Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Visa және Halyk She’s Next бастамасының төртінші толқынына қатысу үшін өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды

admin by admin
23 июня, 2025
Visa және Halyk She’s Next бастамасының төртінші толқынына қатысу үшін өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды

Қазақстанда She’s Next бастамасының төртінші толқынына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға бағытталған жаһандық бастама Қазақстанда Visa компаниясы мен Halyk серіктестігі аясында жүзеге асырылады.

Байланысты

Перизат Қайрат ісі: 3,5 млрд теңге жымқыру бойынша сот процесі қалай өтуде?

Цифрлы серпіліс: Қазақстанның жасанды интеллект пен инновация жолындағы бетбұрысы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

2021 жылдан бері She’s Next бастамасына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 30 мыңға жуық бастаушы және кәсібін жүргізіп жүрген кәсіпкер әйел қатысты. Алдыңғы толқындардың жеңімпаздары жалпы сомасы 29 млн теңге көлеміндегі гранттарға иеленіп, бұл оларға жаңа бизнес бастамаларды іске қосуға және жұмыс істеп тұрған жобаларын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Өз ісін дамытудағы немесе жеке кәсібін ашуды енді ғана ойлап жүрген әрбір әйел She’s Next бастамасына қатыса алады. Биыл бұл бұрынғыдан да оңай – She’s Next платформасында тіркеліп, бизнес-жоспар мен қысқаша видео-визитка жіберу жеткілікті.

«Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау – бұл тек экономикалық дамуға қосылған үлес қана емес, сонымен қатар әділетті әрі тұрақты қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Visa және Halyk жүзеге асырып жатқан She’s Next жобасы өзінің тиімділігін әлдеқашан дәлелдеді, және біз бұл бастаманың бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз. Жаңа толқын аясында біз ерекше назарды өңірлер мен моноқалалардан шыққан кәсіпкер әйелдерге, яғни, ірі қолдау бағдарламаларынан тыс қалып қоятын топтарға аударып отырмыз. Біз білім, менторлық қолдау және қаржыландыру мүмкіндіктері қатысушыларға өз бизнесін нығайтуға ғана емес, сонымен қатар өзге әйелдерге де алға ұмтылуға шабыт беріп, әлеуметтік және іскерлік ортаны өзгертуге, жергілікті қауымдастықтарды дамытуға қабілетті жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз», – деп атап өтті Halyk Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Өтінімдер 7 тамызға дейін қабылданады. Сарапшылар комиссиясының іріктеу қорытындысы бойынша 30 финалист Алматы қаласында өтетін, жабық форматтағы екі күндік She’s Next Camp бизнес-интенсивіне жолдама алады. She’s Next Camp аясында қатысушыларды практикалық воркшоптар, білім беру сессиялары және жетекші қазақстандық сарапшылар тарапынан менторлық қолдау күтеді. Бұл кезең жобаларды қазылар алқасының алдында қорғауға дайындық болмақ. Жеңімпаздар өз бизнесін құру немесе дамыту үшін қаржылай гранттарға ие болады.

Биыл She’s Next бастамасы жаңа форматпен қатар, бизнес санаттарын да кеңейтіп отыр. Бұған дейінгі дәстүрлі «Бастаушы бизнес» және « Жұмыс істеп тұрған бизнес» санаттарына қоса, жаңа «IT-бизнес» бағыты енгізілді. Ол технологиялық бизнесті дамытып жүрген немесе болашақта жүзеге асыруды армандайтын кәсіпкер әйелдерге арналған.

«Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау – Visa үшін басым бағыттардың бірі. Біз әйелдер экономикалық үдерістерге белсенді түрде қатысып жатқан Қазақстанда She’s Next жаһандық бастамасының төртінші толқынын іске қосып отырғанымызға қуаныштымыз. She’s Next – бұл тек қаржылық қолдау ғана емес, сонымен қатар білім, нетворкинг, шабыт және жан-жақты қолдау. Бұл әйелдерге өз ісін бастауға және дамытуға мүмкіндік береді.  Біз бастаманың жаңа форматы экономиканы және қоғамды оң бағытта өзгертуге дайын қабілетті кәсіпкер әйелдерді одан әрі айқындауға мүмкіндік береді деп сенеміз », – деді Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі Visa компаниясының аға вице-президенті және аймақтық менеджері Кристина Дорош.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Бастама үшінші жыл қатарынан «ASMAR» Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің ұлттық қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Қауымдастық елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ықпал етіп, жергілікті бизнес-қоғамдастықтарды қалыптастырады және әйелдерге білім, менторлық пен қаржылық қолдау алуға мүмкіндік береді.

«She’s Next – бұл жай ғана байқау емес. Бұл – әсіресе өңірлер мен моноқалалардағы мыңдаған әйелдер үшін жұмыс істеп тұрған санаулы әлеуметтік лифтілердің бірі. Кәсіпкер әйел шағын қалада грант немесе жеңілдетілген несие арқылы өз ісін ашып қана қоймай, көршілеріне жұмыс орындарын құруы – елдің шынайы дамуының көрінісі. Осы бағдарлама аясындағы әрбір жетістікке жету оқиғасы басқа әйелдердің санасындағы тосқауылдарды жойып, жаңа үлгі боларлық рөлдік модель қалыптастыруға ықпал етеді. Біздің Ассоциация ретіндегі міндетіміз – осы жетістікті бүкіл Қазақстан бойынша кеңінен таратуға көмектесу», – деп атап өтті «ASMAR» Қазақстанның кәсіпкер әйелдерінің ұлттық қауымдастығы  Президиумының төрайымы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Рамазанова.

Төртінші толқынға қатысу шарттары мен кезеңдері төменде сипатталған. 

Бастаманың төртінші толқынына қатысушылар санаттары

  1. Жұмыс істеп тұрған бизнес
  2. Бастаушы бизнес
  3. IT-бизнес

Жобаның кезеңдері

Тіркелу. Қазақстандық кәсіпкер әйелдер бастамаға қатысу үшін 23 маусым мен 7 тамыз аралығында She’s Next платформасында тіркелуі қажет.

Бизнес-жоспарлар мен видео-визиткалар. Тіркелу кезеңі аяқталғаннан кейін, 8 тамыз бен 22 тамыз аралығында әрбір қатысушы бизнес-жоспары мен ұзақтығы 2 минутқа дейінгі видео-визиткасын ұсына алады. Видео-визиткада кәсіпкер өз жобасы немесе идеясы туралы, мақсаттары мен мотивациясы жайлы айтып, неге дәл өзі She’s Next Camp-ке қатысуға лайық екенін түсіндіруі керек.

Финалистерді іріктеу. 23 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында сарапшылар алқасы барлық жолданған бизнес-жоспарлар мен видео-визиткаларды қарастырады. Бағалау нәтижесінде әр санат бойынша он, жалпы 30 финалист іріктеліп, олар Алматыда өтетін She’s Next Camp-ке шақырылады.

She’s Next Camp. 9–10 қазан күндері екі күндік бизнес-интенсив форматындағы финалдық іс-шара өтеді. Оның барысында қатысушылар білім алу бағдарламасынан өтіп, өз бизнес-жоспарларын питчингке дайындайды. She’s Next Camp-тің екінші күні қатысушылар өз жобаларын қазылар алқасының алдында қорғайды. Питчинг нәтижесі бойынша 7 жеңімпаз анықталады: «Жұмыс істеп тұрған бизнес» номинациясы бойынша 3 жеңімпаз, «Бастаушы бизнес» номинациясы бойынша 3 жеңімпаз, «IT-бизнес» номинациясы бойынша 1 жеңімпаз.

Жүлде қоры 

«Жұмыс істеп тұрған бизнес» номинациясы

  • 1 орын — 5 000 000 тг көлемінде грант
  • 2 орын — 3 000 000 тг көлемінде грант
  • 3 орын — 2 000 000 тг көлемінде грант

«Бастаушы бизнес» номинациясы

  • 1 орын — 3 000 000 тг көлемінде грант
  • 2 орын — 2 000 000 тг көлемінде грант
  • 3 орын — 1 000 000 тг көлемінде грант

«IT-бизнес» номинациясы

  • 1 500 000 тг көлемінде грант
  • Сонымен қатар, жеңімпаз заманауи технологиялар зерттеліп, төлем жүйесінің болашағын өзгертетін шешімдер жетілдірілетін Visa-ның Дубайдағы инновациялық орталығына сапар шегеді.

Бастаманың жаңалықтары мен әр кезең бойынша хабарландырулар She’s Next ресми Telegram-арнасында, сондай-ақ Visa мен Halyk-тың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.

### 

Visa компаниясы туралы

Visa (NYSE: V) – цифрлық төлемдер индустриясының әлемдік көшбасшысы. Visa тұтынушылар, бизнес, қаржылық және үкіметтік мекемелер арасындағы төлем транзакцияларын 200-ден астам елдерде және аумақтарда өңдейді. Біздің миссиямыз – инновациялық, ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, сол арқылы тұтынушылардың әл-ауқатын арттыруға және бизнес пен экономиканың өркендеуіне жәрдемдесу. Біз экономикада барлығына қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының өсуіне көмектесетініне, болашақта жаһандық ақша қозғалысы үшін негіз болатындығына сенімдіміз. Толық ақпарат https://www.visa.com.kz/ сайтында.

Halyk туралы ақпарат
Halyk – Қазақстандағы ең ірі жүйе құраушы банк. 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 18,6 трлн теңгеден астам активке ие Halyk – Қазақстандағы ең ірі клиенттік база мен 563 филиал мен бөлімшеден тұратын кең филиалдық желісі бар, еліміздің жетекші кредиттік ұйымы болып табылады. Сондай-ақ банк Грузия мен Өзбекстанда да қызмет көрсетеді. Halyk Bank әйелдер кәсіпкерлігін белсенді қолдайды: 2018 жылдан бері Қазақстанның әртүрлі өңірінен 600-ден астам әйел жалпы сомасы 7 млрд теңге болатын 6–8% жеңілдік мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие алды. Толық ақпарат halykbank.kz сайтында.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Келесі жаңалық

CAMCA Forum 2025: Жаңа әріптестік пен тұрақты даму жолында

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Перизат Қайрат ісі: 3,5 млрд теңге жымқыру бойынша сот процесі қалай өтуде?
Категориясыз

Перизат Қайрат ісі: 3,5 млрд теңге жымқыру бойынша сот процесі қалай өтуде?

9 июля, 2025
Цифрлы серпіліс: Қазақстанның жасанды интеллект пен инновация жолындағы бетбұрысы
Категориясыз

Цифрлы серпіліс: Қазақстанның жасанды интеллект пен инновация жолындағы бетбұрысы

9 июля, 2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Категориясыз

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

8 июля, 2025
FlyArystan барлық бағыт бойынша билеттерге жеңілдік жариялайды
Категориясыз

FlyArystan барлық бағыт бойынша билеттерге жеңілдік жариялайды

8 июля, 2025
Қос диплом және Қытайда оқу: Қазақстанда ЖИ бойынша бакалавриат бағдарламасы іске қосылды
Категориясыз

Қос диплом және Қытайда оқу: Қазақстанда ЖИ бойынша бакалавриат бағдарламасы іске қосылды

8 июля, 2025
Қазақстанның бірінші Урбан форумы қалай өтуде?
Категориясыз

Қазақстанның бірінші Урбан форумы қалай өтуде?

8 июля, 2025
Келесі жаңалық
CAMCA Forum 2025: Жаңа әріптестік пен тұрақты даму жолында

CAMCA Forum 2025: Жаңа әріптестік пен тұрақты даму жолында

5G-Advanced барлығына интеллектуалды байланыс ұсына отырып, барлық IoT сценарийлерін қамтиды

5G-Advanced барлығына интеллектуалды байланыс ұсына отырып, барлық IoT сценарийлерін қамтиды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

СҚО-да тас жолда өзі аударғыш жүк машинасы өртеніп кетті — сақтандырушы жүк көлігінің иесіне келтірілген залалды өтеді

СҚО-да тас жолда өзі аударғыш жүк машинасы өртеніп кетті — сақтандырушы жүк көлігінің иесіне келтірілген залалды өтеді

22 мая, 2025
Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

27 ноября, 2020
Павлодар мұнай зауытына қатысты тағы бір заңбұзушылық анықталды

Павлодар мұнай зауытына қатысты тағы бір заңбұзушылық анықталды

13 апреля, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Қазақстанда алғаш рет жетекші қытай өндірушісінің соңғы буын инновациялық өздігінен ашылатын клапанның имплантациясы жасалды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қала болашағы — өңірлерден басталады». Қазақстан Ұлттық Урбан Форум – 2025

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Air Astana World Airline Awards 2025 көрмесінде аймақтың үздік әуе компаниясы атанды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Перизат Қайрат ісі: 3,5 млрд теңге жымқыру бойынша сот процесі қалай өтуде?
  • Цифрлы серпіліс: Қазақстанның жасанды интеллект пен инновация жолындағы бетбұрысы
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.