---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/06/29/%d3%99jgerim-altynbek-andrea-bochellimen-bir-sahnada-%d3%a9ner-k%d3%a9rsetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әйгерім Алтынбек Андреа Бочеллимен бір сахнада өнер көрсетті

![Әйгерім Алтынбек Андреа Бочеллимен бір сахнада өнер көрсетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/06/1200xauto_ogsdw8hyv5feqjbnm1rxhdv8livfwhgaizykiqay.jpg.webp)

**2025 жылдың 27–28 маусымында Помпейдегі амфитеатрда атақты тенор Андреа Бочеллидің концерті өтті. Концерт «Andrea Bocelli Live in Concert» атты гастрольдік тур аясында ұйымдастырылды.**

Андреа Бочеллидің концерттерінде дәстүрлі түрде әлемге әйгілі әртістер өнер көрсетеді. Италиялық маэстро осы жолы Қазақстанның опера әншісі Әйгерім Алтынбекпен бір сахнаға шығып, дуэт орындады.

Бұл кеш көрерменге ерекше әсер сыйлады. Өнерсүйер қауым үшін ұмытылмас оқиға болды.

Айта кетейік, 25 маусымда Әйгерім Алтынбек Астанада әлемге танымал тенор Хосе Каррераспен де бір сахнада өнер көрсеткен еді.

Өнерпаздардың кәсіби шеберлігі мен зор дауысы сол кеште де көрерменді бей-жай қалдырмады.

---

Жарияланды: 2025-06-29T09:33:36+06:00

Жаңартылды: 2025-06-29T09:33:36+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/06/29/%d3%99jgerim-altynbek-andrea-bochellimen-bir-sahnada-%d3%a9ner-k%d3%a9rsetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.