Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Freedom Holding Corp. 25 қ.ж. түсімі $2 миллиардтан асып түсті

admin by admin
16 июня, 2025
Freedom Holding Corp. 25 қ.ж. түсімі $2 миллиардтан асып түсті

Freedom Holding Corp. компания үшін ағымдағы жылдың 31 наурызында аяқталған 2025 қазыналық жылдың қаржылық нәтижелерін жариялайды.

Байланысты

Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

Негізгі көрсеткіштер келесі серпінді көрсетті:

  • Есепті кезеңдегі түсім $2,1 миллиардты құрап, зейнетақы аннуитеті бойынша шарттар мен жазатайым оқиғалардан сақтандыру саны артуының есебінен ол бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда $384,2 миллионға (23%) өсті. Мұнымен қоса, туынды қаржы құралдарынан түсетін  таза шығынның орнына $12,4 млн (+112%)  таза пайданы тіркеу фактісі де түсімге әсер етті. Сондай-ақ, брокерлік компаниялардың бөлшек клиенттері санының тұрақты артуының және олардың мәмілелер жасаудағы белсенділігінің арқасында, комиссиялық табыстың $440,3 миллионнан   $505 миллионға дейін (+15%) өсуін атап өткен жөн.
  • Freedom Holding Corp. таза кірісі $84,5 миллионды құрады. Холдингтің бір акцияға шаққандағы табысы $1,43*-ті құрады.
  • Холдингтің активтері $8,3 миллиардтан $9,9 миллиардқа дейін өсті (+19%). Міндеттемелер $8,7 миллиардты (+22%) құрады.

2025 қазыналық жылда Холдинг демеушілік қолдауға $51 миллионды жолдады. Қазақстан шахмат федерациясы мен QJ League-қа айтарлықтай қомақты жарна жасалды.

Есепті кезеңде клиенттік базаның өсуі жалғасты: брокерлік шоттар – 683 мың (+153 мың), сақтандыру компанияларының клиенттері – 1,2 млн (+636 мың), банктік қызметтерді пайдаланушылар – 2,5 млн (+1,6 млн), басқа сегменттерде – 605 мың (+486 мың).

Банктік қызметтердің клиенттік базасының өсуі көбіне SuperApp іске қосылуымен байланысты болды. Бірінші жылы қосымшаны 1,8 миллионнан астам пайдаланушы жүктеп алып, ал 2025 жылдың маусым айының басында олардың саны 2,3 миллионға жеткен.

Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов: «Жаңа ғана аяқталған қаржы жылы біздің компания үшін маңызды кезеңге — терең өзгерістер, қиындықтарды еңсеру және тұрақты даму кезеңіне айналды. Біз бизнес ауқымы жағынан да, инвесторларды қабылдау тұрғысынан да жаңа деңгейге шықтық. Бүгінгі таңда нарықты капиталдандырудың рекордтық өсуін ескере отырып, Freedom Holding Corp. Қазақстандағы ғана емес, сонымен қатар өңірде де сүйеу болатын ойыншы ретінде қабылданады. Біздің жетістіктеріміз — инвестордың ұзақ мерзімді стратегиясының және   сенімінің нәтижесі, оған біз шын жүректен алғысымызды білдіреміз».

Сондай-ақ, 2025 жылдың мамыр айында акциялардың құны барынша көп деңгей — $183,07-ге жеткенін, нарықтық капиталдандыру $11 млрд болғанын атап өту маңызды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

FRHC акцияларының серпіні кең нарықтан күштірек болып қалуда. S&P500 және Nasdaq негізгі индекстері күнтізбелік жыл басынан бері нөлге жуық серпінді көрсеткенімен, FRHC акциялары аталмыш кезеңде 17%-дан астамды қосты. Бұл АҚШ-тың қаржы секторының орташа көрсеткішінен айтарлықтай озып кетті және бизнестің қарқынды өсуін, сондай ақ инвесторлар тарапынан жоғары сенімді көрсетеді. Ең ірі акционерлер қатарына BlackRock, Millennium Management, Goldman Sachs, State Street Corporation, Morgan Stanley, D.E. Shaw, HRT Financial LP, SIG Holding LLC, FMR LLC  секілді институционалдық ойыншылар кіреді.

Ағымдағы жылы Freedom Holding Corp телекоммуникациялық бизнесті дамыту стратегиясын іске асыруды жалғастырды: 2025 жылғы 30 сәуірде  Astel Group Ltd.-ны сатып алу мәмілесі аяқталды. Компанияның спутниктік байланыс, жүйелік интеграция және цифрлық шешімдер саласында құзыреттілігі бар. Мәміле сомасы $22,6  миллионды құрады.

Маңызды оқиға сондай ақ  Freedom Holding Corp акцияларының жыл сайынғы қайта теңестірудің шеңберінде Russell 3000 индексінің есептеуіне  қосылуы болып табылды, ол 2025 жылғы 27 маусымында америкалық нарық жабылғаннан кейін күшіне енеді. Russell 3000 индексі АҚШ акциялары  инвестицияланатын нарығының шамамен 98%-ын құрайтын америкалық ең ірі 3019 компанияның серпінін қадағайды.

Анықтама

Компания үшін 2025 қазыналық жыл 2025 жылғы 31 наурызында аяқталды.Резервтің өзгеруі есептілік  валютасын қайта есептеумен байланысты.

Холдингтің басқа жиынтық кірістері/шығыстары еншілес ұйымдардың функционалдық валюталарында көрсетілген қаржылық есептілік көрсеткіштерін шоғырландыру кезінде холдингтің валютасына қайта есептеу нәтижесінде туындайтын есептілік валютасының резервін қайта есептеуден түсетін кірістер мен шығыстарды қамтиды. Резервтерді есептеу кезінде активтер мен міндеттемелердің баптары есепті күнгі бағам бойынша, кірістер мен шығыстар баптары есепті кезеңдегі орташа айырбас бағамы бойынша қайта есептеледі. Резервтің оң өзгерісі еншілес ұйымдардың функционалдық валюталарының холдингтік компания есеп беретін валютаға айырбастау бағамының төмендеуі нәтижесінде туындайды.

*Кіріс айналымдағы 59,4 млн дана акциялардың орташа алынған базалық саны негізінде есептелген.

Компания туралы

Freedom Holding Corp  қаржылық қызмет ұсынатын, брокерлік қызметпен, бағалы қағаздармен саудасымен, инвестициялық зерттеулермен және кеңес берумен, инвестициялық-банктік және андеррайтинг қызметтерімен, ипотекамен, сақтандырумен, телекоммуникациялармен, әуе билеттері мен мәдени және спорттық іс-шараларға билеттерді онлайн сатумен айналысатын, онлайн супермаркет қызметтерін ұсынатын және басқа да көптеген салалармен айналысатын әртараптандырылған компания болып табылады. Freedom Holding Corp.-дың еншілес компанияларын қоса алғанда 8,8 мыңнан астам қызметкері бар. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және т.б. елдерді қоса алғанда,  22 елде   орналасқан. Freedom Holding Corp. жай акциялары АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен саудаланады.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

МҚҰ облигациялары: инвестордың тәуекелдері мен артықшылықтары

Келесі жаңалық

Power Central Asia + China форумы мұнай-газ химиясы мен «жасыл» энергетика саласында стратегиялық жобаларды іске қосады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?
Категориясыз

Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?

8 июня, 2026
Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады
Мәдениет

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

8 июня, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

8 июня, 2026
Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды
Категориясыз

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

8 июня, 2026
«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті
Категориясыз

«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

8 июня, 2026
Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
Категориясыз

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

7 июня, 2026
Келесі жаңалық
Power Central Asia + China форумы мұнай-газ химиясы мен «жасыл» энергетика саласында стратегиялық жобаларды іске қосады

Power Central Asia + China форумы мұнай-газ химиясы мен «жасыл» энергетика саласында стратегиялық жобаларды іске қосады

Автокөлік кепілдігіне берілетін микрокредиттерге сұраныс артуда

Автокөлік кепілдігіне берілетін микрокредиттерге сұраныс артуда

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

«Дикий Арманның» қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды

«Дикий Арманның» қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды

5 апреля, 2022
Байғабыловқа жаңа міндеттер жүктелді

Байғабыловқа жаңа міндеттер жүктелді

3 февраля, 2021
Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің мәйіті табылды

Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің мәйіті табылды

23 сентября, 2024

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?
  • Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады
  • «Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.