесі болды. Кездесу халықаралық биофармацевтикалық AstraZeneca компаниясының алаңында өтті.

Байланысты

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

Қазақстанға сапары барысында доктор Даррин Хьюберт, Томас Ли, Жазира Іргебай және Мэрилин Бэгэн бастаған америкалық хирургтар Алматы қалалық №5 клиникалық ауруханасының қазақстандық дәрігерлерімен тығыз әрекеттестікте әртүрлі туа біткен деформациялары мен жүре пайда болған жарақаттары бар балалар мен ересектерге бет-жақ сүйегінің қалпына келтіру операцияларын тегін жасайды. Бұл жоба қазақстандық емделушілерге толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді, олар соңғы медициналық технологияларды пайдалана отырып, АҚШ-тағы ең үздік жақ-бет хирургтарымен бірге ота жасаудың бірегей мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, егжей-тегжейлі жеке тексеруден кейін басқа да пациенттерге кеңестер өткізіледі. Бүгінгі таңда 50-ден аса адам тегін консультация алған. Делегация Алматыда 29 маусым мен 6 шілде аралығында болады.

АҚШ Chippenham & Johnston-Willis медициналық орталығының пластикалық хирургы және пластикалық хирургия бөлімінің басшысы доктор Даррин Хьюберт отырыста миссияның қалай өтіп жатқанын айтып берді:

«Біз күн сайын таңертең екі ота жасаймыз, ал түстен кейін оқу лекцияларын өткіземіз.  Өтіп жатқан оталардың барлығы тікелей эфирде аудиторияға көрсетіледі. Біз ота жасау кезінде не істеп жатқанымызды түсіндіріп отыратындықтан, аудиторияда аудармашы жұмыс істейді. Басты мақсатымыз – балаларға сапалы ота жасау әрі сонымен қатар жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасу. Практика барысында алған дағдылар оларға болашақта  пайдасын тигізеді деп үміттенеміз».

Айнур Роджерс, Солтүстік Американың қазақстандық мәдени-іскер қауымдастығының (KCBANA) директоры: «Жобаның стратегиясы медициналық алмасудың кешенді жүйесін құруға бағытталған. Болашақта біз қазақстандық және американдық дәрігерлер үшін тағылымдамадан өту бағдарламаларын іске қосуды, резидентураны ұйымдастыруды, Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін мамандандырылған көмек ала алатын орталықтар ашуды, сондай-ақ медициналық құрал-жабдықтарды жеткізу, шалғай аймақтар мен табиғи апаттардан зардап шеккен аудандарға көмек жіберу, балалар үйлеріне қолдау көрсету мен қайырымдылық шараларын жүйелі түрде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

Сапар барысында балалар мен жасөспірімдерге барлығы 10 ота жасау жоспарланған. Тараптар екі елдің медицина қызметкерлерінің үздіксіз ынтымақтастығы үшін әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға ниетті.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Ыстыққа дайынбыз: кондиционерлерге сұраныс 2,5 есеге артты – қазақстандықтар аптаптан қалай қорғануда

Келесі жаңалық

Жайлылық пен қауіпсіздік: Абай даңғылында стратегиялық маңызды көпір салынып жатыр

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр
Категориясыз

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

9 июля, 2026
Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі
Категориясыз

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

9 июля, 2026
«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда
Категориясыз

«Қазақмыс» өңірлерде жаңа спорт нысандарын салуды жалғастыруда

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
Жайлылық пен қауіпсіздік: Абай даңғылында стратегиялық маңызды көпір салынып жатыр

Жайлылық пен қауіпсіздік: Абай даңғылында стратегиялық маңызды көпір салынып жатыр

ҚАЛАЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДИАЛОГ  – ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ УРБАН ФОРУМЫНА ЖОЛ

ҚАЛАЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДИАЛОГ – ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ҰЛТТЫҚ УРБАН ФОРУМЫНА ЖОЛ

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Шатқалға ойып жазу жазған шенеунік демалыстан шақыртылады

Шатқалға ойып жазу жазған шенеунік демалыстан шақыртылады

28 августа, 2023
Қ Р К Ф ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ» АТТЫ СҰХБАТЫНА ҚАТЫСТЫ ПІКІРІ

Қ Р К Ф ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ» АТТЫ СҰХБАТЫНА ҚАТЫСТЫ ПІКІРІ

6 января, 2026
Алматыда адвокатты соққыға жықты: «Қызды қорғағымыз келіп еді, бірақ Тұрлыхановтың ұлы мені және әйелімді ұра бастады»

Алматыда адвокатты соққыға жықты: «Қызды қорғағымыз келіп еді, бірақ Тұрлыхановтың ұлы мені және әйелімді ұра бастады»

15 февраля, 2023

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты
  • «Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.