Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жетісу облысы: өзгеріске толы үш жыл

admin by admin
8 июня, 2025
Жетісу облысы: өзгеріске толы үш жыл

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2022 жылы 8 маусымда Жетісудың жеке облыс болып қайта құрылған болатын. Осы үш жыл бойы аймақ әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары бойынша республикада үздік үштікке енді. Осы кезеңде облысқа 1,2 трлн теңге инвестициятартылды. Өңірде 712 мың гектар қайта айналымға кіріп, 500 мың гектардан астамы мемлекет меншігіне қайтарылды. Тұрғын үй құрылысы қарқын алып, 1 млн шаршы метр баспана салынды.Үш жылда әлеуметтік нысандардың 52 пайызы жаңарды. Қазіргі таңда 84 елді мекенге табиғи газ тартылды. Республикалық маңызы бар 500 шақырымға жуық жол реконструкциядан өтті, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

Назарларыңызға 10 басты жетістіктер қатарын ұсынамыз:

1. Инвестициялық сала мен өнеркәсіпте. 2022-2024 жылдары жалпы көлемі 135 млрд теңгеден асатын 135 жоба жүзеге асты. Осы кезеңде облысқа 1,2 трлн. теңге инвестиция тартылса, оның 796 млрд теңгесі – жеке инвесторлар қаржысы.

Бұл ретте Талдықорған қаласында өндіріс аккумуляторларын шығаратын«Asma industrial» ЖШС, «Жетісу Мажико агрокешені» өсімдік май зауытын, «Стальбетон» кірпіш зауытын, Кербұлақ ауданында құрылысы жүріп жатқан тау кен байыту комбинатынт.б. атап өтуге болады. Инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың арқасында 3,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

2.Көлік-логистика саласында.Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан «Қорғас»ШЫХО, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА, «Нұр жолы», «Достық»кедендік өткізу бекеттері, «Алтынкөл» станциясы жаңадан құрылған облыс экономикасының негізгідрайверіне айналды.

Бір ғана «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да құны 54 млрд теңгеден асатын 30 инвестициялық жоба іске қосылып, 1,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Қазіргі кезде жалпы инвестиция көлемі 629 млрд. теңгеден асатын 38 жоба жүзеге асырылу үстінде, оларда 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.  Олардың ішінде өндірістік әлеуеттері зор және экспортқа бағытталғанэел электр құрылғыларын, дайын металл өнімдерін, кофе өндіретінт.б. кәсіпорындар бар.

«Достық» станциясында да ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Автомобиль өткізетін жаңа пункт бой көтеріп, тәулігіне 1600 көлікке дейін жеткізілді. Жылына 3,9 млн тонна немесе 350 мың контейнер қабылдай алатын «Dostyk TransTerminal» және «Ett Dostyk» екі көпфункциялы жүк терминалы іске қосылды.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Президент тапсырмасымен Достық-Мойынты темір жол учаскесінің жол құрылысы биыл аяқталады. Учаскенің өткізу қабілеті тәулігіне 60 жұп пойызға дейін артады.

3. Агроөнеркәсіп кешенінде.Өңірде шығатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің 65%, атап айтқанда қант қызылшасы, жүгері, бидай, соя, ет, сүт өнімдеріөзімізде өңделеді. Десе де негізгі басымдықты қант өндірісіне аударып, тәтті түбір алқабы 3,3 есе ұлғайтылды. 13,7 мың гектардан өткен жылы шаруалар рекордтық 635 мың тонна рекордтық өнім алды. Өңірде төрт түлік саны еселеніп келеді.

Бүгінгі таңда облыста мал саны 2,5 млн-нан асса, соның 552 мың басы ірі қара, 2,0 млн. басы ұсақ мал, 224 мыңы жылқы.Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында55жаңаветеринарлық пункт салынды.

2022-2024 жылдар аралығында пайдаланылмай жатқан 1,2 млн гектар жер анықталды. Осы уақытта 712 мың гектар қайта айналымға қосылып, 500 мың гектардан астамы мемлекет меншігіне қайтарылды.

4. Тұрғын үй құрылысында.Соңғы үш жылда барлық қаржыландыру көздерінен 1 млн. шаршы метр баспана салынды. 5 мыңға жуық пәтерлі 85 көп қабатты үй және 182 жеке тұрғын үй бой көтерді. Облыс орталығынан бөлек аудандарда, ауылдарда жаңа ықшам аудандар пайда болды. Бұл ретте қабылданған жүйелі шаралардың арқасында облыс орталығында тұрғын үй кезегі 8,3%-ға төмендеді, ал биыл қаладағы 1400-ден астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.Бұған қоса Жетісу облысында апатты үйлер мәселесі 90 пайызға шешілді.

5. Газдандыру мен ауыз сумен қамту бойынша. Облыс құрылғанға дейін аймақта небәрі 5 елдімекен газдандырылса, қазіргі таңда олардың саны 84-ке жетті. Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарын газбен қамту үшін құрылысы жүріп жатқан «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбыры биыл салынып бітеді. Нәтижесінде облыста газдандыруға жататын 192 елдімекен көгілдір отынмен толық қамтылады.Алоблыстаорталық сумен қамту көрсеткіші –91,3%.

6. Жол құрылысы саласында.Республикалық маңызы бар 500 шақырымға жуық жол реконструкциядан өтті. Транзиттік әлеуеті зор «Талдықорған-Үшарал», «Үшарал-Достық» жолдары пайдалануға беріліп, «Сарыөзек-Көктал» тас жолы, оның ішінде Алтынемел асуының жолы жаңғыртылды. «Жаркент-Көктал» және «Жаркент-Қорғас» жолдарының негізгі учаскелері күрделі жөндеуден өткізілді. 30 жылдайжөндеу көрмеген «Үштөбе-Көпбірлік» автомобиль жолы қалпына келтірілді.

7. Туризм саласында.Жол қатынасының жақсаруы өңірде туризмнің дамуына серпін беруде. Балқаш көліне апаратын жолдың құрылысы аяқталады.Алакөл көліне дейінгі жол жасалып бітті. Үшарал әуежайының ұшып-қону алаңы ұзартылып, ірі ұшақтарды қабылдауға жағдай жасалды. Бұрханбұлақ сарқырамасына апаратын жолдың құрылысын бастауға қаржы бөлінді.Жасылкөлге дейінгіжол салына бастады.

Жалпыөткен демалыс маусымында облысқа келген туристер саны 2 млн. болды.

8. Әлеуметтік салада.Соңғы үш жылда әлеуметтік нысандардың 52 % жаңарды. 270 нысан бой көтеріп, күрделі жөндеуден өтті. Сарыөзек ауылында 250 адам қабылдайтын емхана іске қосылды.Инвесторлар Талдықорғанда онкологиялық орталық салады.

Денсаулық сақтау саласындаемдеу мекемелерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында облыстаөткен жылдан бері республикада бірінші болып ауылдық жерге келген дәрігерлерге 5 млн. теңгеден, қалаға келген дәрігерлерге 5 млн. теңгеден бір реттік көтерме ақы тағайындалды. Бүгінге дейін 110 дәрігерге көтермеақыберіліп, маман тапшылығы 20,3 %-ға азайды.

Үш жылда білім беру саласында 20 нысан салынды. Олардың 15-і – мектеп. Саладағы бейімделген ғимараттар саны 69-дан 39-ға азайды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында Жаркент қаласында 1200 орындық білім шаңырағы пайдалануға берілді.Достық станциясында салынып жатқан дәл осындай мектептің құрылысыаяқталуға жақын, биыл пайдалануға беріледі.Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен Талдықорғанның іргесіндегі Ынтымақ ауылында 1200 орындық мектеп ашылды. Ал қайтарылған активтер есебінен Панфилов, Кербұлақ аудандары және Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылында 3 мектеп құрылысы жүргізілуде.

Әлеуметтік қорғау саласына келсек, облыс құрылғаннан бері өңірде мүгедектігі бар адамдар үшін 774 нысан бейімделді, инватакси саны 2 есеге өсті, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласында 20 жаңа нысан ашылды. Солардың қатарында Алакөл жағалауындағы жазғы сауықтыру лагері, аймақтағы тұңғыш иппотерапия орталығы, белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары және балалар мен ересектерді оңалтуға арналған бірқатар заманауи орталықтарын атауға болады. Бүгінгі күні өңірде мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылымдарға қолжетімділік деңгейі 69%-ға жетті, бұл – еліміз бойынша үздік көрсеткіш.

9. Мәдениет және спорт саласында.Облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында 33 спорттық нысан пайдалануға берілді. Соның ішінде «Жетісу» кәсіби волейбол клубының оқу-жаттығу спорт кешені, сол сияқтыжеке инвесторлардың есебінен аталған клуб мүшелеріне арналған тұрғын үй, Үстел теннисі орталығы салынып, іске қосылды.Үш жылда өңірде 13 мәдени ошақ жаңадан тұрғызылды, соның бірі — Қаратал аудандық тарихи-өлкетану музейі. Сондай-ақ10 нысан күрделі жөндеуден өтті. Олардың қатарындаШоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалды кешеніде бар.

10. Абаттандыру мен көгалдандыру бағыты.Үш жылда өңірде 11 саябақ, 5 сквер және 2аллея салынды, 21 саябақ жөндеуден өтті. 360 мың түп көшет отырғызылды. Жыл соңына дейін тағы 60 мың көшет отырғызылады.Бұл ретте жыл басынан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына 17 мыңнан астам тұрғын қатысты. Сонымен қатар соңғы екі жылда өңірде 197 балалар ойын алаңдары абаттандырылды, биыл тағы 76 алаңды абаттандыру жоспарлануда. Аула аумақтарын абаттандыру бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілді. Мәселен, 2023-2024 жылдар аралығында 166 аула ағымдағы жөндеуден өтті. Олардың арасында Талдықорған қаласының 90-жылдардан бері жөндеу көрмеген «Ұлан» шағын ауданындағы аулалар да бар. Биыл тағы 51 аула абаттандырылады. Сондай-ақ 140 көпқабатты тұрғын үйдің шатырлары мен қасбеттерін жөндеу жоспарда бар.

Облыстың 3 жылдағы осы және өзге де өзгерістері туралы «Жетісу» телеарнасы фильм дайындағанын атап өтуге болады.

Мұның бәрі кешенді түрде алғанда өзендер өркетеген Жетісу өлкесінің халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, ең алдымен, экономикалық өсу, әлеуметтік бағдарлану, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру ісін одан әрі дамытуда әлеуеті зор екенін көрсетеді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фототілшілер: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев және фотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Ақтөбелік көпбалалы отбасы Jas tolqyn таланттар байқауында Гран-при иеленді

Келесі жаңалық

Jas tolqyn жарық жұлдыздары халықаралық сахнаға жол алуда

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
Категориясыз

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

15 апреля, 2026
Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
Категориясыз

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

15 апреля, 2026
Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді
Категориясыз

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

15 апреля, 2026
Дәстүрге оралу: жергілікті мерекелер сұраныстың драйверіне қалай айналуда
Категориясыз

Дәстүрге оралу: жергілікті мерекелер сұраныстың драйверіне қалай айналуда

15 апреля, 2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ
Категориясыз

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

14 апреля, 2026
Қазақмыста қауіпсіздікті күшейту үшін автоматты медициналық тексеру жүйесі енгізілуде
Категориясыз

Қазақмыста қауіпсіздікті күшейту үшін автоматты медициналық тексеру жүйесі енгізілуде

14 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Jas tolqyn жарық жұлдыздары халықаралық сахнаға жол алуда

Jas tolqyn жарық жұлдыздары халықаралық сахнаға жол алуда

Билет жоқ па? MyBuh Forum 2025 онлайн қараңыз — тіркелу тегін!

Билет жоқ па? MyBuh Forum 2025 онлайн қараңыз — тіркелу тегін!

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ЖОБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ЖОБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

19 апреля, 2025
Мағыналы үзіліс: Nestlé-ден жаңа KitKat  — жақындарға және Жер-анаға қамқорлықпен

Мағыналы үзіліс: Nestlé-ден жаңа KitKat — жақындарға және Жер-анаға қамқорлықпен

30 июля, 2025
Қазақстанда кейінгі тәулікте 20 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 20 адамнан коронавирус анықталды

16 апреля, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
  • Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
  • Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.