Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жаз – демалыс емес, табыс көзі: студенттер қайдан ақша таба алады?

admin by admin
1 июля, 2025
Жаз – демалыс емес, табыс көзі: студенттер қайдан ақша таба алады?

Көптеген студенттер үшін жаз – демалыс уақыты емес, алғаш рет ақша табуға мүмкіндік. Біреулер ауылға кетсе, енді біреулер алжапқыш пен бейдж тағып, тәжірибе мен табыс іздеп, дәмханалар мен дүкендерге жұмысқа орналасады. EY HR Club кәсіби HR-қауымдастығының сарапшылары студенттердің маусымдық жұмысқа қызығушылығы тұрақты түрде жоғары екенін айтады – әсіресе мамандықты сынап көргісі келетіндер мен ата-анасына тәуелді болғысы келмейтіндер арасында.

Байланысты

Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды

Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды

Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді

«Жазғы кезең — жұмысқа орналасуға арналған ең қолайлы уақыт терезесі ретінде қабылданады», — дейді EY (Ernst & Young) кадрлармен жұмыс жөніндегі кеңес беру қызметтері тобының аға менеджері Анна Боровкова.

OLX аналитикалық қызметінің деректеріне сәйкес, табыс деңгейі салаға қарай әртүрлі. Сауда және бөлшек сауда саласында дүкен әкімшілері мен кассирлер сұранысқа ие – мұндағы орташа жалақы 180 000 – 400 000 теңге аралығында. Сұлулық және спорт индустриясында әкімшілер 185 000 – 290 000 теңге, ал қонақ үй бизнесінде 180 000 – 220 000 теңге алады. Бұл бағыттар тәжірибесі жоқ студенттерге қолжетімді: талаптар төмен, ауысымдық кесте бар, оқыту орнында өткізіледі. Мұндай жұмыстар көбіне физикалық белсенділікті талап етеді, сондықтан бір орында отыруды ұнатпайтындарға лайық. Сонымен қатар, бұл салаларда локацияны жиі ауыстыруға болады — қалада, теңіз жағасында немесе шипажайда уақытша жұмыс істеуге мүмкіндік бар.

Асхана және дәмхана саласындағы жұмыс – ең танымал жазғы нұсқалардың бірі. Дәмхана мен мейрамханаларда бариста 200 000 – 250 000 теңге, ал даяшылар 200 000 – 350 000 теңге шамасында табыс табады. Бұл жұмыс түрі тірі қарым-қатынасты, жылдам қарқынды және икемді кестені ұнататындарға арналған. Сонымен қатар, бұл салада шайпұл төленуі мүмкін, бұл жалпы табысты едәуір арттырады.

Жазда көптеген студенттер шығармашылық пен білімге негізделген жұмыстарға да бет бұрады. Мұндай жұмыстар қатарына — фотограф, копирайтер, промоутер және репетитор кіреді. OLX деректері бойынша, фотографтар ең жоғары жалақы алады: орташа жалақы 320 000 – 380 000 теңге. Жақсы жаза білетіндер копирайтер ретінде өзін сынап көре алады — мұнда 300 000 – 500 000 теңге шамасында табыс ұсынылады. Промоутерлер сәл төмен алады — 150 000 – 212 000 теңге, бірақ бұл жұмысты басқа істермен оңай үйлестіруге болады, әрі тәжірибе талап етілмейді. Ал материалды түсіндіруді жақсы көретін, оқу үлгерімі жақсы студенттерге репетиторлық жұмыс ұсынылады. Бұл жерде жалақы төменірек — 85 000 – 112 500 теңге, бірақ жүктеме де аз. Мұндай жұмыстар студенттерге өздері жақсы білетін істен ақша табуға мүмкіндік береді — ауыр физикалық еңбексіз әрі икемді форматта.

Жазғы жұмыс – ең алдымен тәжірибе. EY (Ernst & Young) кадрлармен жұмыс жөніндегі кеңес беру қызметтері тобының менеджері Аманбек Ақмергеновтың айтуынша, маусымдық жұмыс студентке тез бейімделуге, адамдармен қарым-қатынас орнатуға, жауапкершілікке үйренуге және тапсырмалардан қорықпауға көмектеседі.
«Ең қажет қасиеттер — бастамашылдық пен ашықтық», — деп атап өтеді ол. Студенттер қысқа мерзім ішінде еңбек күні қалай өтетінін, команда мүшесі болудың не екенін және жеке қасиеттердің маңызын түсінеді. Мұндай жағдайда сыпайылық, ұқыптылық және күйзеліске төзімділік аса маңызды — бұларсыз кассада да, сөре артында да жұмыс істеу қиын.

Маусымдық жұмыс қысқа мерзімді болса да, міндетті түрде рәсімделуі керек. Еңбек шарты – жай ғана қағаз емес, кепілдік: ол «Еңбек» жүйесінде тіркеліп, жұмыс кестесі, жалақы мен міндеттер сияқты негізгі шарттарды қамтуы тиіс. Шартсыз жұмыс істеген студент маңызды құқықтарынан айырылады: зейнетақы мен әлеуметтік аударымдардан, жазатайым оқиғалардан сақтандырудан және жалақыны кешіктіруден қорғанысынан.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

КАРЦИНОМА ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОНЫ ЕРТЕ КЕЗЕҢДЕ АНЫҚТАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Келесі жаңалық

Автонесиелеу және лимиттелген каско Қазақстандағы автосақтандыру нарығына қалай әсер етті

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды
Категориясыз

Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды

12 декабря, 2025
Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды
Категориясыз

Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды

11 декабря, 2025
Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді
Категориясыз

Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді

11 декабря, 2025
Айдана Сәрсенбекқызы: «Пәндер бірікпейді! Бұл — нақты шешім, нақты бағыт»
Категориясыз

Айдана Сәрсенбекқызы: «Пәндер бірікпейді! Бұл — нақты шешім, нақты бағыт»

11 декабря, 2025
КІАҒЗИ хирургиялық қауіптілігі жоғары пациентке митральды қақпақшасының қызметі қалпына келтірілді
Категориясыз

КІАҒЗИ хирургиялық қауіптілігі жоғары пациентке митральды қақпақшасының қызметі қалпына келтірілді

11 декабря, 2025
Түркістанда өткен «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиум 300-ден астам қатысушыны біріктірді
Категориясыз

Түркістанда өткен «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиум 300-ден астам қатысушыны біріктірді

10 декабря, 2025
Келесі жаңалық
Автонесиелеу және лимиттелген каско Қазақстандағы автосақтандыру нарығына қалай әсер етті

Автонесиелеу және лимиттелген каско Қазақстандағы автосақтандыру нарығына қалай әсер етті

«Ұлы дала үні»: Талдықорғанда 5000 домбырашы жаңа рекорд орнатты

«Ұлы дала үні»: Талдықорғанда 5000 домбырашы жаңа рекорд орнатты

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматылық ортопедтер жүре алмаған әйелге қайта жүру қабілетін сыйлады

Алматылық ортопедтер жүре алмаған әйелге қайта жүру қабілетін сыйлады

8 октября, 2024
Қайрат Боранбаевқа қатысты іс: сот үкім шығарды

Қайрат Боранбаевқа қатысты іс: сот үкім шығарды

15 сентября, 2023
Ерлан Қошанов ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы болып сайланды

Ерлан Қошанов ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы болып сайланды

1 февраля, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «MŪNAI» – Freedom Media ұсынады: жылдың басты тұсаукесері

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • НАТО деген не және не үшін құрылды?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды
  • Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды
  • Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.