---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/06/04/vtb-%d2%9baza%d2%9bstan-bas%d2%9barma-%d2%9b%d2%b1ramyn-ke%d2%a3ejtti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ВТБ (Қазақстан) Басқарма құрамын кеңейтті

![ВТБ (Қазақстан) Басқарма құрамын кеңейтті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/06/foto_olesya-akylova-scaled.jpg)

**ВТБ (Қазақстан) Директорлар кеңесі Олеся Акылованы Басқарма мүшесі етіп сайлады және  Басқарма төрағасының орынбасары етіп тағайындады. Ол жаңа лауазымда банктің Орта және шағын бизнес блогын стратегиялық дамыту мен операциялық басқару үшін жауапты болады.**

Олеся Акылова С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған. Банк саласында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, оның 13 жылы ВТБ тобында. 2022 жылдан бастап ВТБ (Қазақстан) корпоративтік клиенттермен жұмыс бойынша департаментін басқарады.

«Олеся Акылованың Басқарма құрамына қосылуы банктің стратегиялық басымдықтарына сәйкес келеді. Оның біздің дамуымыз үшін маңызды болып табылатын орта және шағын бизнес сегментін басқарудағы сараптамасы, сондай-ақ корпоративтік бағыт бойынша терең түсінігі банктің нарықтағы позициясын нығайтуға және алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ВТБ (Қазақстан) Басқарма төрағасы **Дмитрий Забелло**.

ВТБ (Қазақстан) Басқармасының құрамына сондай-ақ, Басқарма төрағасы Дмитрий Забелло, Қаржы департаментінің директоры Анастасия Нелина және Тәуекелдер департаментінің директоры Дмитрий Цыкунов кіреді.

---

Жарияланды: 2025-06-04T11:13:08+06:00

Жаңартылды: 2025-06-04T11:13:08+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/06/04/vtb-%d2%9baza%d2%9bstan-bas%d2%9barma-%d2%9b%d2%b1ramyn-ke%d2%a3ejtti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.