Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Жетісу облысына – 3 жыл: ауылда тұратын 84 отбасы үйлі болды

admin by admin
2 июня, 2025
Жетісу облысына – 3 жыл: ауылда тұратын 84 отбасы үйлі болды

Жетісу облысында Халықаралық балалар күніне орай ауылдық жерлерде тұратын 84 отбасы баспаналы болды. Атап айқтқанда, Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында және Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында кезекте тұрғандарға жаңа пәтердің кілті тапсырылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

Павлодарлық студенттер сирек кездесетін құс тұқымдарын өсіруде

Visa Тарек Махмудты Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка елдері бойынша өңірлік президент ретінде тағайындады

Атырау-Дубай бағыты бойынша рейстердің уақытша тоқтатылуы

Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында жеке құрылыс салушылар есебінен көп қабатты үй салынып, бұл үй апатты үйлердің мәселесін шешу үшін бюжет қаржысына сатып алынды. Көп қабатты үйде 30 үш бөлмелі, 15-тен бір және екі бөлмелі пәтер бар. Сөйтіп апатты үйлердің тұрғындары ретінде кезекте тұрған 60 отбасы жаңа пәтерге ие болды.

— Апатты үйде отбасымызбен тұрып жатқанымызға 22 жыл болды. Екі бөлмелі пәтерде жеті адам тұрдық. Кезегіміз келіп, үш бөлмелі жаңа пәтерге қол жеткізіп, бүгін Балаларды қорғау күнінде қоныстойын тойлап жатырмыз. Бұл – балаларым мен немерелерім үшін, бүкіл отбасымыз үшін – үлкен қуаныш, — дейді Сарыөзек ауылының тұрғыны Клара Шканова.

Атап өтсек, облыс құрылғаннан бері Кербұлақ ауданында 320 отбасыға үй берілді. Бұл ретте биыл ауданда жоғарыда аталған 60 жаңа қоныс иесін  қоса алғанда, 400-ге жуық отбасын тұрғын үймен қамту жоспарланған.

Мерекелік қуанышты Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының тұрғындары да атап өтті. Мұнда 24 пәтерлі көп қабатты үйдің кілті кезекте тұрған әлеуметтік осал санаттағыларға, көп балалы отбасылар мен жетім балаларға табысталды.  Олардың ішінде төрт баланың анасы Анаргүл Бижанова да бар:

— Тұрғын үйге кезекте 5 жыл тұрдық. Төрт баламыз бар. Бүгін отбасымызбен өз баспанамызға ие болдық. Пәтер кілтін Балаларды қорғау күнінде қолымызға алып отырмыз. Бұл мемлекеттің өскелең ұрпаққа деген қамқорлығының айқын үлгісі деп білеміз, — деп ой бөлісті А. Бижанова.

Осы орайда 3 жыл ішінде Ақсу ауданының Жансүгіров, Қапал және Матай ауылдарында 117 отбасы жаңа қонысқа кірді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Атап өтсек, облыс құрылғаннан бері өңірде барлық қаржыландыру көздері есебінен шамамен 1 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында кезекте тұрған 5735 азамат жаңа қонысқа ие болды, бұл ретте биыл тағы 2026 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді Ақсу, Кербұлақ аудандарының әкімдіктері ұсынды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Балаларды қорғау іс жүзінде: Жаңа адамдар Алматыдағы жосықсыз мердігерлер үшін ChatGPT ұсынған жөндеу нұсқаулығын орнатты

Келесі жаңалық

Алматыда алғаш рет жастарға арналған тегін TikTok мектебі ашылады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Павлодарлық студенттер сирек кездесетін құс тұқымдарын өсіруде
Категориясыз

Павлодарлық студенттер сирек кездесетін құс тұқымдарын өсіруде

20 июня, 2025
Visa Тарек Махмудты Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка елдері бойынша өңірлік президент ретінде тағайындады
Категориясыз

Visa Тарек Махмудты Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка елдері бойынша өңірлік президент ретінде тағайындады

20 июня, 2025
Атырау-Дубай бағыты бойынша рейстердің уақытша тоқтатылуы
Категориясыз

Атырау-Дубай бағыты бойынша рейстердің уақытша тоқтатылуы

20 июня, 2025
Топан су басса да: жазғы демалыс кезінде пәтерді қалай қорғауға болады
Категориясыз

Топан су басса да: жазғы демалыс кезінде пәтерді қалай қорғауға болады

20 июня, 2025
Huawei MWC Shanghai 2025 конгрессінде телекоммуникация саласының төрт өсу жолын белгіледі
Категориясыз

Huawei MWC Shanghai 2025 конгрессінде телекоммуникация саласының төрт өсу жолын белгіледі

20 июня, 2025
Мұнай-газ химиясы: Қазақстан 15 млрд АҚШ долларын инвестициялайды – жаңа индустрия 19 000 жұмыс орнын ашады
Категориясыз

Мұнай-газ химиясы: Қазақстан 15 млрд АҚШ долларын инвестициялайды – жаңа индустрия 19 000 жұмыс орнын ашады

19 июня, 2025
Келесі жаңалық
Алматыда алғаш рет жастарға арналған тегін TikTok мектебі ашылады

Алматыда алғаш рет жастарға арналған тегін TikTok мектебі ашылады

Қазақстандықтар арасындағы достық байланыстар қаншалықты берік? ҚСЗИ әлеуметтік сауалнама деректерін жариялады

Қазақстандықтар арасындағы достық байланыстар қаншалықты берік? ҚСЗИ әлеуметтік сауалнама деректерін жариялады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қызметінен босатылуы мүмкін

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қызметінен босатылуы мүмкін

5 сентября, 2023
Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Шалабековке қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Шалабековке қатысты үкім өзгеріссіз қалды

5 сентября, 2021
Қазақстандық студенттер Қытайда өткен Huawei ICT Competition 2024–2025 халықаралық финалында үш жүлделі орынға ие болды

Қазақстандық студенттер Қытайда өткен Huawei ICT Competition 2024–2025 халықаралық финалында үш жүлделі орынға ие болды

27 мая, 2025

Топ жаңалықтар

  • Қазақстанда деменцияны емдеу жөніндегі ұлттық стратегияның жобасы ұсынылады

    Қазақстанда деменцияны емдеу жөніндегі ұлттық стратегияның жобасы ұсынылады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Астанада алғашқы рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық форум-көрмесі өтеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда өткен тәулікте 260 адам коронавирус жұқтырған

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Павлодарлық студенттер сирек кездесетін құс тұқымдарын өсіруде
  • Visa Тарек Махмудты Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка елдері бойынша өңірлік президент ретінде тағайындады
  • Атырау-Дубай бағыты бойынша рейстердің уақытша тоқтатылуы

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.