---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/06/27/%d2%b1lytau-oblysy-sha%d2%93yn-zh%d3%99ne-orta-biznesti-damytuda-k%d3%a9shbasshyly%d2%9b-pozicziyasyn-ny%d2%93ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

![Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/06/v6v9xg50gl2xyixrnp2yokojifbf7a71.jpeg)

**Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты.**

«Атамекен» палатасы жүргізетін «Іскерлік климат» рейтингінде Ұлытау облысы 2025 жылдың І тоқсаны бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл ретте, өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдің көшбасшылық позицияларын иеленгенін атап өткен жөн. Осылайша, нәтиже өңірде кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін көрсетеді.

Атап айтқанда, шағын бизнесті дамыту және мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі бойынша 1-орынға ие болды. Сондай – ақ мемлекеттік органдармен мәселелерді шешудің “бейресми тәсілдеріне” салыстырмалы түрде төмен тәуелділігін көрсетеді.

Орта бизнес бойынша да айтарлықтай ілгерілеу байқалады: облыс 2024 жылы 15-орында болса, биылғы І тоқсанда 8-орынға көтерілді. Бұл — өңірдегі кәсіпкерлік инфрақұрылымның нығайып, орта бизнеске қолайлы жағдайлар жасалып жатқанын көрсететін маңызды жетістік.

Фото: ulytau.invest.gov.kz

---

Жарияланды: 2025-06-27T11:11:41+06:00

Жаңартылды: 2025-06-27T11:11:41+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/06/27/%d2%b1lytau-oblysy-sha%d2%93yn-zh%d3%99ne-orta-biznesti-damytuda-k%d3%a9shbasshyly%d2%9b-pozicziyasyn-ny%d2%93ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.