---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/05/29/park-live-almaty-ke%d2%a3ejip-zhatyr-lajn-ap%d2%9ba-robbie-williams-%d2%9bosyldy-%d3%99nshi-festivaldi%d2%a3-%d2%9bosymsha-k%d2%afninde-hedlajner-bolady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Park Live Almaty кеңейіп жатыр: лайн-апқа Robbie Williams қосылды. Әнші фестивальдің қосымша күнінде хедлайнер болады

![Park Live Almaty кеңейіп жатыр: лайн-апқа Robbie Williams қосылды. Әнші фестивальдің қосымша күнінде хедлайнер болады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/05/dsc2815-copy-scaled.jpg)

Орталық Азиядағы ең ірі музыкалық шара — Park Live Almaty биылғы фестиваль тағы бір күнге созылатынын хабарлады. Осылайша фестиваль 4–7 қыркүйек аралығында өтеді. Қосымша күннің хедлайнері — британ әншісі**Robbie Williams**болды.

Қазір Park Live Almaty фестивалінде өнер көрсететіндер қатарында**Marilyn Manson, Röyksopp, Alan Walker, Apashe, Brass Orchestra**мен**Elderbrook**бар. Фестиваль лайн-абын құру кезінде, тап былтырғыдай, әр орындаушының ерекшелігі мен мәдени маңызына мән берілді. Қонақтарды төрт күн бойы әлемдік деңгейдегі хедлайнерлер, фестиваль серіктестері құрған ойын-сауық алаңдары мен түрлі тосынсый күтіп тұр. Былтыр Park Live Almaty-ға 35 мыңнан аса адам келген! 

**4 қыркүйек********Robbie Williams**

Британ музыкасының алыбы, бірнеше толқынның үніне айналған әртіс. Robbie Williams — әйгілі Take That бойбэндінің бұрынғы мүшесі әрі поп-музыка тарихындағы ең табысты әртістің бірі. Оның*Angels*,*Feel*және*Rock DJ*әндерінің әрбірі 2000 жылдардың басында әнұранға айналып, әлі күнге дейін стадиондарда, фильмдер мен ғашықтартың плейлисінде шырқалып жүр. Оның*Intensive Care*туры Гиннестің рекордтар кітабына енген — небәрі бір тәулікте 1,6 миллион билет сатылып кеткен! 

2025 жылы Robbie Williams британ музыкасының 90-жылдардағы алтын дәуірінен шабыт алған*Britpop*атты альбомымен сахнаға оралды. Тони Айоммимен бірлесе жазған алғашқы*Rocket*синглі қазірдің өзінде хитке айналып үлгерді. Бұл әнді Park Live Almaty сахнасынан тыңдауға болады.

**Park Live Almaty — музыкаға ғашық мыңдаған адамды баураған мекен.**

📍**4–7 қыркүйек, Алматы, Бірінші мамыр тоғаны******🎟 Билеттер:[park.live](https://park.live)📱 Әлеуметтік желілер: [**Instagram**](https://www.instagram.com/parklivealmaty)**|**[**Telegram**](https://t.me/parklivealmaty)**|**[**Facebook**](https://www.facebook.com/parklivealmaty/)**|**[**ВКонтакте**](https://vk.com/parklivealmaty)

 

---

Жарияланды: 2025-05-29T11:41:34+06:00

Жаңартылды: 2025-05-29T11:41:34+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/05/29/park-live-almaty-ke%d2%a3ejip-zhatyr-lajn-ap%d2%9ba-robbie-williams-%d2%9bosyldy-%d3%99nshi-festivaldi%d2%a3-%d2%9bosymsha-k%d2%afninde-hedlajner-bolady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.