---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/06/30/flyarystan-zhazda-%d2%9baza%d2%9bstan-%d2%9balalary-men-kutaisi-arasynda%d2%93y-rejster-sanyn-arttyruda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# FlyArystan жазда Қазақстан қалалары мен Кутаиси арасындағы рейстер санын арттыруда

![FlyArystan жазда Қазақстан қалалары мен Кутаиси арасындағы рейстер санын арттыруда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/06/photo_2025-06-30_15-11-28.jpg)

FlyArystan әуекомпаниясы 2025 жылдың шілде айында Қазақстан қалалары мен Кутаиси арасындағы әуе қатынасын кеңейтуде. Қосымша рейстерге және қалаларға сәйкес ұшу жиілігінің 20-дан 60%-ға дейін ұлғаюы жолаушыларға жазғы сапарларын одан да қолжетімді әрі ыңғайлырақ жоспарлауға мүмкіндік ашады.

1 – 31 шілде аралығында Грузияның ірі қалаларының біріне рейстер Қазақстанның бес қаласынан жаңартылған кесте бойынша орындалады.

**Кутаисиге ұшу кестесі:**

**— **Атыраудан – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері;

**— **Ақтаудан – дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күндері;

**— **Шымкенттен – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері;

**— **Астанадан – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері.

**Кутаисиден ұшу кестесі: — **

**— **Атырауға – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері;

**— **Ақтауға – сейсенбі, сәрсенбі, жұмы, сенбі және жексенбі күндері;

**— **Шымкентке – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері;

**— **Астанаға – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері.

Алматыдан Кутаисиге ұшатын рейстер өзгеріссіз қалады: шілде айында аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері орындалады.

Әуебилеттері FlyArystan мобильді қосымшасында, [www.flyarystan.com](http://www.flyarystan.com) ресми сайты және басқа да қолайлы сату арналары арқылы рәсімдеуге қолжетімді. Стандартты тариф құнына салмағы 5 кг-ға дейінгі, өлшемдері 56 x 23 x 36 см-ден аспайтын бір дана қолжүгі және ұшақтағы кездейсоқ орын кіреді. Әуекомпания қосымша қызметтерді алдын ала онлайн рәсімдеуді ұсынады, бұл жолаушыларға  шығынды 70%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

---

Жарияланды: 2025-06-30T10:14:51+06:00

Жаңартылды: 2025-06-30T10:14:51+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/06/30/flyarystan-zhazda-%d2%9baza%d2%9bstan-%d2%9balalary-men-kutaisi-arasynda%d2%93y-rejster-sanyn-arttyruda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.