Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

КАРЦИНОМА ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОНЫ ЕРТЕ КЕЗЕҢДЕ АНЫҚТАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

admin by admin
1 июля, 2025
КАРЦИНОМА ДЕГЕН НЕ ЖӘНЕ ОНЫ ЕРТЕ КЕЗЕҢДЕ АНЫҚТАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Карцинома — тері мен ішкі ағзалардың беткі қабатын қаптайтын эпителий жасушаларынан дамитын қатерлі ісік. Бұл қатерлі ісіктің ең жиі кездесетін түрінің бірі. Карциномаға өкпе, асқазан, ішек, сүт безі, тері және жатыр мойны обыры жатады. Бұл туралы №36 қалалық емхана онкологы Зарина Тойлыбаева айтып берді.

Байланысты

Ақмола облысы Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды

Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

Алматыда туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеді

Карциноманың пайда болуына түрлі фактор әсерінен жасушаларда мутация жүруі себеп болады. Оларға канцерогендер (темекі, алкоголь, химиялық заттар), вирустық инфекциялар (әсіресе адам папиллома вирусы — АПВ), созылмалы қабыну процесі мен жарақат, сондай-ақ тұқым қуалайтын бейімділік жатады. Зақымдалған жасушалар бақылаусыз көбейіп, айналасындағы тінге өтіп, бүкіл ағзаға таралуы мүмкін ісікке айналады.

Карциноманың бірнеше түрі бар. Аденокарцинома безді эпителийден дамиды және сүт безі, қуықасты безі, асқазан қатерлі ісігінде кездеседі. Жалпақ жасушалы карцинома тері мен шырышты қабықты, соның ішінде жатыр мойнын зақымдайды. Базальды жасушалы карцинома — баяу өсетін түрлердің бірі, көбіне егде жастағы адамдарда анықталады. Өтпелі жасушалы карцинома несеп қабы мен несеп жолдарында кездеседі.

Ауру ерте кезеңде ешқандай белгі бермеуі мүмкін. Ісіктің өсуіне қарай тығыз түзіліс немесе жазылмайтын жара, патологиялық бөлінді, қан кету, ағза қызметінің бұзылуы, түсініксіз арықтау, әлсіздік, тез шаршағыштық секілді белгілер байқала бастайды. Мұндай белгілердің кез келгені дәрігерге қаралуға себеп болуы тиіс.

Диагностикаға ультрадыбыстық зерттеу, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, эндоскопиялық зерттеулер (гастроскопия, бронхоскопия), онкомаркерлерге қан талдауы және диагнозды нақтылайтын негізгі әдіс — биопсия кіреді.

Карциноманы емдеу оның сатысына және орналасуына байланысты. Ең жиі қолданылатын әдістер — хирургиялық ота, химиотерапия, сәулелік терапия, сонымен қатар заманауи тәсілдер — мақсатты (таргетті) және иммундық терапия. Ауру неғұрлым ерте анықталса, емнің сәтті болу мүмкіндігі соғұрлым жоғары.

Алдын алудың маңызы зор. Бұл — зиянды әдеттерден бас тарту, АПВ-ға қарсы екпе алу, тұрақты медициналық тексеруден өту, скринингті (ПАП-тест, маммография, колоноскопия) дер кезінде жасату және салауатты өмір салтын ұстану.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Онколог Зарина Тойлыбаева атап өткендей, карцинома, дер кезінде анықталса үкім емес.
Дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз. Денсаулығыңызды сақтау — өзіңізге мұқият қараудан басталады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

БҚО-да қайтарылған активтер есебінен ауылдық денсаулық сақтау жүйесі қарқынды жаңғыртылуда

Келесі жаңалық

Жаз – демалыс емес, табыс көзі: студенттер қайдан ақша таба алады?

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Ақмола облысы Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды
Денсаулық

Ақмола облысы Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды

17 января, 2026
Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
Денсаулық

Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

16 января, 2026
Алматыда туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеді
Денсаулық

Алматыда туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеді

16 января, 2026
Қуық қатерлі ісігі: білу маңызды нәрселер — AOО онкологы
Денсаулық

Қуық қатерлі ісігі: білу маңызды нәрселер — AOО онкологы

15 января, 2026
AOО онкологы — бауыр обырының қауіптері мен алдын алу туралы талқылайды
Денсаулық

AOО онкологы — бауыр обырының қауіптері мен алдын алу туралы талқылайды

26 декабря, 2025
Ақтауда сирек жасалатын күрделі нейрохирургиялық ота сәтті өтті
Денсаулық

Ақтауда сирек жасалатын күрделі нейрохирургиялық ота сәтті өтті

17 декабря, 2025
Келесі жаңалық
Жаз – демалыс емес, табыс көзі: студенттер қайдан ақша таба алады?

Жаз – демалыс емес, табыс көзі: студенттер қайдан ақша таба алады?

Автонесиелеу және лимиттелген каско Қазақстандағы автосақтандыру нарығына қалай әсер етті

Автонесиелеу және лимиттелген каско Қазақстандағы автосақтандыру нарығына қалай әсер етті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Павлодар облысында КВИ жұқтырушылар саны азайып келеді

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

11 мая, 2021
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

9 февраля, 2021
Ерке Есмахан ұзатуы жайлы айтты: «Кімге сыңсу айтқызамын»

Ерке Есмахан ұзатуы жайлы айтты: «Кімге сыңсу айтқызамын»

11 октября, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AOО онкологы — бауыр обырының қауіптері мен алдын алу туралы талқылайды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Huawei мен Beeline Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
  • Рейстердің орындалуына әсер ететін факторлар туралы
  • Ақмола облысы Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.