---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/06/19/flyarystan-zhaz2025-zhaz%d2%93y-nau%d2%9banyn-zhariyalajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# FlyArystan ZHAZ2025 жазғы науқанын жариялайды

![FlyArystan ZHAZ2025 жазғы науқанын жариялайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/06/photo_2025-06-19_13-58-29.jpg)

Қазақстандық лоукостер FlyArystan жазғы маусымға арналған арнайы ұсынысты іске қосқанын хабарлайды: **ZHAZ2025** промокодын енгізу арқылы әуебилеттерге 7% жеңілдік беріледі.

Науқан аясында Қазақстаннан Түркияға, Грузияға, Өзбекстанға және Қырғызстанға бағыттар қамтылады, сондай-ақ ішкі бағыт бойынша Атырау мен Ақтау арасындағы рейстерге де жеңілдік қолданылады.

**ZHAZ****2025** промокоды арқылы 7% жеңілдікпен билеттерді 2025 жылғы 19 – 22 маусым аралығында тек [www.flyarystan.com](http://www.flyarystan.com) ресми сайтында немесе FlyArystan мобильді қосымшасында* сатып алуға болады.

Науқанға келесі бағыттар қатысады:

1. Алматы – Ыстықкөл – Алматы  

2. Атырау – Ташкент – Атырау  

3. Қарағанды – Ыстамбұл – Қарағанды  

4. Ақтау – Ыстамбұл – Ақтау  

5. Ақтау – Кутаиси – Ақтау  

6. Атырау – Кутаиси – Атырау  

7. Шымкент – Кутаиси – Шымкент  

8. Астана – Бішкек – Астана  

9. Атырау – Ақтау – Атырау

Ұсыныс 2025 жылғы 19 маусымнан бастап орындалатын рейстерге қолданылады және саяхат бойынша шектеу қойылмайды (жарияланған рейс кестесіне сәйкес).

FlyArystan жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, тиімді бағада билеттерді брондауға кеңес береді. Әуебилет бағасына бір бағытқа арналған билет, салмағы 5 кг-нан және өлшемдері 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын бір дана қолжүгі, сондай-ақ борттағы кездейсоқ орын кіреді. Қосымша қызметтерді жолаушылар FlyArystan ресми сайтынан немесе мобильді қосымшасынан рәсімдей алады.

****Бір брондаумен б**ірнеше жолаушы үшін 7% жеңілдікпен билеттерді [www.flyarystan.com](http://www.flyarystan.com)* *ресми сайты**нда рәсімдеуге* *кеңес береміз. Мобильді қосымшада* *7% жеңілдікпен билет**сатып алу* *брондауда тек бір жолаушы болған жағдайда**ғана қолжетімді**.*

---

Жарияланды: 2025-06-19T09:01:01+06:00

Жаңартылды: 2025-06-19T09:33:23+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/06/19/flyarystan-zhaz2025-zhaz%d2%93y-nau%d2%9banyn-zhariyalajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.