---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/06/28/%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-sada%d2%9bshylar-aziya-kubogynda-zhe%d2%a3iske-zhetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстандық садақшылар Азия кубогында жеңіске жетті

![Қазақстандық садақшылар Азия кубогында жеңіске жетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/06/photo_2025-06-28_17-55-30.jpg)

**Қазақстандық садақшылар Азия кубогының кезекті кезеңінде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар ұлттық құраманың бірнеше мүшесі жүлдегерлер қатарына енді. Бұл-еліміздің садақ ату спорты саласындағы жүйелі жұмыстың, спортшылар мен жаттықтырушылардың тынымсыз еңбегінің жемісі.**

Садақ ату — халқымыздың тарихи және рухани мұрасы. Ата — бабаларымыз үшін  

садақ — ерлік пен намыстың, тәртіп пен дәлдіктің нышаны болған. Бүгінгі жеңіс — ұлттың тарихи жадымен тікелей сабақтас, ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухтың көрінісі.

Сондай-ақ, осы салаға ерекше назар аударып келе жатқан Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің марапатталуын Федерация еліміздің спорт саласына көрсетілген жоғары сенім мен қолдаудың белгісі деп бағалайды.

Қазақстан Республикасының Садақ ату федерациясы барлық жеңімпаздарды, жүлдегерлерді, жаттықтырушылар мен команданың барлық мүшелерін шын жүректен құттықтайды. Бұл — ұлттық рух пен бірліктің жеңісі.

---

Жарияланды: 2025-06-28T13:34:04+06:00

Жаңартылды: 2025-06-28T13:34:04+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/06/28/%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-sada%d2%9bshylar-aziya-kubogynda-zhe%d2%a3iske-zhetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.