Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Шетелде дәрігерлерге қарызданып қалмауға қалай жол бермеуге болады: демалыстағы саяхатшыларды сақтандыру туралы негізгі сұрақтар

admin by admin
11 июня, 2025
Шетелде дәрігерлерге қарызданып қалмауға қалай жол бермеуге болады: демалыстағы саяхатшыларды сақтандыру туралы негізгі сұрақтар

Жаз — өмірдің кішігірім қызықты кезеңі. Және әркім оны ұмытылмастай қылып өткізгісі келеді, мүмкіндігі болса, әрине, шетелде өтсе дейді. Елестетіп көріңізші, Сіз еуропалық қалалардың көшелерімен серуендеп жүрсіз немесе Түркиядағы Жерорта теңізінің суында сүңгіп жүрсіз, мүмкін Вьетнамдағы Меконг өзенімен қайықпен жүзіп жүрсіз – міне, осы кезде күтпеген жерден жарақат алдыңыз, уландыңыз немесе басқа бір жайсыз жәйт орын алды делік. Не істеу керек? Әрине, дәрігерге жүгіру керек, содан кейін оның емдеу шотына қарап, одан да үйде қалған дұрыс болар еді деп ойлайсыз. Мұндай жағдайға тап болмас үшін медициналық сақтандыру қажет.

Байланысты

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Jusan Garant сарапшылары туристердің жиі қойылатын сұрақтарына жауап береді: полистер қандай, сақтандыру қанша тұрады, ол қандай жағдайларды қамтиды және көмекке қайда жүгіну керек?

Туристік сақтандырудың бәрі бірдей емес пе?

Жоқ, сақтандырудың екі түрі бар – міндетті және ерікті сақтандыру. Міндетті сақтандыру саяхатшылар туристік агенттіктерде рәсімдейтін туристік пакетке міндетті түрде енгізіледі. Полис әдетте, қонақүй ваучерлерімен және электронды билеттермен бірге жүреді. Мұндай сақтандырудың мемлекет белгілеген өтем шегі бар, яғни, бұл Сіз шетелде медициналық көмек ала алатын ең жоғары сома.

Ерікті медициналық сақтандыруда лимиттер ауқымдырақ. Турист сақтандыру сомасын қай елге және қандай мерзімге баратындығына байланысты өзі таңдайды. Полистің құны да осыған байланысты. Ерікті сақтандыруды шетелге өз бетінше баратын саяхатшылар алады, сондай-ақ максималды қорғаныс болуы үшін міндетті сақтандырумен қатар «пакеттерде» ресімделеді. Ол шетелде оқитын студенттерге, спортшыларға, шетелдік жарыстар мен іссапарлар кезінде қажет.

Жарайды, сақтандыру түрлері түсінікті болса, енді қандай жағдайлар сақтандыру жағдайлары болып саналатынына тоқталайық

Ерікті және міндетті сақтандыру да төтенше жағдайларда медициналық көмекті, ауруханаға жатқызуды немесе амбулаториялық емдеуді қамтиды. Шұғыл көрсеткіштердің тізімі ауқымды. Бұл жазатайым оқиға, күйік пен үсік сияқты жарақаттар, сынықтар, улану, аллергия, қан кету, жедел миокард инфарктісі, гипертониялық криз және басқа кенеттен болатын жіті аурулар, созылмалы аурудың өршуі болуы мүмкін. Сондай-ақ, сақтандыру дәрігердің нұсқауы бойынша шұғыл стоматология мен дәрі-дәрмектерді де қамтиды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Сондай-ақ, стоматологияға көбірек тоқталсақ, қалай?

Медициналық сақтандыру шұғыл стоматологиялық көмек шығындарын өтейді. Мұнда не кіруі мүмкін – өткір тіс ауруы, жазатайым жағдайға байланысты жақтың шығуы немесе сынуы. Сақтандырушы жақтың шығуы мен сынуы, анестезия, нервтерді алып тастау, пломбалау, тігістер салу сияқты тіс ауруын жоюға арналған қажетті барлық манипуляциялар үшін хирургиялық шығындарды өз мойнына алады.

Мүмкін, сақтандыруды рәсімдеу орасан көп қаржы тұратын шығар?

Маған сеніңіз, олай емес. Полистің құны демалыста жұмсауға жоспарлаған ақшаның жүзден бір бөлігін ғана құрауы мүмкін. Жоғарыда айтқанымыздай, баға турист сақтандырғысы келетін сомасына — ол сома 10 мың және 50 мың еуро болуы мүмкін, болатын еліне және сақтандырылушы ол жерде болуды жоспарлаған күндер санына байланысты болады. Jusan Garant сайтында, мысалы, сақтандыру сомасы 50 мың еуро болатын, Түркияға 10 күнге арналған полис құны 3484 теңге тұрады. Бұл баға жеңілдікпен көрсетілген. Бұрын мұндай сақтандыру полисі 5000 теңгеге жуық болатын. Дәл осындай сомамен – 3484 теңгелік полис — Еуроодақ елдеріне арналған.

Егер емдеу қымбат тұрып, оған сақтандыру сомасы жеткіліксіз болса ше?

Емдеу шетелде қымбат болғандықтан, мұндай жағдай орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда, турист айырмашылықты өз есебінен төлейді. Сондықтан, біз өтемнің максималды сомасына медициналық сақтандыруды рәсімдеуді ұсынамыз, бұл, әрине, полистің құнына аздап әсер етеді, бірақ егер сақтандыру жағдайында сақтандыру сомасы жеткіліксіз болса, қалтаңыздан қосымша ақы төлеудің қажеті болмайды.

Сақтандыру алкогольдік мас күйде болу кезінде әрекет етпейді, дейтіні рас па?

Өкінішке орай, бұл шынымен де солай. Егер улану, жарақат алу немесе жазатайым оқиға турист мас болған кезде немесе есірткі, уытты немесе психотроптық заттардың әсерінен болса, сақтандыру компаниясы сақтандырылушыға төлем жасаудан бас тартады. Бұл сақтандыру компанияларының ережелерінде жазылған.

Сақтандыру жағдайы кезінде қайда жүгіну керек?

Егер шетелде дәрігерлердің көмегі қажет болса, ассистансқа қоңырау шалу керек – бұл сақтандыру компаниясының медициналық көмекті ұйымдастыратын өкілі. Ассистанс телефондары полисте көрсетілген. Егер Сіз олармен байланыса алмасаңыз және емдеу шұғыл қажет болса, онда Сіз жақын жердегі, кез-келген медициналық мекемеге жүгіне аласыз. Бірақ дәрігерлерге жүгінгеннен кейін үш күн ішінде сақтандыру жағдайы туралы ассистансқа немесе сақтандыру компаниясына хабарлаңыз. Клиникадан төлем туралы чектерді, тексерулердің расталған нәтижелерін және медициналық қорытындыны — сақтандыру жағдайының басталуын дәлелдейтін барлық құжаттарды алыңыз және үйге оралғаннан кейін оларды сақтандырушыға медициналық шығындарды төлеу үшін тапсырыңыз.

Саяхатшылар қандай себептермен сақтандыру бойынша медициналық көмекке жиі жүгінеді? Jusan Garant статистикасы бойынша бұл — суық тиіп ауыру, тамақтан улану және жарақат алу.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

50$ МЛРД АСТАМ ҚАРАЖАТТЫ ТШО ЖЕРГІЛІКТІ САТЫП АЛУҒА ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАДЫ

Келесі жаңалық

Кәлпе ауылында жаңа спорт нысандары ашылды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
Категориясыз

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

20 июля, 2026
«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
Категориясыз

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

20 июля, 2026
Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Категориясыз

Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
Кәлпе ауылында жаңа спорт нысандары ашылды

Кәлпе ауылында жаңа спорт нысандары ашылды

2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу

2 000 000-нан 3 500 000 теңгеге дейін: жазғы бизнеске бастапқы инвестицияларды есептеу

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев АЭС құрылысы туралы: Шешім әлі қабылданған жоқ…

Нұрлан Ноғаев АЭС құрылысы туралы: Шешім әлі қабылданған жоқ…

1 июля, 2021
inDrive пайдаланушылары қалааралық сапардың үздік жүргізушілерін таңдай алады

inDrive пайдаланушылары қалааралық сапардың үздік жүргізушілерін таңдай алады

21 ноября, 2024
«Жетісу» әйелдер волейбол командасы 9-шы рет Қазақстан чемпионы атанды

«Жетісу» әйелдер волейбол командасы 9-шы рет Қазақстан чемпионы атанды

12 марта, 2025

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.