Топан су басса да: жазғы демалыс кезінде пәтерді қалай қорғауға болады

Топан су басса да: жазғы демалыс кезінде пәтерді қалай қорғауға болады

Жаз, маусым, күн ыссы демалыс кезеңі келді. Көптен күткен сапарға бара жатқанда, жоспарлаудың маңызды кезеңін өткізіп жіберу оңай. Біз демалыс кезінде бос қалатын пәтерді қорғау туралы айтып отырмыз.

Тәйірі, оған не болуы мүмкін деп қарсылық білдіресіз. Ешкімді қорқытқымыз келмейді, алайда, жылжымайтын мүлік сегментінде сақтандыру жағдайлары үнемі болып тұрады. Мысалы, тонау. Өткен жылы ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, Қазақстанда 2373 пәтер ұрлығы орын алған. Мұндай қылмыстардың көбі Алматы мен Астана қалаларында тіркелген. Үйден ақша таппаған қарақшылар қымбат техниканы сүйреп әкете береді. Судың ағып кету де сирек емес. Сіздің пәтеріңізде су қыбыры мен жылыту жүйесі өте жақсы жағдайда болса да, кетер алдында барлық крандарды жауып тастаған болсаңыз да, ешкім Сіздің көршілеріңізден жоғарыдан су ағып кетпейтініне кепілдік бере алмайды.

Сонымен не істеу керек? Қараусыз қалған пәтерді сақтандырған дұрыс. Иә, сақтандыру ұрлықтан, су өтіп кетуден немесе өрттен қорғаныс болмайды, бірақ ол мұндай төтенше жағдайдың қаржылық салдарын өтейді.

Jusan Garant пәтерді қолжетімді бағамен сақтандыруды ұсынадыполистің бір жылға арналған құны 13200 теңгеден басталады және клиенттің өз мүлкін сақтандырғысы келетін сомаға байланысты. Бұл қаражатқа клиент төтенше жағдайларда өтемақы алады:

Сақтандыру өрттен, жарылыстан, су құбырының, жылыту мен кәріз жүйелерінің жарылуынан, тонаудан және су тасқыны, дауыл, қара құйын немесе бұршақ сияқты табиғи апаттардан қорғайды.

Клиенттер полисті Jusan Garant сайтында онлайн сатып ала алады. Бұл бар болғаны бірнеше минутты алады. Сақтандыру алдындағы тексеру немесе пәтерге құжаттар ұсынудың қажеті жоқ.