---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/06/17/%d2%9baza%d2%9bstanda-zha%d2%a3a-avtok%d3%a9likterdi%d2%a3-satylymy-%d2%afshten-bir-esege-zhuy%d2%9b-%d3%a9sti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ САТЫЛЫМЫ ҮШТЕН БІР ЕСЕГЕ ЖУЫҚ ӨСТІ

![ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ САТЫЛЫМЫ ҮШТЕН БІР ЕСЕГЕ ЖУЫҚ ӨСТІ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/06/top_10_mamyr_2025_4x5.jpg)

**«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) мәліметінше мамырда барлық типтегі 19 377 бірл. көлік құралдары өтті, атап айтқанда, 18 576 бірл. жеңіл автомобильдер мен жеңіл коммерциялық техникалар, 801 жүк көлігі мен автобустар иесін тапқан. Бұл былтырғы мамырмен салыстырғанда 51,4% жоғары көрсеткіш (12 796 бірл.). 2025 жылдың 5 айында (қаңтар-мамыр) 85 467 көлік сатылды. Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңдегі нәтижеден 28,7% артық (66 401 бірл.).**

**Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті:** *«2025 жылдың мамыры**оң серпіннің сақталғанын көрсетті**: дилерлер банктермен күш біріктіріп,**жаңа автокөліктерді адамдар үшін қолжетімді**жағдай жасап ж**асауда**. Бұл үрдіс тұтынушылар тарапынан қолдау тауып, нарық қатысушыларының маркетингтік белсенділігімен бірге сұранысты арттырды. Осы факторлардың ықпалымен биыл алғашқы 5 айда сауда шамамен үштен бір есеге өсті деуге негіз бар. Жалпы, бұл ұлттық нарық үшін**жақсы**көрсеткіш. Қаңтар мен мамыр арасындағы бір автомобильдің орташа құны 15.9 млн теңге шамасында. Былтырғы баға да осыған жақын, тек ол кезде орташа чек 16.1 млн теңгені құрады. Сонымен қатар ел тұрғындары заманауи, технологиялы модельдерге көп қызығатынын байқап отырмыз. Біздің болжам бойынша бұл тренд жыл аяғына дейін сақталады және 2025 жылды қорытындылаған кезде сауда көлемі тарихи межеге жетуі мүмкін».** *

Ең көп өткен 10 автомобильдердің арасында әдеттегідей **Hyundai**(**4 004**бірл.; былтырғы мамырмен салыстырғанда **+66,3%**) көш бастады. **Chevrolet**әлі екінші орында (**2 344; +74,3%**), ал үштікті түйіндеген **Kia-ның 2 004**моделі өтті (**+5,3%**).  Биыл алғаш рет төртінші сатыға жайғасқан **Changan**(**1 526**бірл; **+124,7%**) маркасы **1 367**көлігі өткен **Chery-ді**ығыстырды (**+47,1%**). Одан бөлек тізімде **Jetour**(**1 278**бірл.; **+92,5%**), **Haval**(**1 141** бірл.; **+92,7%**), **Geely** (**1 009**бірл.; **+124,2%**), **Toyota** (**812** бірл.; **+42,2%**) және **Jac** (**794** бірл.; **-22,8%**) бар.

Көктемнің соңғы айында сұраныс жоғары болған модельдер ішінде  **Chevrolet** **Cobalt**(**1 869**бірл.) бірінші орын алды. Одан кейін **Hyundai Tucson**(**1 554**бірл.) мен **Kia Sportage**(**995)**тұр. Төртінші саты **Changan CS55 Plus**моделіне бұйырды**(864**бірл.). Бесінші қатарға **Hyundai Mufasa**(**581)**орналасты. Сонымен қатар тізімге **Chery Tiggo 2**(**566** бірл.), **Haval M6**(**553** бірл.),**Hyundai Santa Fe**(**506** бірл.), **Jetour X50**(**455**бірл.) және **Hyundai Elantra**(**445**бірл.) кірді.

Алғашқы бес ай қорытындысы бойынша **Hyundai**(**20 102**бірл.; **+36,5%**) ешкімге дес берер емес. **11 078**автомобилі өткен **Chevrolet** екінші жүлдеге ие болды (**+79,9%**). Үшінші орынды  **Kia (9 116; +6,7%**) алды.  **Chery**дилерлері **5 898**машинаның кілтін тапсырды. Үздік бестікке енген соңғы бренд **Jetour**– (**5 749**бірл; **+78,2%**).

# ТОП-20: 2025 ЖЫЛҒЫ МАМЫРДАҒЫ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ САУДАСЫ

 
**МА****МЫР**
**ҚАҢТАР-МАМЫР**
**2024**
**2025**
**%**
**2024**
**2025**
**%**
Hyundai
2 407
4 004
66,3%
14 727
20 102
36,5%
Chevrolet
1 345
2 344
74,3%
6 159
11 078
79,9%
Kia
1 903
2 004
5,3%
8 541
9 116
6,7%
Changan
679
1 526
124,7%
3 696
3 847
4,1%
Chery
929
1 367
47,1%
5 403
5 898
9,2%
Jetour
664
1 278
92,5%
3 226
5 749
78,2%
Haval
592
1 141
92,7%
3 496
4 769
36,4%
Geely
450
1 009
124,2%
2 627
4 498
71,2%
Toyota
571
812
42,2%
3 384
3 710
9,6%
JAC
1 028
794
-22,8%
4 022
3 875
-3,7%
GAZ
352
322
-8,5%
1 650
1 589
-3,7%
Skoda
27
280
937,0%
71
924
1201,4%
Lexus
297
260
-12,5%
1 447
988
-31,7%
Lada
10
252
NEW
415
1 150
177,1%
Exeed
232
201
-13,4%
758
722
-4,7%
Tank
145
192
32,4%
804
874
8,7%
BYD
 
176
NEW
 
398
NEW
Omoda
190
170
-10,5%
846
643
-24,0%
Subaru
71
125
76,1%
560
486
-13,2%
Kamaz
62
106
71,0%
279
490
75,6%
Басқалар
842
1 014
20,4%
4 290
4 561
6,3%
**Жалпы нәтиже**
**12 796**
**19 377**
**51,4%**
**66 401**
**85 467**
**28,7%**

* *

* *

**Анықтама***:*

*«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.*

*ҚАО құрамына Қазақстанның автоөндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автокомпонент өндірушілері қауымдастығы; Қазақстанның дилерлер қауымдастығы; Қазақстанның жүрген автомобильдерді сату бойынша қауымдастығы; Қазақстанның автосарапшылар және аудиторлар қауымдастығы (автомобильжасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау) кірді.*

---

Жарияланды: 2025-06-17T09:29:37+06:00

Жаңартылды: 2025-06-17T09:29:37+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/06/17/%d2%9baza%d2%9bstanda-zha%d2%a3a-avtok%d3%a9likterdi%d2%a3-satylymy-%d2%afshten-bir-esege-zhuy%d2%9b-%d3%a9sti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.