---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/06/27/freedom-holding-corp-kompaniyasyny%d2%a3-t%d3%99zhiribesi-stenford-biznes-mektebini%d2%a3-studentterine-d%d3%99ris-retinde-%d2%afjretiledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Freedom Holding Corp. компаниясының тәжірибесі Стэнфорд бизнес мектебінің студенттеріне дәріс ретінде үйретіледі

![Freedom Holding Corp. компаниясының тәжірибесі Стэнфорд бизнес мектебінің студенттеріне дәріс ретінде үйретіледі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/06/fcmrjwjv.webp)

**Әлемнің жетекші және неғұрлым беделді бизнес мектептерінің бірі саналатын Stanford Graduate School of Business (Stanford GSB) мектебі «Freedom Holding: Building an Ecosystem on the Path to Scale» деген атаумен Freedom Holding Corp. компаниясы туралы кейсті жариялады.**

Бұл кейс Freedom Holding Corp. компаниясының Бас атқарушы директоры Тимур Турловпен болған сұхбатқа негізделіп жасалып, компанияны масштабтау стратегиясын, қаржылық және тұтыну сервистерінің цифрлық экожүйесінің құрылымын және басқарудың негізгі шешімдерін егжей-тегжейлі сипаттайды. Бизнестің серпінді өсуіндегі технологияның, тік интеграцияның және корпоративтік мәдениеттің рөліне ерекше назар аударылады.

Stanford GSB әдіс-тәсілдерінің топтамасы MBA бағдарламаларында қолданылады және бүкіл әлем бойынша студенттер, басшылар және кәсіпкерлер үшін зерттеу нысаны болып табылады. Компанияны осы топтамаға қосу инновациялықты, орнықты өсуді және стратегиялық көшбасшылықты ескеретін қатаң іріктеудің нәтижесі болып табылады.

Freedom Holding Corp. компаниясының Бас атқарушы директоры Тимур Турлов бұл жайында былай дейді: *«Біздің мықты, клиентке бағытталған экожүйені құрудағы тәжірибеміз әлемнің жетекші бизнес мектептерінің бірі ретінде танылғанын мақтан тұтамын. Бұл жағдай біздің дұрыс бағытта келе жатқанымыздың маңызды дәлелі».*

Freedom Holding Corp. компаниясы үшін бұл жай ғана академиялық тану емес — халықаралық іскерлік қоғамдастықтың сенімінің нышаны және Қазақстанның көптеген компаниясы мен жалпы дамушы нарықтар үшін шабыт нышаны. Айта кету керек, бұл Стэнфорд бизнес мектебіндегі қазақстандық компания туралы алғашқы жағдай және еліміз үшін маңызды оқиға болып табылады. Іс-шара Қазақстанға және оның инвестициялық әлеуетіне халықаралық қызығушылықтың өсуіне ықпал етеді, сондай-ақ елді жаһандық бизнес амбициясы бар серпінді дамып келе жатқан өңір ретінде ілгерілетуге үлес қосады.

Кейс [сілтемесі](https://www.gsb.stanford.edu/faculty-research/case-studies/freedom-holding-building-ecosystem-path-scale) арқылы жарияланып, Stanford GSB мектебінің студенттеріне, қызметкерлеріне және түлектеріне қолжетімді

---

Жарияланды: 2025-06-27T08:25:25+06:00

Жаңартылды: 2025-06-27T08:25:25+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/06/27/freedom-holding-corp-kompaniyasyny%d2%a3-t%d3%99zhiribesi-stenford-biznes-mektebini%d2%a3-studentterine-d%d3%99ris-retinde-%d2%afjretiledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.