Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Бизнес, қоғам және мемлекет: Моңғолияда CAMCA өңірінің болашағы талқыланады

admin by admin
16 июня, 2025
Бизнес, қоғам және мемлекет: Моңғолияда CAMCA өңірінің болашағы талқыланады

2025 жылғы 19–20 маусым аралығында Ұланбатыр қаласында CAMCA Regional Forum 2025 өтеді. Бұл – Орталық Азия, Кавказ, Моңғолия және Ауғанстан мемлекеттері арасындағы өңірлік болашақ жөніндегі стратегиялық диалогқа арналған ауқымды бейсаяси алаң. Биылғы форумның негізгі тақырыбы – «Өңірлік болашақтың көрінісі: CAMCA кеңістігіндегі бизнес, қоғам және басқару». Ол өңір дамуының келешегін жан-жақты талқылауға бағытталған. Форумды CAMCA желісі, Орталық Азия мен Кавказ институты және Рамсфелд қоры ұйымдастырады.

Байланысты

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады

Форумға CAMCA өңірін құрайтын он елден (Орталық Азия, Моңғолия, Кавказ және Ауғанстан) 300-ден астам қатысушы, сондай-ақ ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға мүдделі сарапшылар мен зерттеушілер қатысады. Бағдарлама 30-дан астам сессияны қамтиды және өңірдің дамуындағы негізгі мәселелерге басымдық береді.

Пленарлық және панельдік сессияларда сөз сөйлейтіндер қатарында – Моңғолия Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі және COP17 ұйымдастыру комитетінің мүшесі Чимгуундарий Наваан-Юнден, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы кеңесшісі профессор Брианн Тодд, сондай-ақ энергетика саласының маманы әрі Колумбия университетінің зерттеушісі Джонатан Элкинд бар. Сонымен қатар, өңірдегі стратегиялық коммуникациялар мен орнықты серіктестік мәселелерін қозғайтын TIDAM коммуникациялық агенттігінің бас директоры Айнура Умаева да форумда сөз сөйлейді. Жалпы, форумда 75-тен астам спикер өз ойларымен бөліседі.

CAMCA 2025 күн тәртібі өңірлік маңызы бар бірқатар бағыттарды қамтиды. Солардың ішінде – инвестициялар мен экономикалық тұрақтылық мәселелері бар. Бұл тақырыпқа арналған пленарлық отырыста Templeton Global Investments, Моңғолия Қор биржасы және Моңғолия Сауда және даму банкі өкілдері қатысады. Геосаясат пен «жасыл» қаржыландыру тақырыптары Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), Еуропа қайта құру және даму банкі (EBRD) және Моңғолия Табиғи мұра қоры өкілдерінің қатысуымен қарастырылады. Сессияларда сирек кездесетін пайдалы қазбалар мен жеткізу тізбектері туралы да талқылау өтеді – бұл бағытта Моңғолия өз стратегиясын Қазақстан мен халықаралық тау-кен компанияларының қатысуымен таныстырады.

Технология мен инновация тақырыбына да ерекше назар аударылады. Жасанды интеллект (ЖИ), қаржы технологиялары және стартап-экожүйелерді дамыту Accelerate Prosperity, Qazaqstan Venture Group және Моңғолиядағы технологиялық компаниялардың қатысуымен талқыланады. Бұдан бөлек, CAMCA Conversations форматында жас жаңашылдармен сұхбаттар өтеді, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Моңғолия журналистерінің қатысуымен өңірлік медиа болашағы туралы дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Форумда CAMCA институционализациясы, яғни өңірішілік тұрақты үйлестіру механизмдерін дамыту мәселесі де қарастырылады.

Форум — бүкіл өңірді өзгерте алатын идеялармен алмасуға және шешімдер іздеуге арналған бірегей алаң. Негізгі назарда – орнықты даму, климаттық бастамалар, әйелдер мен жастар көшбасшылығы, туризм, көлік, білім және тиімді мемлекеттік басқару бағыттары болады.

CAMCA Regional Forum бастапқыда өңірдегі он елдің жас көшбасшылары мен кәсіпқойлары арасында ашық диалог пен ынтымақтастықты дамыту үшін бейсаяси платформа ретінде құрылған. Форумның миссиясы – CAMCA кеңістігінде өңірлік серіктестікті ілгерілету және орнықты дамуға қолдау көрсету арқылы экономикалық өсім мен әлеуметтік прогреске ықпал ету. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы форум жаңа ынтымақтастық көкжиектерін ашып, инновациялық шешімдерге шабыт береді және ортақ өңірдің орнықты әрі өркендеген болашағын қалыптастыруға үлес қосады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Автокөлік кепілдігіне берілетін микрокредиттерге сұраныс артуда

Келесі жаңалық

Бурабайдағы триатлоннан Азия кубогының кезеңі

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Назгүл Жұмағұлова  Тәуекелі тастай кәсіпкер
Категориясыз

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

12 июня, 2026
Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр
Категориясыз

Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

12 июня, 2026
«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады
Категориясыз

«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады

11 июня, 2026
«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді
Категориясыз

«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді

11 июня, 2026
Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды
Категориясыз

Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды

11 июня, 2026
Ұлттық ғылым академиясы Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындады
Категориясыз

Ұлттық ғылым академиясы Ұлытау облысының ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттарын айқындады

11 июня, 2026
Келесі жаңалық
Бурабайдағы триатлоннан Азия кубогының кезеңі

Бурабайдағы триатлоннан Азия кубогының кезеңі

Сіздің таза болашаққа қосқан үлесіңіз: «Coca-Cola Экомарафоны» және ECOSEN басталады

Сіздің таза болашаққа қосқан үлесіңіз: "Coca-Cola Экомарафоны" және ECOSEN басталады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді

Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді

29 октября, 2024
Нұрлан Нығматулин: Бұқаралық спортты дамыту басты міндеттердің бірі

Нұрлан Нығматулин: Бұқаралық спортты дамыту басты міндеттердің бірі

9 декабря, 2020
21 маусымға арналған валюталардың ресми нарықтық бағамын ҚР Ұлттық банкі белгіледі

21 маусымға арналған валюталардың ресми нарықтық бағамын ҚР Ұлттық банкі белгіледі

20 июня, 2023

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер
  • Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады
  • Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.