Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жаңа брендтер қазақстандық нарыққа қалай шыға алады?

admin by admin
12 июня, 2025
Жаңа брендтер қазақстандық нарыққа қалай шыға алады?

Форум аясында өткен «Retail Access 2025: Аймақтық деңгейден көшбасшыға айналу» сессиясында спикерлер жаңа отандық брендтердің ірі сауда желілеріне қалай еніп, талаптарға сай жұмыс істеу керектігін, сондай-ақ сауда сөрелерінде орнығып, өңірлік немесе халықаралық деңгейге қалай шығуға болатынын талқылады.

Байланысты

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

«Спортмастер Қазақстан» желісінің тауар санаттарын басқару бөлімінің бастығы Дияр Сарсенов тұтынушының сұранысына сай жұмыс істеудің маңызын  атап өтті:

«Біздің міндетіміз — клиенттің нақты сұраныстарын анықтап, баға ғана емес, сапа, функционалдылық және стиль бойынша шешімдер ұсыну. Біз үш қағиданы ұстанамыз: технологиялылық, инновациялық шешімдер және функционалдылық. Ассортиментті спорт түріне, маусымға және тұтынушының дайындық деңгейіне қарай іріктейміз. Сонымен қатар, түпнұсқалық та маңызды — бұл жерде брендке деген сенім, сертификатталған өнім мен сенімді жеткізушілер үлкен рөл атқарады».

Parfum De Vie компаниясының бас директоры және бірлесіп негізін қалаушысы Нұрсұлтан Мұратбеков жас кәсіпкерлерге күнделікті нарықты зерттеп, өзгерістен қорықпауға кеңес берді: «Нарықты күн сайын бақылап, бәсекелестерге үнемі талдау жүргізіп отыру қажет. Ең бастысы — өзгеруден қорықпау».

Бүгінде отандық қазақ парфюмериясы Қытай мен Ресейде сатылуда, ал жуырда Parfum De Vie өнімдері Duty Free сөрелерінде пайда болды.

«Туристер Made in Kazakhstan деген белгімен шығарылған өнімдерді іздейді. Олар мұндай тауарларды дос-жарандарына, әріптестеріне сыйлық ретінде алып кетеді», — деді Нұрсұлтан Мұратбеков.

«Shin-line Group» компаниясының вице-президенті Дамир Дигай компанияның 10 елге өнім экспорттап отырғанын айтты. Қазіргі уақытта компания Сауд Арабиясы нарығына шығу үстінде.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Сауд Арабиясының орау мен марткетингке қатысты өзіндік талаптары бар. Біз осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деді Дамир Дигай.

Сонымен қатар, компания Қазақстанда Оңтүстік Кореялық CU дүкендер желісін дамытуда.

«Біз франшизаны Оңтүстік Кореядан алдық. Кореяда 18 мың дүкен бар. CU — бұл жай ғана дүкен емес, бұл дүкен-кафе. Мұнда рамен сатып алып, сол жерде дайындап жеуге болады. Алматыда бір жылда  35 дүкен аштық», — деп бөлісті компания өкілі.

Кимберли-Кларк Қазақстан сату бөлімінің жетекшісі Илья Видяев соңғы 2-3 жылда Қазақстанға 200-ден астам жаңа бренд кіргенін, бірақ аз бөлігі ғана нарықта орныға алғанын атап өтті. Бұл жерде әлеуметтік желілердегі жарнама шешуші рөл атқарады.

«Бұрын теріс пікірлер дүкенде айтылатын болса, қазір олар әлеуметтік желілерде жазылады. Тұтынушы қазір жай ғана лайк басады  немесе пікір жазады — бұл да өте маңызды көрсеткіш», — деді Илья Видяев.

Evrika Retail Group өкілі Дулат Меірбаев қазіргі брендтердің табысты болуы үшін тек үздік локациялар емес, онлайн сатылым да маңызды екенін айтты:

«2014 жылы дүкендер желісін кеңейтеміз дегенде жақсы орындардың бәрін бәсекелестер, үлкен брендтер алып қойғанын көрдік. Қазір шетелдік өндірушілер өз сайттары немесе серіктестер арқылы Қазақстанда тікелей сатады. Онлайн мен офлайн сауда нарығы араласып кетті», — деді Дулат Меірбаев.

Сөз соңында, ол тұтынушылардың тек бағаға қарап, сапаны ескерусіз қалдыратынын да айтып өтті.

«Маркетплейс арқылы сатып алу оңай. Бірақ біз тауар сапасына кепілдік береміз, өйткені өндірушімен тікелей жұмыс істейміз», — деді Дулат Меірбаев.

Ақпараттық серіктестер: Хабар Агенттігі, DKnews.kz ХАА, Kazinform ХАА, BAQ.KZ, BizMedia.kz, EL.KZ, QazaqPress.kz, MyBusiness.kz, Optimism.kz, SMARTNEWS, WEproject, THE TECH, PikirMedia.kz

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Көнеккеткен ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Келесі жаңалық

Гульмира Убегалиева Jusan Garant Басқарма төрайымы болып тағайындалды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

13 июля, 2026
Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр
Категориясыз

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

9 июля, 2026
Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі
Категориясыз

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
Гульмира Убегалиева Jusan Garant Басқарма төрайымы болып тағайындалды

Гульмира Убегалиева Jusan Garant Басқарма төрайымы болып тағайындалды

Алматыда Балалар гольф академиясының жаттығу корпусы ашылды

Алматыда Балалар гольф академиясының жаттығу корпусы ашылды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сессиясында сөз сөйледі

Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сессиясында сөз сөйледі

23 июня, 2026
Семейдегі әлімжеттік: бала мемлекеттің қамқорлығына алынды, кінәлілер қатаң жазаға тартылды

Семейдегі әлімжеттік: бала мемлекеттің қамқорлығына алынды, кінәлілер қатаң жазаға тартылды

2 апреля, 2025
Алматылық дизайнердің өліміне айыпты 11 жылға сотталды

Алматылық дизайнердің өліміне айыпты 11 жылға сотталды

22 февраля, 2021

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.