«Қала болашағы — өңірлерден басталады». Қазақстан Ұлттық Урбан Форум – 2025

«Қала болашағы — өңірлерден басталады». Қазақстан Ұлттық Урбан Форум – 2025

Өтетін күні:  2025 жылғы 8 шілде

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Өнер орталығы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 10А ғимарат

Ұйымдастырушы: Қызылорда облысының әкімдігі

Серіктестер: UN-Habitat, ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі.

2025 жылы Ұлттық Урбан Форум алғаш рет Қызылорда қаласында өтеді. Бұл – орнықты, теңгерімді және инклюзивті қалалық дамуды талқылауға арналған ұлттық деңгейдегі басты алаң.

ФОРУМНЫҢ  НЕГІЗГІ  МАҚСАТТАРЫ:

Форумға қатысушылар  «Өңірлерден бастау алатын кешенді қалалық жаңғыру: Қазақстанда теңгерімді, инклюзивті және климатқа төзімді қалалар қалыптастыру» атты басты тақырып аясында өңірлік  орталықтардың ұлттық урбанистикалық күн тәртібін жүзеге асырудағы рөлін, климаттық тәуекелдерге тұрақтылығы мен  цифрлық жоспарлау құралдарын талқыға салады.

Форум аясында  сондай-ақ  төмендегі тақырыптық бағыттар  да қозғалады:

Форум аясында  мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, сарапшылар, бизнес пен азаматтық сектор өкілдері бас қосады. Ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, сондай-ақ UN-Habitat атқарушы директорының орынбасары (а.д.) және Ғаламдық шешімдер бөлімінің директоры Рафаэль Тутс, Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасы тұрақты өкілінің міндетін атқарушы Сухроб Ходжиматов    қатысады деп күтілуде.

Пленарлық және тақырыптық сессияларда министрліктер мен әкімдіктер басшылары, UN-Habitat, БҰҰ ДБ өкілдері, халықаралық сарапшылар, архитекторлар, урбанистер, зерттеушілер және технологиялық компаниялар қызметкерлері өз тәжірибелерімен  бөліседі.

Халықаралық  форум қонақтары: Гарри Доббс – архитектор, урбанист (Harry Dobbs Design / The WellGroup негізін қалаушы); Риккардо Марини – Marini Urbanismo негізін қалаушы; Джон Марк Клэнси – The Big Picture негізін қалаушы, иесі  және директоры; Юрий Мелявский – NOVAYA Labs, Urban Data Driven Solutions for Governments теңқұрылтайшысы, зерттеу жетекшісі және басқа да сарапшылар. 

Форум жоспарланған бастамалардың таныстырылымымен қорытындыланады, сол арқылы өңірлердегі қалалардың  тұрақты дамуы мәселелері  жөніндегі  конструктивті диалогтың негізі қаланады.

Ұлттық Урбан Форум – 2025  шарасы Қазақстандағы жаңа урбанистік мәдениетті қалыптастырудағы өңірлердің рөлін айқындау алаңы.  

Форумның  серіктестері: «Vision Zero Community» Қоғамдық Қоры, ARCHICA халықаралық архитектуралық медиаплатформасы, Қазақстанның Креативті индустриялар альянсы. Бас демеуші: Kazpetrol Group.

Форумға аккредитацияны 2025 жылғы 5 шілдеге дейін растауыңызды сұраймыз.